Диханова Ақ-Жазык Джаманкуловна


Аты-жөні: Диханова Ақ-Жазык Джаманкуловна

Қызметі: География-биология пәнінің оқытушысы

Жұмыс орны :«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Көктем» шағынауданы

Педагогикалық тәжірибесі:35 жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2013ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

Педагогикалық өмірбаяны

Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білім мен өнегесін жас ұрпаққа арнайтын, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын ұстаздардың бірі де бірегейі – Диханова Ак-Жазык Джаманкуловна. 1976 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Жаратылыстану» факультетіне оқуға түседі. Осы оқу орнын 1981 жылы бітіріп, Бекдаш поселкесіндегі №1 орта мектебінде  география-биология пәні мұғалімі болып алғашқы еңбек жолын бастап, жұмысқа орналасады. 1999 жылы Қазақстанға қоныс аударуына байланысты, Жаңаөзен қаласындағы Қ.Күржіманұлы  атындағы №8 орта мектепке биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. 2008-2009 оқу жылынан бастап Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде студенттерге география-биология пәнінен сабақ береді. Осы жылдар аралығында өзінің өнегелі, тәжірибелі маман екенін көрсете жүріп, жас мамандарға үлгі болды. Бойындағы жаңашылдыққа құштарлық, іскерлік қабілеті оның шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашты.

Сабақ барысында алға қоятын мақсаты – оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Бұл мұғалімнен үздіксіз ізденіп, жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануды талап етеді.

Диханова Ак-Жазык өзінің теориялық білімімен көзге түсіп жүрген үлгілі ұстаздардың қатарында. Ол өз пәнін терең білетін, әдістемелік шеберлігі шыңдалған, саяси идеялық білімі жоғары ұстаз. Сабақты  тиімді өткізудің алуан түрлі әдістерін қолдана біледі. Әрбір сабағы тартымды әрі қызықты өтеді. Атап айтқанда: В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдарын, схемаларын», Ж. Караевтың «Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын», М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын»  кеңінен пайдаланады. Ұстаздың кәсіптік лицейде өткізген ашық сабақтары әріптестер тарапынан жоғары бағалануда. Сынып жетекшісі ретінде де  атқарған жұмыстарына да көңіл бөлетін болсақ, ол ІІІ курстың 90-топтың жетекшілік қызметін қоса атқарып жүр.  Колледжішілік  ата-аналармен, ұстаз-шеберлермен, оқушылармен «Ақылды қария – ағып жатқан дария» атты тәрбие сағатын кең көлемде өткізіп, оқушыларды Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездестіріп, олардың өнегелі-үлгілі  әңгімелерін тыңдата отырып, оқушылардың патриоттық сезімдерін оята білді. Сыныптан тыс шараларына тоқталатын болсақ,   «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «ХХІ ғасырда болашақ ұрпаққа төнген қатер!» т.б. іс-шаралары жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Сонымен қатар «Қиын бала тағдыры толғантады» атты мақаласы 2015 жылдың 28 қаңтар күні «Маңғыстау» газетінде жарияланды. Диханова Ак-Жазыктың «География» атты І курс студенттеріне арналған әдістемелік практикалық құралы ОблБАИ кеңесінің шешімі  бойынша №412 хаттамасымен бекітілді. Ал  «Биология пәнінен сұрақтар жинағы», «Биология пәнінен тест» жинақтары колледжішілік әдістемелік кеңесте бекітілді.

Биылғы оқу жылында  Ак-Жазык апай «Микроэволюция және популяция. Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық. Сұрыптау. Бейімделушілік» тақырыбында өткізген облыстық ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. «Цитология негіздері тақырыбына арналған әдістемелік көмекші құрал» облыстық әдістемелік кеңесте бекітілді. Мұғалім еңбегі ешуақытта өтеусіз қалмақ емес. Бұған дәлел 35 жыл еңбек еткен Диханова Ак-Жазык Джаманкуловнаның еңбегі бағаланып, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Диханова Ак-Жазык мол іс-тәжірибесі арқылы әріптестеріне үлгі бола алатын  өз ісінің шебері, сауатты маман. Өзінен кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсететін ақылшы-тәлімгер ұстаз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *