Бірінші желтоқсан – ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев күніне байланысты іс – шара «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының тәрбиешісі

Нуркенова Жанна Коныспаевна

Мақсаты: Балаларға туған елінің, отанының Қазақстан  Республикасының белгілерімен таныстыру. Өз ұлты мен басқа ұлт өкілдері жайында түсінііңтерін молайту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Өз ұлтына, тіліне деген
сүйіспеншілігін арттыру. Ардақтай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ұлттық заттар,  киімдер.
Әдіскерлік тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар – жауап, өлең, тақпақтар айту.
Сөздік қоры: «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Олар: Әнұран, Көк ту, Елтаңба
Ұлт өкілдері: Орыс, қазақ.

Шаттық шеңбері: Амандасу.
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап
Жүрейінші жараса
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн.
Аман – есен болайық
Бейбітшілікті қалайық.

 

Тәрбиеші: – Балалар бізге қөнақ келіп тұр. Бүл қуыршақ оның аты Дима.

–    Здравствуйте друзья. Меня зовут Дима. Я живу в Казахстане.

–    Балалар кәне амандасайық

–    Здравствуй Дима- балалар қайталайды

–    Балалар Дима қай тілде сөйлеп тұр?
–    Орыс тілінде.

–    Балалар бізге қонақ келгенде біз не істейміз?

–    Қонақты күтеміз: – дастархан жаямыз, үстелге тәтті тағамдар қоямыз.
–    Енді біз қонақпен қоштасайық.
Бұрыштарға барып қазақ елін бейнелейтін бұрышты тауып алып.

Тәрбиеші:
–    Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
–    Қазақстан.
–    Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?
–    Астана.
–    Біздің ұлтымыз қандай?
–    Қазақ
–    Біз қандай тілде сөйлейміз?
–    Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.
Олар: Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Саяжан:     Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Өте жақсы. Қане балалар шеңберге тұрайық.

Біз ұлтты мекенбіз
Ортақ біздің үйіміз
Ортақ біздің жеріміз
Жаса Қазақстаным
Жасасын қазақ еліміз.

Тәрбиеші:
–    Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі. Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз.
–    Әнұран, елтаңба, көк ту.
–    Елбасымыз Әбіш ұлы Назарбаев.

Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.
–    Балалар Астанаға барғандарың бар ма?
–    Онда не көрдіңдер?
–    Әбубакір  мен Астанаға бардым. Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

Әнұранды орындау.

Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік. Жеңіс елтаңбаның қасына тұрып,

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.

  • Балалар енді біз мультфильм көреміз «Ақылды бала»
  • Балалар мультфильм ұнады ма сендерге?
  • Бала нені тартып алды орыс баласынан?
  • Дұрыс Көк туу.
  • Атасы қандай ақыл айтты немересіне?
  • Олай жасауға болмайды деп, себебі ол да Қазақстан азаматы ұлты орыс болсада.
  • Балалар қазір ойын ойнаймыз.
    Ойынның аты: «Өз түсіңдң тап»
    Ортаға шеңбер, жан – жақты түрлі – түсті ленталар тағылған. Сендер өздеріңе ұнаған лентаны ұстай бастаңдар. Тәрбиеші бақан болып көтерген кезде киіз үй сияқты болып шығады.

 

Шаңырақты көтеріп
Уықтарды құрайық
Өрімдей болып өріліп
Киіз үй болып тұрайық.

Балалар  қуанып, шаттанады. Енді бұл киіз үйде не болуы керек. Сандық, көрпе, дөңгелек үстел. Ойнымызды серуенде жалғастырамыз.

Қорытындылау сұрақтары:
–    Балалар біз қандай елмен таыстық. Қай ел туралы айттық?
–    Рәміздер қалай аталады?
–    Бізге кім қонаққа келді?

Жақсы жауап берген балаларды бағалау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *