Сабиева Айнур Сисенбаевна


Аты-жөні : Сабиева  Айнур Сисенбаевна

Қызметі: Директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары,  Есептеу техникасы мамандығының арнайы пән мұғалімі

Жұмыс орны: Мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорын  «Қарақия  кәсіптік  колледжі»

Педагогикалық тәжірибесі:15 жыл

Санаты: Жоғары

image-2

Марапаттар: 2011 жылы Маңғыстау облысының  білім басқармасының Мақтау қағазы (ІІ облыстық «Жас мамандар слеты»);

2011 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы;

2013 жылы Жетібай кәсіптік колледжінен Грамота (колледжішілік Үздік оқытушы-ІІІ орын);

2013 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасынан Диплом (Ғасыр кабинеті номинациясы);

2013 жылы Қарақия аудандық Азаматтық бастамасынан Алғыс хаты;

2013 жылы Қарақия ауданы әкімінің Алғыс хаты (Жұлдызды жұп);

2013 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғыс хаты;

2013 жылы Жетібай кәсіптік колледжінің Алғысы (еңбек кітапшасы);

2015 жылы Ұлттық Бизнес-Рейтинг «Жыл маманы 2015»;

2015 жылы Қарақия ауданы әкімінің Алғыс хаты; т.б.

 

Педагогикалық өмірбаяны

 

Сабиева Айнур Сисенбаевна  2004 жылы «Қайнар»  Алматы Университетінің Ақтау филиалында «Ақпараттық жүйелер» факультетінің «Ақпараттық жүйелер  маманы» біліктілігін алды.

Өзінің педагогикалық қызметін  2002 жылы  №3 орта мектепте  информатика пәнінің мұғалімі болып бастады. Оқытушы өзінің бойында оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге қабілеті  бар екенін бірден көрсете бастады. Оқушыларды айналасына жинап, оларды өзіне баурап алатын қасиеті бар екенін мектеп әкімшілігі бірден байқады. Оның оқушылары Тауасаров Қожагелді; Нұрадинов Қайрақбай аудандық олимпиададан 1-орынға ие болып, облыстық олимпиадаға қатысты.

2007 жылы тамыз айында Сабиева Айнур №3 орта мектепте оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін істеп бастады. Ұжым мүшелері оңай тіл табысып, оқу-тәрбие үрдісін басқаруда оқытудың әдістемелік жағынан көбірек көңіл бөліп, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысқанда олардың қызметтеріне диагностикалық талдау жасайды.

2008 жылы тамыз айынан бастап Қарақия кәсіптік колледжінде «ЭЕТ және БҚ» мамандығын оқитын топтың арнаулы пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.  2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  студенттері  арасындағы «ЭЕТ және БҚ» мамандығы бойынша облыстық олимпиадаға 2-курс студенті Вели Қанагүл қатысты. 2013 жылы «Үздік информатика кабинеті» облыстық байқауына қатысып «Ғасыр кабинеті» номинациясын алды. 2012 жылдан бастап бітіруші түлектердің біліктілігін айқындау тест тапсырмаларына дайындық жұмыстарын жүргізіп, жыл сайын 100% сапа көрсетіп келеді.

2002-2007 жылдар арасында  информатика пәнінің мұғалімі, 2007-2008 жылдар арасында №3 орта мектепте   директордың  оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2013 жылдар  арасында  Қарақия кәсіптік колледжінде «ЭЕТ және БҚ» мамандығының өндірістік оқу шебері және арнайы пән мұғалімі болып еңбек еткен.

Құрық ауылындағы Қарақия кәсіптік колледжінде 2013 жылдан бері директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары және «ЭЕТ және БҚ» мамандығының арнайы пән мұғалімі.

2012 жылы «Электронды оқулық дайындау методикасы» бойынша әдістемелік нұсқаулығын жасақталып, колледжішілік таратылды.

2012 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  студенттері  арасындағы «ЭЕТ және БҚ» мамандығы бойынша облыстық олимпиадаға 2-курс студенті Вели Қанагүл қатысып «Web-дизайндерді жасауда FlipBook әсерін қолдану» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.

2012 жылдан бастап бітіруші түлектердің біліктілігін айқындау тест тапсырмаларына дайындық жұмыстарын жүргізіп, жыл сайын 100% сапа көрсетіп келеді.

2013 жылы «Үздік информатика кабинеті» облыстық байқауына қатысып «Ғасыр кабинеті» номинациясын алды.

2013 жылы Қарақия кәсіптік колледжінің 1-3 курстар арасынан «Жас бағдарламашы» атты колледжішілік ғылыми жобалар байқауын өткізді.

2014 жылы «Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды қолдану» атты Орта Азияның Еуразия Қоры және Қазақстандық  информатика мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдастырыған тренингте «Техникалық  және кәсіби білім беру мекемелерінің оқу үрдісінде оқытудың жаңа техникалық құралдарын пайдалану»  тақырыбында оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетті.

2015 жылы «Информатика пәнін оқытуда сабақ берудің жаңа әдістерін пайдалану» атты колледжішілік ғылыми-практикалық конференциясы – «Flip әсері арқылы беттерді аудару  тәсілдерімен сайт жасау» баяндама оқыды.

2016 жылы «Жаңа инновациялық  технологияларды  оқу үрдісіне енгізу  арқылы  бәсекеге  қабілетті  маман даярлау» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумында «Ms Eхcel бағдарламасындағы деректер қоры» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *