“Бала – жанұяның айнасы. Баланың бас ұстазы – ата-ана” психологиялық тренинг


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының психологі

Тайшикова Гаухар Баяновна

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; Ата-ананың өздерін тәрбиеші, мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын ояту; Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастаң ерекшеліктерін психолгиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар: қобдиша, музыка үнтаспасы, екі ыдыс, жүрекшелер, бала тәрбиесіне арналған жаднама.

Трениинг барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар! А.С.Макаренконың: «Жақсы да, жаман отбасы да болады. Отбасы дұрыс тәрбиелейді деп кепілдік беруге де болмайды. Отбасы қалай болса, солай тәрбиелейді деп те айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек және ұйымдастыратын бастау –мемлекеттік тәрбиелеудің өкілі ретінде мектеп болуы керек», – деген тамаша сөздер бар. Осы сөздерге сүйене отырып, ата-аналар мен бала тәрбиесіне терең үңілу мақсатында психологиялық тренингімізді бастайық.

  1. Жаттығу «Сиқырлы қобдиша»
  2. «Өтінемін» ойыны
  3. «Музыкалық үзіліс» жатығуы
  4. «Жақсы қасиеттер» жаттығуы
  5. «Концерт» ойыны

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

(Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып отырады.Қобдиша, оның ішінде домалақ айна.)

  • Қазір сіздер мына қобдишаны бір-біріңнің қолдарына бересіңдер. Қобдишаны алған адам, оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде (кішкентай айнадан) сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіндер. Оған күліп қарауларыныз керек. Барлығы қарап болған сон сұрақтар қойылады.
  • Жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
  • Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?
  • Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз? Ойларын тыңдау. Қорытынды ой түйіндеу.

Демек, біз, сіздер, әр-бір адам өз алдына жан-жақты және қайталанбайтын бейне екендігіне көз жеткіздік. Осы әрбір жан-жақты және қайталанбайтын бейнелер «Өмір» атты үлкен өзенде отбасы, жаңұя болып тіршілік етіп жатыр. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттан да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

Біздің ұрпақтарымыз, баланың – адам екендігін ұмытпауымыз қажет! Бұл кіп-кішкентай адамға айқай мен жаза, өшпенділік пен қаталдық керек емес, оған сіздің мейірімділігіңіз, қамқорлығыңыз және ыстық махаббатыңыз қажет. Бала өзін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан және психологиялық қысымнан қорғай алмайды және қорғауды да білмейді. Бірақ балалар біздің мінез-құлқымыздан, қарым-қатынас мәнерімізден үлгі алады: егерде біз айқайлайтын болсақ, олар да айқалайды, егерде біз дөрекілік көрсететін болсақ, олар да дөрекелік көрсетеді, егерде біз қаталдық көрсетсек, олар да соны қайталайды.

Қазір біздің жағымды қарым-қатынасымыздан үлгі алуға болатын бір жаттығуды орындап көрейік.

«Өтінемін» жаттығуы

Сіздерді ортаға шақырамын.

Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші бар сөздерді білесіздер?

  • Рақмет, ғафу етіңіз, өтінемін.

Мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет. Егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.

  • Секіріңіздер.
  • Өтінемін, қол шапалақтаныздар.
  • Оң аяқтарыңызды көтерініздер.
  • Өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз.
  • Құлақтарыңызды ұстаңыздар.
  • Өтінемін бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер
  • Қолдарыңызды алға созыңыздар.
  • Өтінемін, бір-бірлеріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар.
  • Алға бір қадам тастаңдар.
  • Өтінемін бір-біріңізбен қоштасыңыздар.

Рақмет, орындарыңызға жайғасуға болады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» кітабында былай дейді: «Бала жанұяның айнасы; бір тамшы суда күн сәулесі қалай бейнеленсе, шеше мен әкенің адамгершілік тазалығы да балаларда сондай бейнеленеді». Балабақша мен ата-ананың міндеті әр балаға бақыт сыйлау. Балаға бақыт сыйлаудың бір көрінісі ретінде олар шаршаған кезде, оны қалай жеңулері мүмкіндігін сөзбен айта қоймай, олармен орындап көрсеткенге не жетсін. Келіңдер, қазір демалу, көңіл-күйді көтеру үшін балалармен бірге орындауға болатын жаттығуға кезек берейік.

«Музыкалық үзіліс» жатығуы

Қатысушылар ортаға шақырылады. Көңілді музыкаға ата-аналардың жұмыс қабілеттіліктерін  арттыру үшін дене терапиясы жаттығуын өткіземіз. Ойынды бастауға дайынсыздар ма? Бастадық.

Музыка ойнап турады

«Көбелек» жаттығуы.

                                               Таңертең көбелек оянды, тартылды,

                                  Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

                                  Азғана айналып, барлығына күліп,

                                  Қайта гүліне оралды.

«Кішкентай Шүрегейлер» биі орындалады.

 

«Жақсы касиеттер» жаттығуы.

Құрметті ата-аналар! Сіздердің балаларыңызда бар ең жақсы касиеттерді алдарыңызда тұрған мына жүрекшелерге жазып, оны ыдысқа жапсырайық.

Қараңыздаршы, қандай әдемі, ашық болды баланың жаны. Баланың мөлдір, тап-таза жүрегіне, көңіліне ұқсаған осы ыдысымыз ешқашан сынбасын, құламасын, төгілмесін. Ол енді сізбен бізге, яғни үлкендерге байланысты.

Ата-аналарға пайдалы кеңестер:

  • Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көруді үйренеді;
  • Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
  • Егер де балаға күле берсеңіз, ол тұйық болып өседі;
  • Егер баланы сөге берсеңіз, онда ол кінәлі сезіммен өседі;
  • Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
  • Егер бала шыдамдалықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
  • Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
  • Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
  • Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді.

 

«Концерт» ойыны

Ән айту көңіл-күйді көтеріп, өздерін жайлы сезіну үшін арналған.

Әннің сөздері жазылған қағаздар таратылады. Әнді айтулары керек.

Қошақаным

І. Жазда апамның ауылына,

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан,

Шыға келді жүгіріп.

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы Ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

 

ІІ.Анаң кетті жайлауға,

Оны іздеп қайғырма.

Анаң бізге келеді,

Ақ сүтінен береді.

Қайырмасы:

 

Сіздерге ән айтқан ұнады ма?

Өздеріңізді қалай сезініп тұрсыздар?

 

Ал, енді өзімізге қошемет көрсетейік, шапалақтайық.

Көңіл бөліп келгендеріңізге рақмет!

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *