Хамай Жувайхан


Аты-жөні: Хамай Жувайхан

Қызметі:Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыс орны :Ақмола облысы Зеренді ауданы Шағалалы орта мектебі

Мекен жайы :Ақмола облысы Зеренді ауданы Шағалалы ауылы Октябрь көшесі

Педагогикалық тәжірибесі:Педагогикалық еңбек өтілім-28 жыл. Дарынды оқушылармен жұмыс жасау арқылы экологиялық ғылыми жобаларға қатысу

Санаты:Жоғары

Марапаттар:2012 жыл. «Жергілікті жердің ауа райы» тақырыбындағы экологиялық ғылыми жоба бойынша республикалық конкурс лауреаты.

2012 жыл. Ы.Алтынсарин атындағы білім  Академиясының алғыс хаты.

2013 жыл. «Астана қаласы және Ақмола облысы білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасы.

2016 жыл. Диплом. Ы.Алтынсарин атындағы білім  Академиясы.

Педагогикалық өмірбаяны

Хамай Жувайхан білімі жоғары, 1987 жылы педагогикалық колледж бастауыш сынып мұғалімі мамандығы, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік уиверситетін 2001 жылы география мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 28 жыл. 2012 жылы жоғарғы біліктілік санатты қорғады.

1987-1989 жылдары бастауыш сынып мұғалімі, 1989-1991 жылдары пионер вожатый, 1992-1994 жылдары дене шынықтыру пәні мұғалімі, 1994-1996 жылдары математика  пәні мұғалімі, 1996-2000 жылдары бастауыш сынып мұғалімі, 2001-2003 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2003-2006 жылдары география пәні мұғалімі, 2007-2009 жылдары орта мектеп директоры, 2009 жылдан қазірге дейін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жаңа педагогикалық технологияларды, дәлірек айтсақ мәселелік оқыту технологиясын күнделікті сабаққа қолданады.

Оқушыларды ғылымға тәрбиелеу, дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде 2012, 2013 жылдары « 6,7 республикалық балалар бизнес жоба байқауына» қатысып лауреат атанды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым Академиясының алғыс хатымен, Ақмола облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен және жобаға қатыстырған оқушысы ҚР-сы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін облыстық білім департаменті, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталған. Дарынды балалармен жұмыстағы жетістіктері үшін Ақмола облыстық Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.

«Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық журналы сайтына 2016 жылы сабақ әзірлемесі жарияланып сертификат берілді.

2015 жылы Астана қаласында Білім беру ұйымдары басшыларының 9 айлық деңгейлік курсын бітірді. «География сабағында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыру» 72 сағаттық қашықтық ғылыми-практикалық семинарға қатысып Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Ғылым Академиясының дипломымен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *