Амангельдина Айгүл Амангелдіқызы


Аты-жөні: Амангельдина Айгүл Амангелдіқызы

Қызметі:Директордың орынбасары; Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны:Ақтөбе қаласы, ММ «№16 орта мектебі»

Педагогикалық тәжірибесі:15 жыл

Санаты:бірінші

Марапаттар:Ақтөбе қ. «Үздік бастауыш класс мұғалімі», Диплом 1 орын

Ақтөбе қалалық кәсіподақ комитеті, Алғыс хат

Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Алғыс хат

МАНЭиИ, За подготовку побидителя, Грамота

Педагогикалық өмірбаян

 

Мен , Амангельдина Айгүл Амангелдіқызы 2001 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін «Үздік дипломмен» бітіріп, еңбек жолымды туған жерім Ақтөбенің Шалқар ауданы Бершүгір орта мектебінде бастадым.Одан соң 2007 жылы білімімді жоғарылатып, «Педагогика және психология» мамандығын меңгердім. Жалпы еңбек өтілім 15 жыл.

Бершүгір орта мектебінде 2001-2009 жылдар аралығында жұмыс жасап, Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. Екінші санат куәлігін алдым.

2009 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы №16 орта мектебінде жұмыс жасап келемін. Осы уақытқа дейін Бастауыш сынып мұғалімі, Бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі, ал 2015 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымындамын. 2012 жылы 1 санат куәлігін алдым.

Педагог ретінде үнемі ізденіс үстінде жүремін. Өзім де оқушыларым да  ұйымдастырылған іс шараларға қатысып тұрамыз. Баспаға материалдарымды жіберіп, іс-тәжірибеммен бөлісіп, біліктілігімді арттырып отырамын.

Осы жылдарда 1 «Алтын белгі» иесін тәрбиелесем, 3 өзге ұлт өкілін қазақ тілінде білім алуға тарттым. Олар орыс ұлтынан Потапенко Александар, қалалық «Үздік жоба-2014» сайысында 2 орынды иеленді, Хабибулина Наталья шығармашылықпен айналысса, ұлты украин Череватый Давид  жас тілші ретінде түрлі кездесу, форумдарға қатысады. Өзге ұлт өкілдірін қазақ тіліне ғашық қыла білсем –бұл менің ел Тәуелсіздігіне тамшыдай қосқан үлесім деп білемін.

Білім жетілдіруім:

«Педагогикалық мониторинг-сапалы білім берудің кепілі».Ақтөбе,2011 ж.

«Жазғы демалыс лагерінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы» Ақтөбе,2013 ж.

«Жазғы демалыс лагерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» Ақтөбе,2013 ж.

«Оқушылардың  функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және арттыру» Ақтөбе,2014 ж.

«Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» Ақтөбе,2014 ж.

«Методика применения новых технологий обучения в начальных классах» Ақтөбе,2014 ж.

«Ақтөбе облысы білім беру саласының табысты менеджерлер мектебі» Ақтөбе,2016 ж.

 

Марапаттарым: Ақтөбе қ. «Үздік бастауыш класс мұғалімі», Диплом 1 орын-2012 ж.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Алғыс хат-2014 ж.

МАНЭиИ, За подготовку побидителя Международн.олимп., Грамота-2015 г.

Ақтөбе қалалық кәсіподақ комитеті, Алғыс хат-2016 ж.

 

Оқушыларымның жетістіктері:

Ақтөбе облысының білім басқармасы  Бектібай Нұрбол «Шығармашылық қобдиша-2012»

Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын»

«Кішкентай зияткерлер» интеллект.ойын Мажит Мадина, Диплом 2 орын, 2013 ж.

Ақтөбе облысының білім басқармасы «Ақтөбе-Дарын» орт. «Бақытты балалық шақ» Ахатаева Ақнұр, Сертификат-2013 ж.

Ақтөбе қаласы «Үздік жоба-2014», Диплом 2 орын.

Халықаралық экология және инженерия Академиясы матем.олимпиада Сағынбай Әсел, Диплом 2 орын, 2015 ж.

Түктібаева Ақниет «Алтын белгі иегері» 2015 ж.

Облыстық «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» патриоттар форумы, Череватый Давид- «Тіл жанашыры» -2016 ж.

 

(Білім жетілдіру мен марапаттар, оқушы жетістіктері

соңғы 5 жылдық бойынша жазылды).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *