«Алтын қақпа» лингвистикалық ойын


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының тәрбиешісі

Кыдырханова  Дидар Талгатовна

Бүгін біз  «Алтын қақпа»лингвистикалық ойында мақал-мәтелдердің тереңде жатқан қыр-сырына үңілеміз.

Ойын шарты бойынша қатысушылардың арасынан І кезеңнің ойыншысын анықтау үшін мынадай жұмбақ жасырылады:

Қыс болса үйде тұрмайды,

Қырдан төмен зырлайды. (Шана)

І кезең ойыншысын анықтадық.

Сізге сәттіойын тілейміз. Ендіше Тас қақпаның сұрағына жауап беріп көрелік.

Адамның жүзі-ақылдың айнасы.

Жүз сөзінің мағынасын ашыңыз.(адамның бет әлпеті, өңі.)

Тас қақпамыз ашылды.Ішінен күміс шашылды демекші, енді Күміс қақпаның сұрағына назар салайық.

Ақыл-адамның көрігі,

Ақылдың сабыр- серігі.

Сабыр сөзінің мағынасын ашыңыз.(шыдам,тағат,төзім)

Күміс қақпаның сұрағын дұрыс жауап бердіңіз,сізге «Алтын қақпаны» ашу үлгісі тиіп отыр.

Ақыл ағадан,ілтипат ініден

-Ілтипат сөзінгің мағынасын ашыңыз(ықылас, көңіл,пейіл)

Алтын қақпаның сұрағына дұрыс жауап бердіңіз.

Нар тәуекел деп аталатын Алтын сандықты ашасыз ба, әлде осыны қанағат етесіз бе? Алтын садықтың ішінде екі конверт, біреуін ашайық.

Сұрақ : Жүрек –ер, бас-кемеңгер.

Кемеңгер сөзінің мағынасын ашыңыз (дана,данышпан.)

ІІ кезең ойыншысын анықтау үшін мына жұмақтың шешуін кім табады,сол ІІкезең ойыншысы боп табылады.

Жоқ қолы, не аяғы,

Терезеге қонады.

Әсем ою ояды,

Көркем сурет салады.(Аяз)

ІІ кезең ойыншысын анықтадық.

Адамның әдемілігі- шыншылдығына

Шыншыл сөзінің мағынасын ашыңыз.(турашыл, адал)

Тас қақпамыз ашылды.Ішінен күміс шашылды демекші, «Күміс қақпаның» сұрағына назар салайық.

Ақыл азбайды,

Әділдік тозбайды.

Арамдық озбайды

Әділдік сөзінің мағынасын ашыңыз(дұрыстық, шындық, жақсы ниет)

«Күміс қақпаның» сұрағын дұрыс жауап бердіңіз,сізге «Алтын қақпаны» ашу үлгісі тиіп отыр.

Ақылсыз адам менімен келер,

Ақылды адам кеңнен келер.

Менмен Сөзінің мағынасын ашыңыз.(тәкаппар,өр көкірек, өзімшіл.)

«Күміс қақпаның» сұрағын дұрыс жауап бердіңіз  «Нар тәуекел» деп Алтын сандықты ашасыз ба,әлде осыны қанағат етесіз бе? Алтын садықтың ішінде екі конверт,біреуін ашайық. Сұрақ:

Шындық қамал бұзар

Камал сөзінің мағынасын ашу керек.(тосқауыл,бөгет,кедергі)

Келесі кезегімізді бастаймыз ІІІ кезең ойыншысын анықтау үшін мына жұмақтың жауабын кім тапса,сол-ІІІ кезең ойыншысы.

Бес балаға бір бешпент,

Бірге киіп,бір шешпек. (қолғап )

ІІІ кезең ойыншысын анықтадық.

Әділ істің арты игі.

Іс-сөзінің мағынасын ашсаңыз. (жұмыс,қызмет,шаруа)

Тас қақпамыз ашылды, ішінен күміс шашылды демекші, «Күміс қақпаның» сұрағына назар салайық.

Ақмақта ар болмас.

Ар сөзінің мағынасын ашыңыз.(намыс, адамгершілік,ұят.)

«Күміс қақпаың» сұрағына дұрыс жауап бердіңіз,енді «Алтын қақпаны» ашу үлесі тиіп отыр.

Кішіпейілдік деген кішілік емес, кісілік.

Кісілік сөзінің мағынасын ашу керек.(адамгершілік, азаматтық.)

«Күміс қақпаның»сұрағын дұрыс жауап бердіңіз  «Нар тәуекел» деп Алтын сандықты ашасыз ба,әлде осыны қанағат етесіз бе? Алтын садықтың ішінде екі конверт,біреуін ашайық. Сұрақ:

Болат қынға тоқтайды

Тентек топқа тоқтайды

Жомарт жоққа тоқтайды.

Жомарт сөзінің мағынасын ашу.(қолы ашық, береген)

Келесі кезенімізді бастайық ІУ кезең ойыншысын анықтау үшін мына жұмбақтың шешуін кім табады, сол оқушы-ІУ кезең ойыншысы.

Қызып едім –мойнын бұрмады.

Ұстайын деп едім- қолға тұрмады.

Жауабы :Боран

ІУкезең ойыншысын анықтайық.

Шыбын да аңқаудың аузын анықтайды.

Аңқау –сөзінің мағынасын .(Қулық білмейтін, аңғал, аңғырт адам)

Тас қақпамыз ашылды.Енді Күміс қақпаның сұрағына назар салайық.

Сыпайы сырын сақтар,

Әдепті арын сақтар.

Сыр сөзінің мағынасын ашсаңыз.(әркімнің өзіне тән, өзгеге белгісіз құпия)

«Күміс қақпаның» сұрағына дұрыс жауап бердіңіз.

Сізге «Алтын қақпаны» ашу үлгісі тиіп отыр.

Ұялған сыбағасынан құр қалар.

Сыбаға сөзінің мағынасын ашыңыз.(қадірімді, сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті,мүше.)

«Алтын қақпаның» сұрағын дұрыс жауап бердіңіз  «Нар тәуекел» деп Алтын сандықты ашасыз ба,әлде осыны қанағат етесіз бе? Алтын садықтың ішінде екі конверт,біреуін ашайық. Сұрақ:

Болбыр адамның бұқасын қасқыр жейді,

Берік адамның бұқасын тасқыр жейді.

Болбыр сөзінің мағынасын аш (болжыр, бос,босаң)

Жеңімпаз ойыншыны марапаттау.

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *