Инновациялық технологиялар – сапалы білім негізі


 Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің

өндірістік оқыту шебері 

Баданова Айгүл  Бекмағамбетқызы

ХХІ ғасырда техника қарыштап дамып, әлем елдері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатуда. Жаһандану заманында еліміз техникасы, мәдениеті дамыған алдыңғы қатарлы елдермен иық түйістіре жүруге талаптануда. Ол үшін ел жастары білімді де білікті болуы қажет. Ал, оларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұстаздар қауымы. Олардың басты міндеті – оқушыға жақсы тәрбие, сапалы білім беру. Дамыған  елдер көшіне ілесу аса білімді мамандарды қажет етеді. Сондықтан білім беру саласы ұстаздардан қажырлы еңбекті талап етеді. Ал, талап деңгейінен шығу ұстаздардың іздену шеберлігіне тіреледі.

Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр. Соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу – мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Әр оқытушы – өз сабағының көшбасшысы, сабақ кезіндегі басты тұлға. Қандай технологиямен жұмыс істесе де, басымдылықты оқушыға, оның ізденісіне, яғни өзін-өзі басқаруына қаншалықты мүмкіндік берсе де негізгі роль оқытушыда болады. Оқушыны сабаққа қызықтыру, оның белсенділігін арттыру үлкен ізденісті, құлшынысты қажет етеді. Оқытушыларымыздың көбі әлі де  сабақ берудің дәстүрлі шеңберінен шыға алмай жүр. Сабақты өзгертіп, жаңалық енгізуден қашқақтайды. Себебі, еніп жатқан жаңа технологияларға ілесе алмай жатады. Сондықтан көп ізденіп, білімін жетілдіріп отыруы кажет. Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясын бағдарлама мен педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу – оқытушының педагогикалық шеберлігіне байланысты. Пәніне, оқушылардың шамасына қарай оқыту технологиясын зерттеп, жетік меңгеріп  барып дұрыс таңдай білу қажет.

Оқытудың үрдісін жаңаша ұйымдастырудың, оқушы белсенділігін арттырудың негізгі құралы оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялар болып табылады.Оқущылардың белсенділігін арттыратын әдістерді интерактивті тәсілдер деп атайды. Сабақ барысында белсенді әдістерді пайдалану оқушының қызығушылығын арттырып, еріксіз алға жетелейді. Топтық жұмыстың орны ерекше.  Топтық жұмыс кезінде оқушыда сенімділік пайда болады. Тақтаға  шығып жауап беруге қысылатын оқушы ойын ортаға салып, еркін ой бөлісе алады.  Топтық  жұмыс кезінде бұрыннан таныс викторина, кроссвордтарды пайдалану өте тиімді. Топтық жұмыс кезінде оқушылар білімді  өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді. Ашылып өздерін тани бастайды. Жұп болып тапсырма орындау барысында, әр оқушы  ізденіп, өз үлесін қосады. Пікір-сайыс кезінде кез-келген оқушы ойын айтқысы келеді. Белсенді интерактивті әдістерді пайдалану сабаққа селкос оқушыларды  қозғаудың, олардың өздеріне деген сенімділігін арттырудың  бірден-бір жолы деп есептеймін. Ал, оқытушы жаңа  материалды меңгерудегі жол көрсетуші, көмекші, сарапшы, жетекші ретінде басқарып отырады.

Ойын, ақпаратты  технологияларды пайдалану да үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Тақырыпқа  байланысты презентациялар жасау, иллюстративті түсіндірмелер жасау оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, білімін  арттырады. Видеороликтер көмегімен көптеген ақпараттар беруге болады. Проблемалы оқыту технологиясы оқушыны өз бетінше ізденуге, шешімін табуға, шығармашылыққа баулиды.

Жаңа технологияларды қолдану  оқушының таным-белсенділігін арттырып, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамытуға, шығармашылығын кеңейтуге мүмкіндік береді.  Оқушы  өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді, қызығушылығы артады. Сондықтан оқытушы оқушыны оқыту, тәрбиелеу ісінде жаңа педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана білуі керек. Жаңа технологияларды игеріп, оны шығармашылықпен дамытып, инновациялық технологиялармен сабақ өткізуі тиіс.

Пайдаланылған материалдар:             журнал «Білім көкжиегі». №9  2016ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *