Кунапьянова Айгуль Мухамедкановна


Аты-жөні:Кунапьянова Айгуль Мухамедкановна

Қызметі:мұғалім

Жұмыс орны:ШҚО,Өскеменқаласы, «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

Мекен-жайы:Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:28 жыл

Санаты:жоғары

2

Педагогикалық өмірбаяны

Кунапьянова Айгуль Мухамедкановна 1988 жылы Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жаратылыстану факультетін бітірді. Еңбек жолын  облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында тәрбиеші болып бастады.1992 жылдан бастап Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде география –биология пәндері мұғалімі болып еңбек етіп келеді.Шығармашылық ізденіспен өз тәжірибесін байыта білетін іскер ұстаз оқу-тәрбие үрдісін сапалық деңгейге көтере білуге айрықша көңіл бөледі. Айгуль Мухамедкановна оқушының жан-жақты шығармашылық қызметін ұйымдастыруда баланың дербес қабілеті мен іскерлігін дамытатындай нәтижеге жетуге ынталандыру мақсаты мен міндетін үнемі басты назарында ұстайды.    География пәнінен атаулы мектепте берген семинарлар мен сабақтары жоғары бағаланып, іс-тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. 11 сынып оқушылары үшін облыстық инновациялық орталығында ұлттық бірыңғай тестке дайындау бойынша онлайн сабақ беріп тәжірибе бөлісіп отырады. «География сабағында экологиялық тәрбие беру» тақырыбында шығармашылық жұмыстар жүргізе білді.Оның нәтижесі облыс, қала бойынша өтетін экологиялық байқаулардан оқушылары жүлделі орындармен бірнеше жыл қатар көрініп жүр.Оқушылары мектепішілік, қалалық, облыстық пән олимпиадаларына,ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып жүлделі орындар иеленіп келеді. Ұстаздың  қалалық,облыстық ғылыми конференцияларда «Модульдік технологияның оқушының танымдық қабілеттеріне әсері», «География сабағында оқушылардың шығармашылықтарын арттыру жолдары», «Туған жердің табиғаты мен экологиясы» баяндамалары жоғары деңгейде бағаланды.А.Мухамедкановна оқушылардың өз туған жерін толық меңгеру мақсатында аймақтық       компоненттерді пайдалана отыра 7 сыныпқа арналған 34 сағаттық «Өлкетану» бағдарламасын жасады.Оқушыларымен бірге үнемі қалалық балалар шығармашылық үйімен, облыстық экологиялық орталықпен тығыз байланыс жасап, ондағы өтіп жатқан шараларға белсене қатысады. 11 сыныпқа арналған Ұлттық Бірыңғай Тестке арналған тестер жинағын шығарды. Мұғалім сабақтан тыс өтетін іс-шараларға да, тәрбие ісіне де үлкен мән беріп, белсене қатысады. Сынып жетекші ретінде ата-аналармен тығыз байланыс жасап, қолынан келген көмегін беріп отырады.      Ұстаз мақалалары баспасөз беттерінде жиі жарық көріп тұрады. А.Кунапьянованың оқушылары жыл сайын география пәні бойынша Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден жоғары көрсеткішке жетіп, республиканың атақты жоғары оқу орындарына грантқа оқуға түсіп, еліміздің жоғары орындарында қызмет істеп жүр.Айгуль Мухамедкановна –ұжымда, ата-аналар, оқушылар арасында сыйлы, беделді ұстаз.Өйткені ол –өзінің еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алатын, әлеуеті жоғары, жаңалыққа жаны құштар ізденімпаз мұғалім.Өзі ұзақ жылдар еңбек  еткен  білім  ордасының белсенді мүшесі ретінде әріптестеріне, сондай-ақ шәкірттеріне де үнемі қол ұшын беруден аянған емес.Өзінің ұзақ жылдардағы ұстаздық қызметінде жинақтаған тәжірибесін белгілі бір жүйеге, мақсатты бағытқа негіздей білді.Осы ретте әрбір шәкірт бойында өз пәніне деген сүйіспеншілікті оята білген ұстаз қоғам, адам, мемлекет және оның жарқын келешегінің игілікті жолында асыл уақытын,ақыл-ойы мен жігерін ғана жұмсап қойған жоқ, сол қоғамның болашағы –жастар тәрбиесі жолында тер төккен абзал азамат.Еліне адал еңбек етіп, жас ұрпаққа білім берген білікті педагог. Айгуль Мухамедкановнаның шәкірттеріне әлі де берері көп, әлі де талай жеке тұлғаларды қалыптастырып, білім шыңына жетелейді.  Ал ұстазды  алға жетелейтін –шыдамдылық.

 

МАРАПАТТАРЫ:

1.2013 жылы облыстық білім беру департаменті өлшеусіз еңбетерін ескере  отырып өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істері үшін  мақтау грамотасы.

2.2014 жылы қалалық оқу бөлімі «Мұғалімдердің ең үздік порфолиосы» байқауынан 2- орын алған үшін мақтау грамотасы.

3.2013-2016 жылдары оқушыларға экологиялық білім беріп тәрбиелегені үшін облыстық эко-биоорталығынан мақтау грамотасымен.

4.2014-2015 жылы оқушыларды ҰБТ-ға сапалы дайындағаны үшін қалалық оқу бөлімі департаментінен мақтау грамотасы.

5.2014-2015 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік гуманитарлық университтетерінің ректоратынан оқушыларға сапалы білім бергені үшін алғыс хаттары

  1. Шығыс Қазақстан Облыстық Білім басқармасы « Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұралары» атты облыстық педагогикалық оқуларына қатысқаны үшін сертификат
  2. 2016 жылы Республикалық ғылыми өндірістік орталығы «Генофонд Евразии» «Қазақстан сулары» Республикалық шығармашылық байқауына қатысқаны үшін мақтау грамотасы.

8.2016 жылы Облыстық Экобиоорталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Мәңгілік ел – болашағымыздың бағдары» мектеп оқушыларымен  мұғалімдердің мерейтойлық аймақтық экологиялық- биологиялық конференциясына қатысып, шығармашлық жұмыс атқарған үшін мақтау грамотасы.

  1. 2016 жылы Руспубликалық Білім- беру әдістемелік орталығы білім алушылар арасындағы тұңғыш президент күніне арналған «Болашаққа президентімізбен бірге» байқауында балалардың патриоттық және әлеуметтік белсенділігін қалыптастырып талантты балаларды анықтап, қолдау көсеткені үшін мақтау грамотасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *