8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шараның сценарийі


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының музыка жетекшісі

Байбосынова Гулия Скаковна    

Көгілдір экран алдында

Даярлық тобы

Ұлдар гүлдермен жігіттер әуенмен кіреді, музыкалывқ композиция жасап жартылай шеңберге тұрады.

Мында не болып жатыр? Аналарымыз келіпті ғой.Сәлем сіздерге Қыздарымыз қайда?Қашан олар келеді? Кәнеки қыздарды ортаға шақырайық.

Қыздар көңіл әуенмен залға кіреді, ұлдардың ортасына тұрады.

Жүрг:Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі.

Тақпақтар:

Ән: «Көктем келді»

Жүрг: Құрметті қонақтар! Біз бүгін сіздерді бізбен бірге көңілденіп демалуға көктемгі мерекені тойлауға шақырып отырмыз.Қымбатты аналар және әжелер, сәздер өздеріңіз күнде үйде қалай дем аласыздар?

Жүрг: Сіздер жақсы дем алуды біледі екенсіндер.Жуырда біздің елімізде өткізген блиц сұрақтар бойынша ең жақсы демалудың түрі теледидар және диван екенің білдік.Есік қағылады.

(сулпак фирмасының 2-қызметкері әдемі лентамен байланған теледидарды кіргізеді.

Диана: фирма қырметкері:Сәлеметсіздерме, құрметті достар! Біздің сулпак фирмамыз сіздерді 8-наурыз мерекелерінізбен құттықтайды және теледидар сыйлайды.

Жүрг: Бұл қандай теледидар.

Фирма: Бұл көлемі өте үлкен, көрсету бейнесінің көлемі де өте үлкен  және мынадай үлкен интерактивті экраны бар-ерекше теледидар.Қазір біз қосамыз.

Фирма: Дайын.Ал сіздерге көгілдір экран алдында жақсы дем алуға тілектеспіз.Біздің сулпақ дүкендерімізге келініздер және мерекелік жеңілдіктерді пайдаланыныздар.Жақсы сау болыныздар.

Жаңалықтар бағдарламасы қосылады.Хабар каналдың логотипін көрсетеді.

Жүрг: Құрметті қонақтар! Сіздерге хабар арнасы ұсынады. Жердің тон кеудесін ертіп, жылдың ең тамаша мезгілі көктем келді.

Армысын көктем

Аңсадым көптен,аңсады тау да, дала да.

Қызғалдақтар құлпырды, тамылжып аралар

Құтты болсын бүгінгі

Тойларыныз аналар!

Көктем залға кіреді.

Көктем: Сәлеметсіндерме, достарым, қонақтар!

Қандай көңілдісіндер,

Асыр салып қуантып

Көптен күткен көктеммін

Тербеліп мен жеткенмін

Жүрг: Амансын ба, ару көктем!Өзінді тосудамыз, өзінмен бірге аналар мерекесі,күннің мерекесі келді.

Көктем: Әрине, менің келуіммен күн жылынады, қар ери бастайды, табиғат оянып ең алғашқы гүлдер-бәйшешектер гүлдейді.

Әжелер, аналар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүрг: Ару көктем, сізді де осы мерекемен құттықтай отыра, сізге де арнап ән шырқап береміз.

Ән:

Көктем: рахмет, балалар! Дауыстарың қандай әдемі.Менің сендерге алып келген гүлдерім бар.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ білем.

Көктем келді күлімдеп

Міне саған гүлім деп.

 

Жүрг: Көктемнің алғашқы гүлдердің биін біздің қыздарымыз аналарына сыйлайды.

Би:  гүлдермен

Көктем: Сендерге әкелген ойыным бар.

Ойын: «Гүл сыйла»

Көктем гүл шоғымен өткізеді.

Көктем: Ал, балалар өздерің өте көңілді екенсіндер, ән айтып, би биледіңдер.Сендерге көп рахмет. Мерекені жалғастыра беріндер,менің кететін уақытым болды, орманға барып табиғатты оятайын, аңдар мен құстар мені тосуда.Сау болындар. Көктем кетеді.

Жүрг: 1-ші аранада жарнама.

Шаш-адамның көркі.түрлі шампуньдер, бояулар, аналарымыздың шашын көркейтеді. Ғажайып шаштарды көріңіздер.

Дефиле

Ритмикалық музыка әуеннің ырғағымен париктер киіп шығады ұлдар.

Жүрг: 2-арнада  «Әзіл сықақ» 8-наурыз мерекесіне сайыс жариялаймыз.

Достарым, достарым

Құр босқа отырмандар

Би билеп,өлең айтып

Көңілді дем алындар

Кане сөйле Қазақстан!

Ән сал, Павлодар!

Әзілқай біздің жігіттер

Ортаға шығып келеді.

Қыздарды да құттықтап

Әзіл ән айтып береді.

«Әзіл-сықақ»

1-Балабақшадан қалмаймыз

Жалқаулыққа бармаймыз

Мерекеде қыздарға

Ұлдар жырын арнаймыз.

2-ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзіде

Дильназдың бііздің топта

Әдемі ғой көзі де.

3-Үздік оқып сабағын бәрімізге жағатын

Алина кейде қырсықса

Түйіп алар қабағын

4-Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар дауысы

Биязы қыз Амина

Өзі де ұяң әдемі

5-Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата анасы Аружанға

Әдемі есім теңгерген

6-Сабағын жақсы оқиды

Көңілге бәрін тоқиды

Үндемей жүрген әйгерім

Нені ойлап толқиды.

Жүрг: Эфирда ағылшынша сөйлейміз.

Ән

Жүрг: Эфирде «Денсаулық» бағдарламасы.

Құрметті көрермендер, сіздер деңсаулық сақтауды білесіндер ме?

Аэробика

Жүрг: Қазақстан бағдарламасына қош келдініздер.

Бәрі орнында ма, қараныздаршы?Ата аналар , балалармен экран алдында , ал ас үйде су сылдырлатып ағызып ыдыс жуып жатқан кім?Ол біздің әжелеріміз.Әжелерімізді күтейік, ыстық шай ішкізіп қадірлейік.

Тақпақтар:

Жүрг: Қысылып еш саспандар

Қызықты ойын бастандар

Әжелердің көңілін

Бір көтеріп тастандар.

Ойын: «Мейірімді сөздер» (семицветик)

Жүрг1-ші арнада Айгөлек бағдарламасы.

Ал балалар тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Қарап тұрмай жан жаққа

Қол ұстасып билейік

Жүрг: Анасын бір жоқ күннің

Әжесін бір жоқ күнің

Ұсынамыз біз бүгін

Сіздерге «                  » биін.

Жүрг: Хабарымызды жалғастырамыз.Кәзір қазақстандықтар үшін өте қиын кезең! 8- наурызға арнап сыйлық тауып алып көрші. Қиын, өте қиын мәселе. Ал менің достарым сендер 8-наурыз мерекесіне сыйлық дайындадындар ма?

Сыйлықтар ұсыну.

Ән: «ақ мамам»

Жүрг: Наурыз күні! Ана күні! Әлем күні!

Әлемді тебірендірер ана үні!

Анасыз жан туған жоқ қой жер бетінде

Ұғып ал, балаларым сендер мұны.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *