«Туған жерім – тал бесігім» очерк-әңгіме


Жазған: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің №28 Құсмұрын орта мектебі» ММ-нің

8 «ә» сынып оқушысы

Байтұрсұнова Тахмина

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Абуталипова Асемгуль Багитбаевна

Кейіпкерлері: Қарлығаш (Карла) , Назым, Әділ (Әділет), Айлан, Зәуреш (Зәуреш апай), Дариға, Ерболхан.

 

Бұл әңгімені менің әжем Назира  маған түн ұйқысының алдына әрқашан айтып отыратын. Оның Зәуре деген құрбысының балалары болмапты, күйеуімен жастайынан  айырылысыпты.

«Әкесі өмірден озғалы олардың жағдайы мүлдем нашарлап кетті. Ана мен әкенің айырмашылығы бірден байқалды. Отағасының қазасына шыдамаған Қарлығаш сыңарынан айырылған аққудай қайғырды. Ішімдікке салынған уақыты да болып еді. Бір, екі рет сол жағдай қайталанды да, соңғы рет ішімдікті қолына алғанда үлкен әпкесі  Дариға алдын орады:

-Қарлығаш, жасың отызда ғана, артында тәй-тәй басып келе жатқан кішкентайларың бар, бұның не? Тым болмаса соларды ойласңшы… Жасың жетпей жесір атандың, тағдырға айтар, қарсы тұрар шамамыз жоқ. Өмір жалғасып бара жатыр. Бекем болайық. Болатыны болар. Өзімізде әкемізден ерте айырылдық қой, азаптығын өзін жақсы білесің. Үлкен әпкеңді тыңдасаң, мені анаңдай көрсең, бала- шағаңды ойла.

  • Әпке, мен, мен…-деп, Қарлығаш жылап жібереді. Осы кезде ас үйге кіші     қызы. Айлан жылап жүгіріп кіреді.
  • Апатай, ана жерде үлкен ағалар әкемізді сұрап жатыр. Әкеміз қашан келеді? Мен қатты оны сағындым! Мен қорқам, апа….(жылайды)
  • Жылама, Айлан, Дариға әпкелерің қасыңда, сендерге ешкім тиіспейді. Келіп тұрған кім екен? Мен барып қарап көрейін. Жаным менің, бара ғой, аға- әпкелеріңмен ойнап кел. Мен барайын күтіп қалған болар. Карла, жасыңды тый, жылаумен уақытты кері қайтармайсың, балалар уайымдап болады ғой. Пешіңді жақ, үй суып кетіп бара жатыр – деген Дариға ас үйден төр үйдің терезесіне барады.

Терезеден кім келгенін көрмек болған Дариғаның көзіне қара жамылған ер азаматтар түседі. «О, тоба! Бұлар не деп келді екен?» деген оймен  киініп далаға шығады. Шыққан  күйде оған бірден әлгі адамдар тап береді:

  • Ерболхан қайда? Ақшамыз қайда? Үйіміз қайда?
  • Тоқтаңыз, ағасы, қайдағы ақша? Қайдағы үйді айтып тұрсыз? Ерболханның бізбен жоғына, міне бүгін, екі апта.
  • Ерболхан бар ма, жоқ па, бізге бәрібір. Ол бізге екі жүз мың теңге қарыз, үйді де бізге беруге қолхат жазып берген, ертеңгі күнге шейін ақшаны да тауып беріп, үйді де босатып қойыңдар, түсінікті ме? – дейді де, машина есігін тарс етіп жауып, кетеді.

Дариға аң-таң болып, не жыларын, не күлерін білмей абдырап қалады. Үйге кіре берісте ойнап жатқан балаларды көріп, біраз жылап тұрып қалады. Біраз уақыттан кейін  үйге кіріп Қарлығашқа батадан жиналған ақшаны ұстатып, үйдегі киім-кешектерін жинап ертеңгі күні қаладағы пәтерге көшу керектігін  айтады да, мән-жайды түсіндірместен өзінің бөлмесіне кетіп қалады. Түсінбей қалған Қарлығаш, әпкесінің айтқан бұйрығын бұлжытпай орындайды да, балаларды шайға шақырып, тамағын береді. Кейін әпкесін шақырып не болғанын сұрайды:

  • Қарлығаш, манағы ер адамдарға Ерболхан ақшалай ұтылған ба, карта ойнаған ба, онысын білмеймін. Менің ойымша, үйді босатып кеткеніміз жөн, екі жүз мыңды қалдырып кетейік, оларға бұйырсын, бізді жайымызға қалдырсын, қарындасым менің, білем, ауылдан кеткін келмейді, бірақ амал нешік? Қой, менде киім-кешектерді жинайын, тұр.
  • Сіз оларды танисыз ба?
  • Мен бе? Мен? Жоға ол не сөзін? Мен оларды қайдан білейін? Сен де қай-қайдағыны айтып… Мен тұрайын киім көп.

Ертеңгісін әлгі адамдарға үйді босатып, қалалық өмір басталады. Алғашында балалар үйренбей, біраз уақыт бойы, жай ғана үйде өтетін, бір-екі апта уақыт аралығында аулаға да шығып ойнап жүретінді шығарды.  Тіпті, бір-екі айдан кейін мектепке барып, білім алып, талай белестерді бағындырған болатын.

*****

Қарлығаш өмірдің бар мәні бала-шаға  екенін түсінген сияқты, оның да білім алуға құштарлығы оянып, медицина саласын бітіріп, қазір  ауруханада жылдың үздік қызметкері атағын  үш ай бойы  мақтанышпен тасып жүр. Үлкен қызы Назым – ұядан қияға кетіп, өз махаббатын тауып, анасына екі бірдей немере сыйлаған еді, үлкен әпкесі Дариға қанатын жайған бүркіттей, ақ жаулықты әже атанғанына көңілі әлі де сенбей тұр, құдайдың жазғаны болар, қатты сырқаттанып, ол да көз жұмды, кетерінде жар дегенде жалғыз қарындасына бар жиған-тергенін қалдырды. Ұлы Әділ -Назарбаев мектебіне ауысып, Ресей Федерациясына  Қазақстан атынан дүниежүзілік олимпиадаға, білімін сынап, барып келген болатын, құр қол емес үшінші орынмен қайтып келді, ал кіші қызы он жаста болса да, халықаралық би жеңімпазы атанды. Әйтсе де, өмірдің бар қиыншылығына шыдаған Қарлығаш күндердің күнінде «әкеміз үн-түнсіз неге жоғалып кетті» деген сұрақты еститінін сезді. Бұл сұрақты Айлан үй тапсырмасын орындап жатқанда қойды. Абдырап, сасқалақтап не айтарын білмей қалған анасының сөзін, кешірім сұрап бөліп жіберген  ұлы Әділ  қарындасына:

  • Ол кісінің қайда екеніне не қызығушылығын оянды, Айлан. Оның бізді тастап кеткені аздай, сенің сағынатының не? Ол отбасын тастап кетті, демек, ол жаман адам деген сөз – деп кіші қарындасын басынан сипайды.
  • Жооқ, балам, ол тастап кеткен жоқ, ол жай … Ол бұны әдейі істеген жоқ, оның тағдыры солай болар, о дүниеге тым ертемен аттанып кетті, жандарым менің, әкелерің жақсы адам. Құдайға да жақсы адам керек дейді ғой….- деген апасының сөздерінен кейін балалары мұнайып қалады.
  • Сонда не, әкеміз аспанға ұшып кетті ме? Мен әкемізді көргім келеді, апатай, ертең әпкемдікіне соғып, әкеме барайықшы, өтінем, апа!- деп, Айлан шыр-пыр боп, жылайды.
  • Жарайды қызым, туған ауылға барып қайтайық. Қанша айтқанмен де ол кезде әпкелерің сегізде, сен Әділ алтыда, ал күнім Айлантай үште болатынсыңдар. Кетіп қалғандарымызды да ешкім білмейтін, ауылдағы әкелеріңнің басына барып қайтайық, көрші-көлеммен амандасып келейік.
  • Апатай туған жерімізді кішкене суреттеп беріңізші, өтінем, апа.
  • Ауылдағы көрші көлемнің бәрі тату болатын, әкетайларыңды барлығы түгелдей сыйлайтын. Көрші Зәуреш апай оны өз баласындай көретін. Өзінің көзі қап-қара, дөңгелек мұрынды, шашы қоңырлау, айтқан кеңестерінде толы сыр мен құпия… (көзі мөлдіреп кетеді) Туған жерлеріңде қаңқылдақ қаздар, ұшқын үйректер, аппақ аққулар көп еді, шіркін, әкелерің екеуміз күндіз жұмыстарымызен жүреміз де, түнде сол аққуларға қызығып бірге қарайтынбыз. Өзімізде екі аққу болатын, олар біздің түнде келетінімізді білетін, күн бата салысымен көлде ақырын ғана жүзіп жүретін еді. Әкелерің өмірден озар алдында, сол аққудың аталық сыңарын атып алған еді, аналық сыңары екеуміздің тағдыры бір болғаны ғой шамасы. Адамның өмірі алма кезек бір күн бақыт, енді бірі қайғығы толы…

Назарын салып, тыңдап отырған балаларына қарап, көзіне жас алады да:

  • Ертең ауыр күн, ауыл жаққа барамыз, қазір жатып тынығыңдар, ертеңгі күн тезірек басталсын десеңдер, ұйықтаңдар, қане…

Қарлығаш түнімейін  Ерболханды ойлады, олардың алғаш отау құрғандағы бақытты шақтары,  алғашқы кездесуі, нұрға толы мезгілдердің бәрі ұйқысын бұзды. Келесі күні Қарлығаш балаларына уәде еткендей, қызының отбасысымен бірге, туған ауылына аттанады. Өзінің ішінен не боларын уайымдап тұрған ол, не болса сол болсын, деп  қуаттанып баруға бел буды. Үлкен қызы да, отбасымен бірге туған жеріне баратынына қуанышты, иә, әрине, адамға туған жері қанша дегенмен де  қымбат!!!

Күн құбылып тұр, жол да алыс. Бірақ балалардың көңілінде еш қаяу жоқ, туған жердің жусан иісін сезініп жатқандай. Балалардың қуанышында шегі жоқ, әсіресе кішкене Айлан әкесін шын мәнінде көремін деп ойлады ғой, шамасы. Сапарлары ұзаққа созылды, жол бойында әр түрлі жан-жануаларды кездестіріп те үлгерді.

  • Құлындарым, машина үйіміздің қасына тоқтайды, алысқа кетпеңдер, сендер бұл жақты дұрыс білмейсіңдер ғой, Айлана, сен мені тыңдап тұрсың ба?
  • Иә, анашым, айтқаныңыз болсын!!!

Ұзақ жылдар бойы туылған жерінен  қашықта болған олар машинадан асыға, жанталаса жүгіріп  шықты. Үйлерін іздеп біраз жүрді. Анасы да, шамасы, ұмытып қалыпты. Көрші Зәуреш апай болмағанда , кім білер, адасып та кететін бе еді? Қарлығашты әрең дегенде таныған апай алғашында таңырқап, ауласынан басын шығарып қарайды да, кейін есігін ашып, далаға атып жүгіріп шығады:

  • Ой-ббуууу, мені алдап тұрған көзім бе, әлде бұл шынымен менің қызым ба? Жарығым, жарқыным, қалың қалай? Үнсіз неге жоғалып кеттің? Мені аямайсың ба? Мен мұнда жалғыз….
  • Апай жыламаңыз, мен, міне, аман-есен, немерелеріңізді алып келдім, апай, жыламаңызшы енді, мені бір жолға кешіріңіз, мұндай енді қайталабайды.
  • Бұл – Әділет, Айлан, Назым ба? Жарықтарым өсіп  кеткен екен. Жүріңдер, шай ішіп,  сергітіп алыңдар, шырақтарым менің, Зәурештің көзі көрмейді… Кеттік үйге!
  • Анашым біздің үйдің орны қайда?

Зәуреш апай көзіне жас толып кетті:

  • Үйлеріңді сендер кеткен күні-ақ бір адамдар келіп, бұзып, құлатып кеткен, сол жылы ауыл тілінен сендер кетпедіңдер.

Үйге кіре берісте жанұя суреті ілініп тұр екен, сол жерге жақындап қараған Назым көзіне кішкентай балалар түсті:

  • Апатай, бұл біз ғой?
  • Иә, – деп жақындайды суретке Қарлығаш. Мынау – әкелерің, мынау –  мен, мынау – інің, мынау – сен, мына – Зәуреш апайың, – деп картинаны ақырын сипайды.

Ауылдың қызығымен біраз бөгеліп қалады, бір аптадан  кейін қалалық өмірге қайтадан оралады.

Шамамен, бір жылдан кейін Қарлығашқа дәрігерлер ауыр дертпен ауыратынын айтыпты. Оның көзі тірі болғанда, биыл жасы елу жетіге келер еді. Мәйті сүйіктісінің қасында жерленіпті, балалары  Зәуреш апайларын қолдарына алып өздері бақытқа бөленді, ал сыңарсыз қалған аққу қайғыдан көз жұмған деп естідім» – деп әжем әңгімесін аяқтағанда мен қалғып ұйықтап жататынмын. Сол кезде әжем ақырын ғана үстімді жауып, есіктен шығып бара жатқанда «Сол Зәурешім қайда екен?» – деп ақырын сыбырлап кететіні әлі күнге дейін есімнен кетер емес.

*****

Мен де балаларым мен немерелеріме осы әңгімені айтып берермін. Туған жердің  қадірін білсін…..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *