Белгинова Нағима Шөкенайқызы


Тегі, аты, әкесінің аты :Белгинова Нағима Шөкенайқызы

Қызметі :Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны :«Отрадный негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы :Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Отрадный ауылы

Жұмыс өтілі:Жалпы:  40 лет

Педагогикалық: 34  жыл

Санаты:Жоғарғы; тағайындалды –  2006 жылы,   расталды – 2012 жылы

 1

Қазақстан мұғалімдерінің Құрмет тақтасына  үміткер

Белгинова Нағима Шөкенайқызының

 педагогикалық тәжірибесі.

 

Белгинова Нағима Шөкенайқызы 1959 жылдың 10 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылында дүниеге келген.

Нағима Шөкенайқызы бала жасынан кішкентай балаларды жақсы көргендіктен бала бақшасының тәрбиешісі мамандығының иегері  болуды армандаған. Сол арманының бастауы 1980 жылы  ашылып, Балқаш педагогикалық училищесіне бала бақшасының тәрбиешісі мамандығына оқуға түсті. 1983 жылы аталмыш училищені қызыл дипломмен аяқтап, 1987 жылға дейін Балқаш қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде жұмыс істеді.

Нағима Шөкенайқызының мұғалімдік қызметі 1987 жылдан бастап бұрынғы Торғай облысы (қазіргі Ақмола облысы) Державинск ауданының Гастелло ауылында Гастелло атындағы совхоз-техникумында басталды. Оқу орнының  жабылуынан кейін 1989 жылы сол ауданның Отрадный орта мектебіне орыс сыныптарындағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметіне жолдама алды. Содан бері 28 жыл көлемінде  аталмыш мектепте мұғалімдік  қызмет атқарып жүр. 2000 жылы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 2005 жылы қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.   2008-2011 жылдар аралығында Нагима Шөкенайқызы мектеп басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды және өз міндетін риясыз орындады.  Көптеген жылдар қатарынан үзіліссіз  гуманитарлық пәндер әдістемелік  бірлестігінің жетекшісі қызметін атқарды.

Нағима Шөкенайқызы  өзін  өте білімді, талапты, өз пәнін жақсы білетін  ұстаз ретінде таныта білді.  1992 жылдан бастап Нағима Шөкенайқызының  шәкірттері          орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен түрлі жарыстарға қатысып,  жүлделі орындарға ие бола бастады. Ол сайыстар: пәндік олимпиадалар, «Абай оқулары», «Махамбет оқулары»», «Жарқын болашақ», «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз», «Мұқағали оқулары», облыстық, республикалық сайыстар мен олимпиадалар және басқа көптеген байқаулар. Содан бері мектебіміз қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінен аудандық рейтинг бойынша  жоғары сатылардан көрініп жүр. Нағима Шөкенайқызы  өзі де  мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық  әдістемелік шараларға белсене қатысады, көптеген  мақтау қағаздары бар.

Нағима Шөкенайқызының сабақтары жоғары деңгейде өтеді. Өзінің тәжірибесімен аудан мектептерінің мұғалімдері арасында тәжірибе  алмасулар өткізіп, жас мұғалімдерге үнемі әдістемелік көмек көрсетіп отырады.  Сонымен қатар  ұстаздың тағы бір мақтанарлық жақтары – мектеп бітіруші түлектер жыл сайын  қазақ тілі пәнінен Ұлттық Бірыңғай тестілеуден  жақсы нәтижелерге жетіп, 100 пайыздық көрсеткіштер беріп жүр.

Белгинова Нағима Шөкенайқызын  оқушылары жақсы көреді,  сабақтарына және сыныптан тыс шараларға белсене  қатысады.  Ұстаздың талапкершілдігі, өз ісіне тиянақтылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін әдеті  оқушыларға, әріптестеріне ұнайды.  Мұғалім өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді меңгертуде бар күшін, білімін, уақытын аямай жұмсайды.  Ауылдастардың көбіне  үлгі бола білетін, абыройы жоғары ұстаздың  алдағы уақытта да өз ісінің шебері болуын жалғастыратынына сеніміміз мол.

 

 

Жетістіктері туралы  мемлекеттік марапаттаулары,

мақтау қағаздары, алғыс хаттары,

дипломдары мен сертификаттары

Жылдар Марапаттаулары
1992 жыл Державинск аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы
1995 жыл Державинск аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы
1997 жыл Қазақстан Республикасы  Білім Министрлігі Торғай облыстық  білім басқармасының  құрмет грамотасы
2001 жыл «Сынып жетекшісі-2001» аудандық сайысының жеңімпазының дипломы
2003 жыл Жарқайың ауданы  Білім бөлімінің мақтау грамотасы
2003 жыл Жарқайың ауданы ТОО «Ақтөбе» мекемесінің алғыс хаты
2004 жыл Жарқайың ауданы Әкімінің алғыс хаты
2004  жыл Жарқайың ауданы Білім бөлімінің «Гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдерінің жаңашыл іс-әрекетінің панорамасы» аудандық сайысында  жүлделі 2-орынға ие болғаны үшін мақтау грамотасы
2004 жыл Жарқайың аудандық Білім бөлімінің оқушыларды пәндік олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін мақтау грамотасы
2004 жыл Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің республикалық III съезінің делегаты
2006 жыл Жарқайың аудандық Білім бөлімінің жыл қорытындысы бойынша мақтау қағазы
2006 жыл Аудандық «Үздік аудармашы» сайысында 1-орынға ие болғаны үшін  алғыс хат
2006 жыл Жарқайың ауданы «Білім бөлімі» ММ-нің аудандық «Жыл мұғалімі-2006» сайысында 1-орынға ие болғаны үшін мақтау грамотасы
2006 жыл Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хаты
2006 жыл Ақмола облысы Білім департаментінің «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауына белсене қатысқаны және  кәсіби шеберлігі үшін мақтау грамотасы
2013 жыл Жарқайың аудандық «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде өткізілген семинардың белсенді қатысушысы
2013 жыл Жарқайың аудандық «Білім бөлімі»ММ-*нің мақтау грамотасы
2015 жыл Қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық  «Демиург» қашықтық олимпиадасының 3-дәрежелі дипломы № ДП001781
2016 жыл Ақмола облыстық «Жас ұлан» және Ақмола облыстық «Білім басқармасы» ММ-нің «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауында оқушысы 3-орынды иеленгені үшін дипломы
2016 жыл ҚР «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының  қазақ тілі мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат № 847117
2016 жыл Педагогтарға арналған «Умната» жалпыресейлік сайысының блиц-олимпиадасына қатысып, 1-орын алғаны үшін диплом № umn1-213580
2016 жыл «Мектеп ұстаздарының әлемі»  Республикалық педагогикалық басылымның журналында және сайтында  сабақ және сыныптан тыс жұмыстар жариялағаны үшін сертификаттар  (тіркеу № 01922 және 02088) және алғыс хатпен  (№ 01425) марапатталды
2016 жыл «I-school generation» жалпықазақстандық қашықтық олимпи- адасында 6-8 сынып оқушылары қазақ тілінен  1-орынды иеленгені үшін мұғалімге алғыс хаты № 000739
2016 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *