«Химия және биология пәндерінен білім сапасын көтеру барысында интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі»


Такенова Сауле Тұрсынқызы

І санатты химия және биология пәндерінің мұғалімі

Атбасар қаласы № 6 орта мектебі

 «Химия және биология пәндерінен білім сапасын көтеру барысында интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі»

« Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтын қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры  –  ұзтаздардың қолында» .

Бүгінгі күні педагогикалық қоғамдастың алдында білім берудің жаңа моделін құруның міндеттері түр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері – дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы.

Сол себептен, мектеп қабырғасында жүрген оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу – мұғалімнің міндеті. Осыған орай биология және химия пәндеріне оқушылардың білімге ынтасын арттыру мақсатымен әр-түрлі ақпараттық технологияларды пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізуге көңіл бөлемін.

Жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір көзі-жас ұрпақты тәрбиелеп, оқытуда инновацияны пайдалану. Бүгінгі таңда инновацияның түрі-компьютерді, электронды оқулықтарды, мултемедиялық құралдарды, интерактивті құралдарды пайдалану.

Негізгі мақсатым: дәстүрлі емес сабақ өткізу кезінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және білім сапасын көтеру. Жұмыс жоспарым: І кезең – әр түрлі әдіс-тәсілдерді және жаңа технологияларды пайдалану; ІІ кезең – мониторинг; ІІІ кезең – жұмыстың нәтижелері.

Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу-ағарту саласында технологиялық жаңа әдістерді кең көлемінде қолдануды қажет етеді. Күнделікті сабақта компьютерді пайдалану – заман талабы. Осыған орай мен де әр түрлі технологияларды пайдаланым: ақпараттық коммуникативті технология; денгейлік тапсырмалар; сызбанұсқалармен; проекті технологиялар.

Оқыту әдіс кезінде ақпаратты технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың дұрыс бағытының бірі – компьютерлік модельдеу, имитация, виртуалды стенд және интерактивті тақтамен жұмыс.Бұл бағыт оқушыларға нақты құбылыстар мен объектілерді зерттеудің құралын айқындауға себебін тигізеді.

Оқыту мотивациясы мен оқушылардың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін де электрондық оқу ойындарының алар орны ерекше. Оқушыны өзіндік жұмысқа бағыттай отырып, олардың танымдылық белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылау мен өздік жұмысты орындату арқылы оқытудың сапасын жақсартып, оқуға деген қызығушылығын арттыруға да себебін тигізеді.

Қойылған мақсаттарыма сүйене отырып сабақтарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданам. Бұл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар өздіктеріне салыстыруға, талдауға, анализдеуге, өз пікірін еркін айтуға, болжауға, ойлау қабілеттерін нышандауға, жинақтауға үйренеді.

Жоғарыда қойылған мақсаттарыма қол жеткізу барысында оқушылардың білім деңгейін кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін «Адам және оның денсаулығы» деген 10 сыныпқа арналған қолданбалы курстың бағдарламасын құруды жөн көрдім.

Курстың мақсаты: оқушылардың биологиялық түр ретінде биосферадағы орнын; адам организмнің құрылысы мен мүшелердің қызметін; адам денсаулығын сақтайтын және нығайтатын факторларды; қолайсыз экологиялық жағдайларының әсерін; адам жеке гигиенасының негізгі ережелерін білу тиіс. Жеке түлға ретіндегі шығармашылық қабілетін ояту, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуға үйрету, білімдерін жетілдіру және ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, сөйлеу мәдениетіне, денсаулығын күтуге тәрбиелеу және мамандықты таңдауына игі әсер ету.

Қолданбалы курс сабақтарында  оқушылар топқа бөлініп, компьютер мен интерактивті тақтаны пайдаланып проекттер жасайды. Мысалы, «Тыныс алу жүйесі және аурулары» тақырыбы бойынша, бір топ Қазақстанның экологиясына байланысты пайда болған тыныс алу ауруларына интернеттен ақпарат жинап, презентация түрінде аурулар туралы және оларды емдеу жолы мен сақтану шараларымен таныстырып және интеративті тақтада флипчарттар жасаса, екінші топ экологиямен байланысты жиі кездесетін жергілікті ауру – тыныс демікпеге жоба жасап көрсетті. Осындай практикалық жолмен алған білімдері оқушының есіне жақсы сақтауын, өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады және оқушылардың білім сапасына, оқудың нәтижесіне ықпалын тигізді деп ойлаймын. Осындай қызықты тиімді сабақтардың қорытындысы олипиадаларға  дайындалу кезінде де көмек  болады.  Мысылы, 2013 жылы биология пәнінен аудандық олимпиадада бір оқушым екінші орынға ие болды, және қолданбалы курста, жоғарыда айтылған тақырып бойынша осы оқушы ғылыми жоба жасап, облыста өткен Регионалдық байқауда ғылыми бағыты бойынша үшінші орынға ие болды. Тағы бір жетістігім – бір оқушым биология пәнінен алтын белгі иегері, ал бір неше оқушылар грант бойынша оқып жатыр.

Тәжірибе жүзінде келетін болсақ, оқушылар оқулықтан өз беттерімен оқып және қосымша әдебиеттерден немесе оқытушының түсіндірмесін тыңдап қана қоятын болса, терең білімге қол жеткізе алмайды. Сондықтан оқушыларды өз беттерімен жұмыс істей білуге итермелеу, үйрету біздің міндет. Мұғалім көзімен қарайтым болсам, менің тарапымнан не қажет деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа жауабым келесі болды. Оқушыларға жұмыс дәптері қажет. Айтып өткендей 10 сыныпқа арналған қолданбалы курсы бойынша жұмыс дәптерін құруды қолға алдым. Нәтижесінде оқу процесін шығармашылық деңгейге көтере алатын бүтіндей жүйе болып табылатын жұмыс дәптерін құрдым. Жұмыс дәптерін жаңа материалды меңгергенде, үй тапсырмасын әзірлегенде, білімдерін тексеру және бекіту үшін қолдануға болады. Бұл дәптердің көмегімен өздік жұмыс орындауға немесе топ болып берілген тапсырманы орындауға болады.

Жұмыс дәптері «Адам және оның денсаулығы» курсының тақырыптары бойынша лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар, тексеру жұмыстар, сызбанұсқалар, кестелер, тест материалдарынан тұрады. Осы дәптердегі тапсырмалар бойынша интерактивті тақтаны пайдалана отырып флипчарттар қорын құрдым және биология сабақтарында қолданамын, сабақтар өте тиімді өтеді.

Айтқандай, теориялық білімдерін практикада қолдануы үшін, өз білімдерін толықтыра түсуі үшін жұмыс дәптерін құрастырумен шектелмедім. Сондай-ақ, осы курс бойынша мұғалімдерге әдістемелік нұсқау құрастыруды да жөн санадым. Бұл әдістемелік нұсқаудың өз әріптестеріме тиімді жұмыс жасауларына көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Келесі бір жұмыс түрім химия пәніне қызығушылық арттыру барысында оқушыларға сабақта пайдаланатын жалпы өмірлік құзыреттілік тапсырмалар – «Медицинадағы бейорганикалық  заттар» деген жиынтығы болып табылады. Бұл құралдың ішінен мысал келтіре кететін болсам, дәрі-дәрмектің құрамы бойынша және ерітінділер дайындауға байланысты қызықты есептер, тәжірибелер жинақталған.Осы жиынтық бойынша тағы да  флипчарттар қорын дайындадым.

Электронды оқулықтың тиімділігіне келетін болсақ, оқушы екі жақты білім алады. Біріншіден, пәндік білім алса, екіншіден, компьютерлік білімін толықтырады. Электронды шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикалық мазмұнды мәліметтермен толықтыруына мүмкідіктер береді. Ал компьютермен жұмыс баланың танымдық қабілетін дамытып, өркениетті елдермен қарым-қатынаста болып, олар жайлы мәліметтерді тануға, жаңа ақпараттық, статистикалық мәлімет-хабарлармен танысуға жағдай тудырады.Сондықтан, алдағы оқытудағы инновацияны өзім биология және химия сабақтарында жиі пайдаланамын. Оған біздің мектепте толықтай мүмкіндік бар. Кабинет толық жабдықталған, интерактивті тақтамен де, электрондық оқулықтармен де сабақ кезінде жұмыс істеімін. Интерактивті тақтамен жұмыс орындағанда алдын ала әр сабаққа флипчарт дайындаймын, әр түрлі тапсырмалар, тестілеу, тексеру жұмыстар, топпен , тренажерлармен, жеке тапсырмалар   дайындаймын.

Көп жылғы тәжірибеме сүйенетін болсам, электрондық оқулықтармен де сабақ өткізу тиімді және оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артатына және білім сапасына әсер ететіне көз жеткіздім.Мысалы: кейбір тапсырмаларды жарыс, ойын түрде өткізуге болады, ол үшін флипчартқа презентациялар енгізуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып әр-түрлі тренажорларды пайдалануға болады. Тестілуеді арнайы аспаптар, яғни тестерлармен өткізуге өте тиімді және қолайлы және бағалау кезіңінде де ыңғайлы. Сабақтың әр кезеңінде әр-түрлі тапсырмаларды құруға болады.

Тоқсанның соңында оқушылардың бағаларын «рейтинг баспалдағына» белгілеймын. Бұл оқушылардың өзінің білімін бағалауға  және болашақта жақсартуға мүмкіншілігін көрсетеді. Өткен оқу жылдарымен оқушылардың білім сапасын салыстырсақ қазір ақпараттық технологиялар пайдалану кезіндегі сапасы жоғары екені дәлел болды.

Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ло мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық талпынысы, өз жұмысында заманға сай сабақ кезінде жаңа технологияларды қолдануы және қолданбалы курстар, факультативтік сабақтар да оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге, дарынды балалармен жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олимпиадаларға дайындауға шама береді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін тереңдетеді және мамандық таңдауға сонымен қатар Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалуға мүмкіндік береді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *