Қараубаева Ақшолпан Закарьяновна


Аты-жөні: Қараубаева Ақшолпан Закарьяновна

Қызметі: Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыс орны : Маңғыстау энергетикалық колледжі

Мекен : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі: 30 жыл

Санаты: жоғары

%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d1%88%d0%be%d0%bb%d0%bf%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%be%d2%93%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82

Педагогикалық өмірбаяны

Қараубаева Акшолпан Закарьяновна – орыс тілі және әдебиеті пән оқытушысы, арнайы пән оқытушысы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білімі – жоғары.  Абай атындағы қазақ педагогикалық институты филология факультетін үздік аяқтап, 1987 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг  университетінде  «Электртехника» мамандығы бойынша бакалавры атанып, білімін молайта түседі.

Қараубаева Акшолпан Закарьяновна 2005  жылдан бері Маңғыстау энергетикалық  колледжінде жұмыс жасап келеді. 2005-2007 оқу жылдарында орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы, 2007-2014 оқу жылдары электрэнергетикалық бөлім меңгерушісі, 2014 жылдан бастап колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.Үнемі ізденіс үстінде өзінің кәсіби шеберлігін  шыңдай  түсіп,  шәкірттеріне бүгінгі өмір талабына сай сапалы білім беру жолында  аянбай тер төгіп келеді.

Қараубаева Акшолпан Закарьяновна — өз пәнінің қыры мен сырын толық  меңгерген,  жемісті еңбек  етіп жүрген  ұстаз, өзі білім беретін  шәкірттеріне  ғылыми жұмыспен айналысуларына бағыт-бағдар беріп, жетекшілік етеді. Оның дәлелі:

  • 2011-2012 оқу жылы колледжішілік студенттер арасындағы пәндік олимпиадада Жеткізгенов Аслан, Мырзакулов Гулсара,  Адылбекова Бейбит  І ,ІІ –орынға ие болды.
  • 2011 жылы «Қазақстанның 20 жылдығы даму мен өсу жолы» тақырыбындағы фотокөрме конкурсында ІІІ орынмен ЖЭС тобы марапаталды.
  • 2013 жыл Маңғыстау облысының білім басқармасы жанынан Слащенко Александр «Алғыс хатпен» марапатталды.
  • 2015 жылы Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасынан шәкірті Сырлыбаева Оразгул «Алғыс хатпен» марапатталды.
  • 2014 жылы колледжішілік орыс тілі пәнінен АжБ-11 тобы студенті Бакитов Тілеген 1-орынға ие болды.
  • Тәжірибелі ұстаз үнемі республикалық, облыстық,  қалалық конференцияға, семинарларға қатысып отырады. 2007  жылы білім беру және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне сүлбелі үлес қосқаны және колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапаталды.
  • 2011 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасы жанынан  Құрмет грамотасымен, 2012 жылы «Нұр Отан»  халықтық демократиялық партиясы, Ақтау қалалық филиалынан  алғыс хат, 2014 жылы  Маңғыстау политехникалық колледжінде  ұйымдастырылған  «Әлеуметтік жаңғыру жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Изучение ориентированного русского языка в профессионально-техническом колледже»  тақырыбындағы баяндамасы  үшін сертификатқа ие болды.
  • 2015 жыл Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті бердің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығынан  «ХХІ ғасырдың білікті бәсекеге қабілетті адами капиталы» тақырыбындағы  Республикалық ғылыми-рактикалық бейнеинтернет конференциясына қатысқаны үшін сертификатпен, 2016 жылы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім қызметкерлерінің одағынан мадақтама берілді. 201 жылы Ақтау қаласы  « Русское землячество» ұлттық мәдени орталығынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
  • «World of teachers» халықаралық педаготар порталында «Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби дамуын ұйымдастыру жолдары» атты мақаласын жариялап, сертификатқа ие болды.
  • 2015 жылы «Фундаментальная и прикладная наука» атты қашықтықтан өткізілген халықаралық конференцияға қатысып, «Проблемы и перспективы интеграций инновационных решений в национальный образовательный комплекс» атты актуальды мақаласын жариялап, арнайы сертификатпен марапатталды.

Өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында әртүрлі басылым бетінде жарияланған материалдары бар. 2012 жылы  «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» Маңғыстау мұғалімі   №23,  2012 жылы  орыс тілінен  «Правописание суффиксов причастий»,  2012 жылы ойын сабақ «Путешествие в страну знаний», 2013 жылы орыс әдебиетінен «Биография С.А. Есенина» ашық сабағы, «Состав слова. Словообразование. Орфография.» семинар сабағы республикалық «Кәсіптік мектеп»  атты  республикалық баспасөз беттерінде жарияланды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *