Нұрымова Гүлнәр Байелдіқызы


Аты-жөні: Нұрымова  Гүлнәр Байелдіқызы

Қызметі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі

Жұмыс орны: «Константинов  орта мектебі»  ММ

Мекен жайы: Ақмола  облысы  Аршалы ауданы

Педагогикалық тәжірибесі: 26 жыл

Санаты: бірінші

%d0%b7%d0%b0%d1%8f%d0%b2%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-3-001

Педагогикалық өмірбаяны

Мен,  Нурумова  Гульнар Байэльдиновна,  Қарағанды облысы Молодежный ауданында  Тельман аулында    7 сәуірде 1968 жылы дүниеге келдім.

1975 жылы  Целиноград облысы  Вишневка ауданы  Константинов ауылында Константинов орта мектебіне 1  сыныпқа оқуға бардым. 1985  жылы   10  сыныптан кейін Целиноград қаласында Ә. Майқұтов  атындағы  пед. училищесіне  оқуға  түсіп,  1987 ж.  балабақша тәрбиешісі  маманы болып бұл оқу орнын аяқтадым.  Сол жылы  ауылға оралып,   7 жыл балабақшада жұмыс істедім.   1998  ж.  Константинов орта мектебіне қазақ  тілі мұғалімі  ретінде    жұмысқа орналастым.   2001  ж.  Астана қ. Л.Гумилев атындағы  Евразиялық Ұлттық  Университетіне  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі факультетінің сырттай оқу  бөліміне оқуға түстім.  2004 ж.  аталған оқу орнын аяқтадым.

Жалпы  педагогикалық  еңбек өтілім 26  жыл,  қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі  ретінде 18 жыл.   15  жыл  І  санатты  мүғалім болып жұмыс істеймін.

Жұмыс барысында  көптеген Марапаттау  ,алғыс хаттарымен  марапатталдым.

1988  ж.  аудандық  Білім бөлімінің Алғыс хаты мен ақшалы сыйлық, Алматы қ.  12 –күндік  шипажайға жолдама.

1999 ж.   аудандық ББ  Мадақтау қағазы/  аттестация нәтижесі  бойынша/

2000ж.  аудандық ББ   Мадақтау  қағазы  / аудандық пән олимпиадасында  екі  оқушым  Әлішпекова  А,Палагута Т.   ІІ,ІІІ  жүлделі орын алған үшін/

2006 ж.   аудан әкімінің  Алғыс хаты./  Сайлау  барысында   аудан бойынша  ең  үлгілі хатшы болған үшін/

2008ж.   аудандық  ББ   Марапаттау қағазы./  ҰБТ  нәтижесі бойынша/

2010ж.  аудандық  ББ  Марапаттау қағазы  ,  Ақмола облысының  Білім  Департаментінің

Марапаттау  қағазы,  Аршалы  ауданының әкімінің Алғыс хаты./  11 с. оқушысы  Потатаева А.  облыстық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ  орын алды  және ҰБТ  тапсырғанда қазақ тілінен 25  ұпай  алған  үшін/

2011ж.  Ауыл әкімінің  Алғыс хаты, Аршалы ауданы әкімінің Марапаттау қағазы./ Аудандық  көркем өнерпаздар  байқауында  жүргізуші  болдым/

2012 ж.  аудандық ББ  Марапаттау қағазы  ,  Аршалы ауданы  әкімінің Алғыс хаты мен  ақшалы сыйлығы./  ҰБТ  тапсырғанда 11  сынып  оқушыларым  аудан көлемінде ең  жоғары  ұпай  алған /

2014ж.   Аршалы  ауданының  Тілдер  мен мәдениет  дамыту орталығы басшыларының  Мадақтау қағазы ,  аудандық ББ   Марапаттау қағазы./ 11с.  оқушысы  Жүнісова А.   аудандық  мемлекеттік  тілде шығарма жазу  сайысында   І орын алды/

2015ж.  аудандық ББ  Мадақтау қағазы ./  9  сынып оқушыларым  Жеңістің  70-жылдығына  арналған аудандық сайысында  ІІ  жүлделі  орын алды/

2016.ж.   Аршалы ауданының Тілдер мен мәдениет  дамыту  орталығының  Алғыс хаты  мен Мадақтау қағазы.  /  11 с. Оқушысы Гельд  Н.  «  Сен және мен  қазақша сөйлейміз»  сайысында   ІІ  жүлделі  рынға  иеленді/.Облыстық  ғылыми –практикалық конференцияда « Мәңгілік Ел.  Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу»  баяндама оқыған үшін  сертификат пен Алғыс хат.

Әдістемелік   жұмыс  тақырыбым: «  Инновациялық  технологиялар  қолдану арқылы  оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру»

Тәрбиелік  тақырыбым:  «  Қазақстандық  , ұлттық   патриотизм тәрбиелеу»

Өмірдегі және жұмыстағы  ұстанымым:  «  Жақсыдан  үйрену, жаманнан жирену, шәкірттеріме  тек адал  ұстаз болу емес,  дос болу  »

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *