«Бір-бірімізді түсінемізбе?!» тренинг-ойын


Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің

“Кішкентай Данышпандар” ресурстық орталық”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының

орыс тілі мұғалімі

Сагындыкова Назигуль Баяновна

     Мақсаты:   Педагогтардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру. Өзін таныстыра білу мәнеріне ие болу.  Бірін-бірі жақынырақ білуге көмектесу және қысылу сезімін жеңуіне ықпал ету.

Педагогтардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету.
Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
– Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар: ақ қағаз, түрлі –түсті қарындаштар, үнтаспа, диск, жүрекшелер, қалам, түрлі-түсті шеңберлер, сиқырлы шарлар т.б.

 

  • Жаттығу «Жүрек жылуы»
  • «Кел танысайық»
  • «Мен бүгін саған бақыт тілеймін»

4       «Көңіл-күй неге ұқсас». Жаттығуы

5       «Ақ тілек» жаттығуы

Трениинг барысы: Барлығыңызды ортаға шақырамын, психологиялық  тренингімізді бастайық.

1 «Жүрек жылуы»

Мақсаты: Педагогтардың бір-біріне деген жағымды ой, дұрыс көзқарастын қалыптастыру. Ішкі сезімдерін білдіре алуға жағдай жасау.

Нұсқау: Тренингке қатысушылар көңілді шеңбер құрып тұрады. Көздерін жұмады, ішінен бір-біріне жаңға жайлы, жүрекке жағымды әсерлі сөздер айтады. Өте жақсы.

2) Шеңберге тұрамыз, оңға қарап көршімізбен көзімізбен амандасамыз, солға қарап сол жақтағы көршімізбен амандасамыз. Ал, енді танысайық.

 

2 «Кел танысайық»

Нұсқау: Әр педагог өзін таныстыра отырып, өзінің есімін неліктен олай қойғанын түсіндіріп кетуі тиіс. Мысалы: Менің есімім Жұлдыз. Есімімді анам қойған. Жұлдыздай жарқырап, әрдайым биіктен көрінсін деген.

Осылай әр қатысушы өз есімі туралы қысқаша анықтама береді.

Содан кейін әр қатысушы «Егер мен өз есімімді өзгертетін болсам…» деп өз ойларымен бөліседі. Мысалы: Маған Роза деген есім ұнайды. Өйткені мен кішкентай кезімнен әнші болуды армандадым.

3 «Бағдаршам» ойыны «Мен бүгін саған бақыт тілеймін!»

Нұсқау: 1) ойыншылар түстерді таңдайды, сол түстер бойынша екі-екіден тұрады.

Бір-бірмізге қарама-қарсы тұрып, шеңбердің сыртында тұрған ойыншы оң қолын көтереді, ішкі жағында тұрған ойыншы сол қолын көтереді. Сыртқы шеңбердегі бірінші ойыншы бас бармақтан бастап көршісіне тілегін айтады «Мен бүгін саған бақыт тілеймін!» «Мен» бас бармақ, «бүгін» сұқ саусақ, «саған» ортаңғы саусақ, «бақыт» аты жоқ саусақ, «тілеймін» шынашақ. Ішкі шеңберде екінші ойыншы дәл сол әдіспен  келесі тілекті айтады «Мен бүгін саған денсаулық тілеймін!».

Рахмет!
4  «Көңіл-күй неге ұқсас». Жаттығуы.

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сеніңше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б. Жауаптардың қорытындысын шығарған  кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз. Өте жақсы міне барлық жауптарды тындап шықтық. Қандай түйінге келеміз? Бүгін бізде ауа райы тамаша!!!

5 «Ақ тілек»

Мен өзімді сүйем.

Сені де сүйем білем.

Өзіңді сүйе білсең,

Сүйесің мені білем.

 

Шардың ішіне тілектер жазылады.

Қатысушылар өздеріне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды. Үш шар дайындау.

 

Қорытынды.

Ойыншылар қандай ойын ұнағанын, не себептен ұнағанын, не ұнамағанын, қандай тақырыпта тренинг өткізуі жөнінде ұсыныстарын т.б. айтып қорытындылайды. Әр ойыншыға сөз беріледі.

 

Өткен күн, КЕШЕ,-тарих

Келер күн, ЕРТЕН,- сыр

Ал бүгінгі күн-үлкен сый.

Қорқыт ата

Ал, енді өзімізге қошемет көрсетейік, шапалақтайық.

Көңіл бөліп келгендеріңізге рақмет!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *