Тәуелсіздікке 25 жыл


Шымкент қаласы

№103 ЖОМ 2 «ә» сынып оқушысы

Үмбетов Бекарыс

Сынып жетекшісі: Буриева Гүлбахар

16- желтоқсан еліміздің ең үлкен ең басты мерекесі. Бұдан 25 жыл алдын, 16 –желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.  1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Біздің тұңғыш президентіміз болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі,қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. Тәуелсіз деген толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес деген мағынаны білдіреді. Ал егемен-өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз. Қазақстан – туымен тұғырлы. Елтаңбасымен еңселі. Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Көк туымызда көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыраны бар. Қазақстан Республикасының елтаңбасында көгілдір түс астында шаңырақ бейнеленген. Ал әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырады.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн.

Ол кезде бас қаламыз Алматы еді.Қазір өте сұлу, әрі әсем жаңа қаламыз  соғылды. Ол біздің бас қаламыз Астана қаласы. Біз жыл сайын 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесін тойлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *