Мухатова Райхан Шпекпаевна


Аты-жөні :Мухатова Райхан Шпекпаевна

Қызметі:Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны :Ақмола облысы Ерейментау  ауданы

Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта  мектебі

Мекен жайы :Ақмола облысы Ерейментау  ауданы

Новомарковка ауылы

Педагогикалық тәжірибесі:38 жыл

Санаты:жоғары санатты

%d0%bb%d0%b5%d0%be%d0%bd%d0%b8%d0%b4

Марапаттар:2001 жыл Ерейментау аудандық білім бөлімі,«Жыл мұғалімі-2011» мадақтама,

Аудандық олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін,2011 жыл,2014 жыл.Тәрбие ісі жөнінде,Қ Р Тәуелсіздігінің 20 жылдығы,-аудандық ,Облыс әкімінің «,Алғыс хаты» 2012 жыл,Грамота-Халықаралық пед-қ инновацилар Жәрмеңкесінде-2014жыл облыстық,

Аудан әкімінің «Алғыс хаты»-2014 жыл, Аудан әкімінің «Құрмет грамотасы»-ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында-2016 жыл.

 

Педагогикалық өмірбаяны

 

Ақмола облысы  Ерейментау ауданы

Новомарковка орта   мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Білімім жоғары. Еңбек өтілім-38 жыл. Бастауыш сыныптарға дәріс беремін.

Ұстаздық мамандықты   мектеп  қабырғасында жүріп жүрек қалауыммен  таңдаған едім. ЦГПИ-дің ПиМНО факультетін аяқтап,бастауыш сыныптарға дәріс бергеніме де,37жыл өткенін де білмей қалыппын.  Әсіресе,бастауыш сыныпқа дәріс беру өте қызықты, қиын да,жауапты қызмет екенін де естен шығармаймын.

Ал қазір сол арманыма қол жеткізіп, 38жыл мектеп қабырғасында бүлдіршіндермен жұмыс атқарып келемін.

Шәкірт жүрегіне жол таба білетін – мұғалім. Қай заманның болсын мұғалімі алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық жағынан да сауатты болуы тиіс. Сонымен қатар балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.

Беделді ұстаз – мектептің жүрегі де, тірегі. Оған жетудің бір ғана жолы – білім мен білігіңді  оқу арқылы толықтырып отыру. Білім-білігің мықты болса, басшы да, қосшы да алдың ды қиып өтпейді.  Балалармен жұмыс істегеннен асқан бақыт бар ма? Олардың пәк көңілін көріп жүрудің өзі – бір ғанибет қой.

Халық данагерлері “Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды”, – деп ақыл етіп айтқанындай, ұстаз да мың жасамайды, ол өзіне ұқсап баққан, білім сүйер шәкірттері арқасында ғана мың жылдап өмір кешеді.

Қазір заман талабына сай  дамыта  оқытудың  жаңа технологияларын пайдаланып,әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып.Алдымдағы шәкірттеріме сапалы білім,саналы тәрбие берудемін.

Менің әдістемелік жұмыс істейтін тақырыбым: «Дамыта оқыту  және ойын әрекеті арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру».

Мен осы технологияны өз сабақтарымда қолдануда алдыма мынадай мақсаттар қоя отырып жұмыс жасай -мын:ең алдымен сабақ барысында оқушылардың  жас ерекшелігін ескеру,  қабілет деңгейін анықтай отырып,  тілін дамыту ға,өзіндік жұмыс жасауға үйрету,ойлау қабілеттерін арттыра түсу,білік дағдыларын қалыптас -тыруға,өз ойларын еркін жеткізе білуге баулимын.Сонымен қатар әр пәннен даму мониторингісін құрып,ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушы стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуға көңіл бөлудемін.

Осы  технологияны  пайдалануда  жақсы  нәтиже көрсеткіштеріне жетіп,өз  жемісімнің нәтижесін  көріп  отырмын деуге  болады. Оқушыларым бастауыш  сыныптың  бағдарламасын толық  меңгеріп,орта 5-сыныпта қиналмай, өз  деңгейлерінде білімнің  нәрімен  сусыңдап  жатыр  дей  аламын.

Еңбегімнің жемісіне марапаттау,мақтау,құрмет грамотасымен  мектептен,аудан бөлімінен,аудан,облыс әкімдерінен алған  алғыс хаттарымен марапатталға иегерлердің бірі мен боламын деп айта аламын,және осы  қағаздарымның тізімін сіздерге салып отырмын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *