«Егеменді елім» тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік (Ересек тобы)


“Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 жалпы орта білім беретін мектеп” мемлекеттік мекемесінің

музыка пәнінің мұғалімі

Кабиева Жанар Каиргельдиевна

Залдың безендірілуі: көк,сары түсті шарлар, баннер «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» жазуы.

Кейіпкерлер: хан, 1-ші батыр,2-ші батыр.

Балалар «Алға, Қазақстан» әнімен  залға   қолдарына жалауша ұстап кіреді.

Жаттығу «Алға, Қазақстан!»

Жүрг:  Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.

25-жылдық мерейің құтты болсын

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балалар Қазақстанның Тәуелсіздік күні  құтты болсын!

ҚР әнұраны

балалар отырады

Жүр: Балалар” тәуелсіздік” деген  сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауабы

Жүр: Әрине,  тәуелсіздік деген еркіндік, бостандық. Ендеше осы мерекені тәуелсіздік туралы тақпақтарымызбен жалғастырайық.

Тақпақтар

Ән «16 желтоқсан»

 (Әннен кейін  музыкамен хан кіреді.)

Хан:  Уа, халқым !

Ұлдарың орындады берген антын,

Кімдер еді, шығарған елдін даңқын.

Мерекелерің құтты болсын, бүлдіршіндерім!

Жүр: Хош келдіңіз, хан ием, біздің тойға. Төрлетіңіз,  отырыңыз. Біздің тойдың құтты қонағы болыңыз.

Хан:(орнына отырады) Әдейлеп ат терлетіп осы мерекеге келдім. Сендер  бөбектерім осы тәуелсіздік елінде өмір сүргендеріңе 25 жыл болды.

Шалқы қазақ шалқитын заман келді демекші, осы тәуелсіздікке жету үшін батырларымыз өз елін қорғап, тәуелсіздікті аңсаған.

Жүр:  Міне, хан ием, осы қуанышты  қойнымызға сыйдыра алмай, шырқатып той тойлап, ән шырқап би билеудеміз.

Би «Шаттық биі»

Хан: Тамаша, өте жақсы биледіңдер!

Жүр: Хан ием, балалардың  әндерін тыңдап жібер.

Ән «Тәуелсіз ел ұраны»

Хан: Бәрекелді бүлдіршіндер, өнерлерін өрге жүзсін.

Жүр:  Сөйлесін жаршы ақының

Келе жатыр батырың,

Жығып берді қалыңды,

Жеңіп берді жауыңды.

Хан: Не дейді, не дейді кім келе жатыр дейді. (таңданады)

(Музыкамен батырлар кіреді)

Батырлар:  (Тізерлеп отырып хан алдында)

1 батыр:  Сәлем бердік ханымыз

2 батыр:  Елге құрбан жанымыз

1батыр:  Қиындықта халықтың

Екеуі:  Қызметіне әзірміз

Хан:   Пай-пай батырларым! Осы тойға сендер де келіп қалдыңдар ма?

           Хан орнынан тұрып, батырлармен кеуде қағысы   амандасады.

Жүр: Төрлетіңіздер!Біздің де сіздер сияқты кішкентай ел қорғайтын батырларымыз бар. Кәне, батырлар, күштеріңді көрсетіңдерші.

Ойын «Арқан тартыс»

Хан:  Керемет, міне біздің болашақ батырларымыз қандай ?

1-батыр: “Жер болса, ел болады, ел болса  ер болады” деген біздің ата-бабаларымыз. Ал сендер біздің болашақ ұрпақтарымыз қандай  мақал-мәтелдер білесіңдер?

2 батыр: Иә, күш-қуат жағына келгенде, алдарыңа жан салмайтындарың көрініп тұр, ал тілге,ақыл-ой, мақал-мәтелдерге қалайсыңдар?

Жүргізуші: Ал, балалар, қонақтарға  мақал-мәтелдерді айтып берейікші   Мақал-мәтелдер

Ел мен жер егіз.

Ел ағасымен жарасады,   киім жағасымен жарасады.

Аталар сөзі – ақылдың көзі

Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың.

Адам елінде көгерер, қоға көлінде көгерер.

Бөтен жердің гүлінен  туған жердің тікені артық.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Отанды сүю – от басынан басталады.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Ер елінде, гүл жерінде.

Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.

1Батыр: Бәрекелді,ал енді менің сұрақтарыма жауап беріңдерші

Жауаптан кейін слайд көрсетіледі

Еліміздің рәміздерін атап беріңдерші (1 слайд – елтаңба, 2 слайд – ту,  3 слайд – әнұран)

Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (шаңырақ, жұлдыз, қанатты қос арғымақ )

Туымызда не бейнеленген?  (қыран құс, күн, ою өрнек)

Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана) слайд

Қазақстан Республикасының ел басшысы кім? ұрсұлтан Назарбаев атамыз) слайд

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

Бала:
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті,
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

Ән «Біздің Президент»

Хан:  (Қуанышпен батырларға қарап)  Е, аңсаған арманымызға жеттік-ау деймін. Қазір елімізде 120-дан аса ұлт өкілдері тұрады.

1-ші Батыр: Қазақ елі кең пейілді халық қой

2-Батыр: Жау жағадан алмаса, жуас халықпыз ғой, сондықтан да барлық елдермен достығымыз жарасымды емес пе?

Хан: Тәуелсіздік деген тәтті ұғым,қастерлі сөз. Әлемде соңғы 25-жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел-Қазақстан!

Хан: Бәрекелді!

2-Батыр:Міне біздің болашақ ұрпақтарымыз

1-Батыр: «Әу демейтін қазақ жоқ»демекші өздері шеттерінен әнші, биші

екен, ал енді мергендіктеріңді сынап көрсек қайтеді.

Ойын  «Достық шаңырағы»

Хан: Бәрекелді! Біздің де із басарларымыз өсіп келе жатыр екен!

2-ші батыр: Ел іргесін сеніп тапсыратын ұлдарымыз бен қыздарымыз өсіп келе жатыр екен. Өзіңдей дана болсын, біздей дара болсын деп батаңды бер хан ием!

Хан:

Елімнің іргесі тыныш болсын!

Ұрпағым мекен еткен ,

Жері түкті майса болсын!

Қарттарына шежірелі қамқор болып,

Әр ісінде бөгетсіз жолы болсын!

Шаңырағында шат күлкі ұялаған,

Балдырғанның ұйқысы тәтті болсын!

Әумин!

Ән  «Дала дастаны»

муз жетекшісі, кейіпкерлер және балалар

Ортаға барлық кейіпкерлер, балалар  шығып қайырмасына қосылады

Жүр: Осымен Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз аяқталды. Ел аман, жұрт тыныш болып, ашық аспан  астында   шат-шадыман ғұмыр кешейік.

Сау болыңыздар!                                              Балалар залдан шығады.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *