Дулыбаева Каламкас Алпысовна


Аты-жөні:Дулыбаева  Каламкас Алпысовна

Қызметі:Математика  пәнінің  мұғалімі

Жұмыс орны:Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Мекен жайы:Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылы

Педагогикалық тәжірибесі:5 жыл

Санаты:Қазіргі уақытта 2  санатты, бірінші  категорияға ұсынушы ұстаз

Марапаттар:1.Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік жас мұғалім-2015» аудандық сайыстың 1 турында 2 орын.

2.Қостанай облысы Жангелдин ауданы «Біздің Торғай»  аудандық редакциясының ұйымдастыруымен  Қазақстан Халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Менің Елім-Мәңгілік Ел»  атты шығармашылық байқауында 3 орын.

3.Қостанай білім бөлімі марапаттау қағазы 2016 ж

4.Алматы қаласы  «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар сайысында  «Ғылыми-ізденіс  жобаларын ұйымдастырудың  үздік әдіс-тәсілдер жүйесі» бағытында 1 орын   диплом. 25.08.2016 ж

  1. Дистанционный олимпиада «Знаника» сертификат 1 орын. 2016ж
  2. «Мәңгілік Ел-біздің мұратымыз» атты республикалық эссе конкурсы сертификат 2016ж
  3. «Педагогический дебют-2016» сертификат
  4. Алғыс хат халықаралық «Кругозор» проектісі 2016ж
  5. V халықаралық ғылыми-практикалық конференция Сертификат  2016 ж
  6. 10. «Жарқын белес» сертификатталған мұғалімдердің үшінші, төртінші онлайн форумдарына қатысушы  Сертификат 2015,2016ж.ж
  7. Демиург педагогикалық олимпиадасының қатысушысының сертификаты  2016 ж
  8. Халықаралық Инфоурок сайтының ұйымдастырумен болған олимпиадаларға қатысушы сертификат, финалдық олимпиадаларға қатысушы оқушылар дайындағаны үшін алғыс хаттар
  9. Общественный фонд «Билимкана», Кыргизская Республика Сертификат курс «Формативное оценивание» , 21.10.2015ж

 

Педагогикалық өмірбаяны

Мен, Дулыбаева Каламкас  Алпысовна   Қостанай  облысы  Жангелдин ауданы  Жаркөл  ауылында  дүниеге  келдім. Орта  мектепті  аяқтағаннан  кейін  2007-2011 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  математика  пәні  бойынша  білім алдым. Институтты  аяқтағаннан кейін  2011-2013 жылдар аралығында   Ақмола  облысы  Жақсы ауданында  Жақсы №1 орта мектебінде  математика  пәнінің  ұстазы  болып  жұмыс атқардым.  Отбасылық  жағдайларыма  байланысты  2013-2014 оқу жылынан  бастап  Қостанай  облысы  Қостанай ауданы Заречный  ауылындағы  Мемлекеттік  тілде оқытатын  Заречный  орта  мектебінде  жұмысымды  ауыстырдым. Қазіргі уақытта  аталған  мектепте  еңбек  жолымды  жалғастырудамын. Мектебім ашылғанына   биыл  5 жыл болса  да  ұстаздары   жаңашыл, еңбекқор, ұйымшыл. Оқушылары  алғыр, шығармашыл  шәкірттер  жинақталған. Мектепте   мен  2 жыл қатарынан 11-сынып  оқушыларын  ҰБТ-ге  қатыстырып, жоғарғы нәтиже көрсете білді. Айта кетер болсам, 2014-2015 оқу жылындағы  түлектердің  математика  пәні бойынша білім сапасы – 77 % , ал 2015-2016  оқу жылындағы  түлектердің математика  пәні  бойынша білім сапасы – 68 % құрады. Әрине бұл  мен сияқты  жас  маман үшін үлкен  нәтиже деп есептеймін.

Оқушыларға  білім беріп олармен  дос ретінде сырласа білу менің  басты мақсатым. Сабақпен  қоса  мен  мақала  жазып, бұқаралық  ақпарат құралдарына  мақалаларымды  жариялауды  да  өзіме әдет қылып келемін. Себебі  кез келген  мұғалім жан-жақты бола білуі  керек  емес пе?!  Сол жазған мақалаларыма тоқтала кетер болсам,

  1. «Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жылдығына  арнау»  04.2015  «Арна»  аудандық танымдық басылым
  2. «Мәңгілік Ел-біздің болашағымыз» 05.2015  «Өрлеу» -Қостанай  дауысы
  3. «Мен атамды мақтан  етемін»     05.2015         «Өрлеу» -Қостанай  дауысы
  4. «Талабы таудай  Дамир»        06.2015   «Арна»  аудандық танымдық басылым
  5. «Мәңгілік Ел-менің елім» 07.2015  «Біздің  Торғай»   аудандық  басылым
  6. «Бала болашағы  біздің  қолымызда»   09.2015 ж   «Учительская плюс»  облыстық басылым
  7. «Жырға құмар жас талант»   10.2016   «Арна»  аудандық танымдық басылым
  8. «Кішкентай талант иесі»  04.2016 «Арна»  аудандық танымдық басылым
  9. «Сындарлы оқыту  әдістері –жоғары  сапа кепілі»    05.2016  «Учительская плюс»  облыстық басылым
  10. «Байланыс мықты  болса, еңбек  жемісті  болады»   11.2016  «Арна»  аудандық танымдық басылым

Қашықтық  олипиадаларға  да қатысқанды  ұнатамын. Өз білімімді  жан-жақты  жетілдіруге  белсене  атсалысудамын  десем  артық  айтқаным емес. Мысалы Инфоурок сайтының  олимпиадаларына  қатысып келемін.  2015-2016  оқу жылында осы қашықтық олимпиадаға  2 оқушым  қатысып, оның  бірі екінші  финалдық  олимпиадаға  қатысуға  жолдама алды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе деп білемін.

Өзім  2015-2016 оқу  жылында  3 базалық  деңгейді  сертификатталған  мұғалім  атағын алдым. Сабақтарымды  не ғұрлым қызықты  әрі  сапалы  өткізу  менің  басты  парырызым  деп санаймын. Түрлі әдіс тәсілдерді  ұтымды пайдаланып, жаңаша  сабақтар берудемін.  Жақында  математика  пәнінен 8-сынып  оқушыларымен  Лессон Стади зерттеу сабақтарын  өткіздім. Сабақта оқушыларым өте белсенді  болды. Өздерін  жақсы  көрсете білді. Бос  уақытымда  сурет  салғанды,  өлең шығарғанды жақсы  көремін.

Мен  өзімнің  еңбек  жолымда  шаршау, еріну  деген сияқты  жаман әдеттерден  барынша  аулақ  болуға  бел шешіп  кіріскен  жандардың  бірімін. Ата-анамныңғбауырларымның  үмітін ақтап, оларды  тек қуанышты  жүздерін көруге асығамын.  Марқұм  анамның  ұстаздық жолын  жалғап,  жоғарғы  биіктерден  көрінуді  өзіме  басты мақсат  деп  есептеймін.  Міндетті  түрде  сол арманыма  жететін  боламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *