Аксенова Альфия Ринатовна


Аты-жөні: Аксенова Альфия Ринатовна

Қызметі: бастауы сыным мұғалімі

Жұмыс орны: Батурин жалпы орта білім беретін мектеп

Батыс Қазақстан Зеленов ауданы Янайкино ауылы

Педагогикалық тәжірибесі:14 жыл

Санаты: бірінші

Жетістіктері

БҚО білім басқармасының  Құрмет грамотасы (2007ж), Облысытық білім басқармасының Құрмет грамотасы «Ізденімпаз ұстаз» номинациясы (2015 жыл),    Облысытық білім басқармасының Құрмет грамотасы «Шығармашыл ұстаз» номинациясы (2016 жыл), Орда ауылдық округі әкімі Грамотасы (2008 жыл), Аудандық білім беру бөлімінің Дипломы (2014 жыл),  Аудандық білім беру бөлімінің Дипломы республикалық bilimdiler.kz сайтының Құрмет Грамотасы (2015 жылы), 2016 жыл Облыстык ИПК Мадақтамасы.

 

Аксенова Альфия Ринатовна Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 2013 жылдан қызмет етіп келеді. Ол өз пәніне, мамандығына деген сүйіспеншілігін танытып қана қоймай, үнемі тынымсыз шығармашылық ізденіспен жүріп, жас шәкірттерінің жүрегіне  туған жерге  деген сүйіспеншілігін оятып, олардың бойындағы қабілеттерін дамытып келеді. Ұстаз электрондық оқулықты өзі жасап қана қоймай, жаңа технологиялар арқылы алған білімдерінің бағдарламалық талапқа сай болуына ерекше мән береді. Сабақ барысында түрлі методикалық әдістерді, жаңа технология элементтерін шебер қолданып, оқушының интеллектуалды қабілетін дамытуға көп көңіл бөледі. Оқушыларды аудандық, облыстық, республикалық байқауларға әзірлеп жүлделі  орындарды алып жүреді.

Білімі сапасы: 2013-2014 оқу жылы– 70%; 2014-2015 оқу жылы – 76%; 2015-2016 оқу жылы – 80%. Аксенова Альфияның оқушылары үлкен байқаулар жеңімпаздары. 2015 жылы, Саратов қаласының мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен ІІІ регионаралық «Жеңіс көктемі» атты шығармашылық жұмыстар байқауында Қайратова Көркем «За искренность в раскрытии темы» дипломымен, бағалы сыйлығымен марапатталды. 2015 жылы, БҚО әкімдігі мен білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен  2015 жылы өткен VIII облыстық «Зерде-2015» интеллектуалды марафонының жеңімпаздары Жигерова Гульвира, Ерболатов Дархан, Ерболат Нұрхан, Меңжан Әсет. 2015 жылы, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы өткізген шығармалар бақауында Қайратова Көркем дипломмен марапатталды. 2015 жылы Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сертификатымен Кайратова Көркем, Жаскайрат Азат, Қайырболат Ақгүл, Меңжан Әсет, Жигерова Гульвира марапатталды.

2015 жыл Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының 1 дәрежелі дипломымен Қайратова Көркем марапатталды.Республикалық «Бастауыш сыныпта оқыту» журналына және 45minut.kz сайтында Меңжан Әсет, Жаскайрат Азат, Кайратова Көркемнің өлеңдері жарияланды.

Альфия Ринатовна халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі конференцияларға, олимпиадаларға, байқаулар мен семинарларға қатысып, баяндамалар оқып, өз тәжірибесін таратып жүр. 2015 жылы Тараз қаласында өткен  «Көптілде  оқытудың өзектілігі: беталысы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жинағына «Үш тілде сабақ өткізу тиімділігі мен ұтымдылығы» баяндамасы енді. Орал қаласында 2015 жылы өткен «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚОПҚБАИ» ұйымдастыруымен өткен «Смарт технологияларын оқу жүйесіне енгізу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жинағында  «Ауыл мектебі жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің электронды оқулықтарды өзбетімен дайындау тәсілдері»  интернет желісінде таратылды. «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚОПҚБАИ» ұйымдастыруымен өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа тұрғысы» өткен облыстық ғылыми-практикалық конференцияның жинағында  «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру жолдары» атты баяндамасы жарық көрді. «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚОПҚБАИ» ұйымдастыруымен өткен «Новые парадигмы в образовательном процессе» атты ғылыми –практикалық конференцияда «Үш тілде сабақ өткізу тиімділігі мен ұтымдылығы» атты баяндамасы облыс көлемінде таратылды. Сонымен қатар,  sabak.kz, 45minut.kz, bilimdiler.kz, bilimnur.kz сайттарында сабақтары мен баяндамалары жарияланды, нәтижесінде bilimdiler.kz порталының құрмет тақтасына фотосы ілінді. . «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚОПҚБАИ» ұйымдастыруымен өткізген мұғалімдердің олимпиадасында  Облысытық білім басқармасының Құрмет грамотасы «Ізденімпаз ұстаз» номинациясына (2015 жыл),    «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы «БҚОПҚБАИ» ұйымдастыруымен өткізген «Үздік сабақ контенті» байқауында Облысытық білім басқармасының Құрмет грамотасы «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болды (2016 жыл).

Альфия Ринатовна–ізденімпаз, оқушылармен тез тіл табыса алатын  жаңашыл ұстаз. Ұжым арасында беделі бар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *