Баяндама «Білімді де өнегелі жастар – мәңгілік ел болашағы»


«Степногорск қаласының білім беру бөлімі» ММ

А.П.Гайдар атындағы №8 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Абищаева Эльмира Аққазқызы

   Бүгінгі жас болашақ – Қазақстанның жанды бейнесі. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді де өнегелі жастар. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату ұстаздардың  міндеті  болып саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының білімді, өнегелі ұрпақ болып жетілуіне күш салып келеміз. Қазіргі таңда Елбасымыз әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасаған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Осындай текті ұлттың жас ұрпақтарының баға жетпес байлығының бірі – тілі. Қазақ тілі – кемел тіл. Тілдің кемелділігін көрсететін негізгі белгілердің барлығы да қазақ тілінің құрылым жүйесінен толық табылады.

Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – өзіндік сөздік қоры мол жинақталған, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі.

Еліміз егемендік алғаннан  бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің  осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын  барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы  ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарында, мемлекеттік  қызмет пен қоғамдық-саяси саласында  қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттіліктеріне айналдыру.

Бағдарламаның мақсаты  қазақ тілі мұғалімдері мен  тіл үйрету орталықтары негізінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тілімізді өзге ұлт өкілдеріне меңгерту қазақ тілі пәні мұғалімдеріне үлкен міндет жүктейді. Ол мұғалімнен көптеген ізденісті талап етеді. Білім беру барысында алдыма қойған мақсатым – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы мемлекеттік тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастырып,  тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуіне, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, оның сөйлеу, жазу тілін дамыту – өте қиын және жауапты іс. Әрбір сабақтың мазмұнына сай оқытудың озық технологияларын қолданып оқытқанда ғана басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін ынтамен оқуға, меңгеруге, ауызекі сөйлеуге, сауатты жаза білуге үйретеміз. Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ солардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.

 Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  «Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері» атты әдістемелік құралда(метод.пособ)

Толығырақ…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *