Какабаева Зауре Балуановна


Аты-жөні :Какабаева Зауре Балуановна

Қызметі:мұғалім

Жұмыс орны :«№11орта мектеп – гимназиясы»КММ

Мекен жайы :Ақмола обл. Көкшетау қ.

Педагогикалық тәжірибесі:35 жыл

Санаты:жоғары

Марапаттар:Мақтау Грамотасы «Жыл мұғалімі» қалалық мұғалімдер байқауы 2орын, Ақмола облысының білім департаменті Грамота кәсіптік білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі табыстары , кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдестегі жетістіктері үшін.

Көкшетау қалалық білім департаметі Грамота қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуға жоғары жетістіктері үшін.

Әр түрлі мектеп атынан алғыс хаттар мен грамоталар.Қалалық , облыстық тәжірибе алмасу  (2015-2016 оқу жылы) Грамота Халықаралық  педагогикалық иновациялар жәрменкесінде шеберлік  сыныбын өткізген үшін, Сертификат «Оқушының фунционалдық сауаттылығын дамытудың  тиімді ортасы ретінде қазіргі білім беру технологиялары» Республиқалық ғылыми- практикалық конференция қатысушы т.б. Педагогикалық отырысындағы шешім: сенімді педагог.

 

 

 

Педагогикалық өмірбаян

Менің ұстаздық жолым қасиетті Мағжан Жұмабаев жерінен басталды.

1984 жылы  Сартомар орта мектебінің  табалдырығын ұстаз ретінде аттап едім.  Біраз уақыттан кейін түсіне бастадым, ұстаздың да ұстазы болады екен. Бірге істеп жүрген мұғалімдерді әріптестерім деп айтуға біраз жылдар баталмадым, себебі олар , тәжірибелі маман, үлкен, дана адамдар болып көрінді. Директор Болатов Мендыбай – «ұстаздық мамандықтың өзіндік ерекшелігі, қызығы мен қиыншылығы болады, соған төзе білу керек, сонда ғана жұмыстарының жемісін көресіндер» деп айтатын. Ұстаздық жолда жетекші, ақылшы болған , сабырлыққа үйреткен,  сыпайы, ұстамды, сұлу апайларымыз бен ағаларымыз. Оқушыларға терең білім бере отырып, маған да үлгі болған. «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» -деген Ы.Алтынсарин. Бұл педагог- ағартушының сөзі Сартомар аулының  Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің дүниеден өткен ұлы ұстаздары туралы деп ойлаймын, себебі, олардың әр біреуі ұстаздық жолында із қалдырған. Бүгінгі күні дүние жүзіне таным ақын Мағжан Жұмабаев. Тәуелсіздік күні туып, ақынның есімі елге оралып, мектеппен ауылға аты беріліп, мұражайын елде қоюға атсалысқан ұстаз- ағаларымыз болған. Олармен бірге жүргеніме , мұғалім өмір жолында сабақ алғаныма мақтаныш етемін. Әр адамның өмірінде есте қаларлық оқиғалар  болады; Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдық мерей  тойы. Сартомар ауылына атақты белгілі ақын- жазушылар: Хамза Абдуллин, Кәкімбек Салықов, Ғафу Қайырбеков, Сафуан Шәймерденов, Хасен Оралтай келе бастады. Қонақтарды қарсалып,  көргенімізге  куанышты болдық .

Сұлу  Көкше, Шоқанның балалық шағы өткен жері, Ақан мен Біржанның әні тартып әкелді мені.  1995жылдан бастап Көкшетау қаласының «№11орта мектеп -гимназиясында» ұстаздық жолын жалғастырудамын. К.Д.Ушинский айтқандай «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас»  Оқушыларды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың  жаңа әдістемелерін қолданамын. Тәуелсіз еліміздің тамыры терең, тарихы бай. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар өз  табалдырығынан басталады, сондықтан оқушылармен бірге саяхат жасап  жүреміз.Оқушылардың жетістігі менің жетістігім. Әр түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр оқушылар (қалалық, облыстық, республиқалық және «ziat» международный конкурс сочинений).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *