Қаржаубаева Гүлбақыт Көздібайқызы


Аты-жөні :Қаржаубаева Гүлбақыт Көздібайқызы

Қызметі:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Жұмыс орны :«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Педагогикалық тәжірибесі: 27 жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2015ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғысы

Педагогикалық өмірбаяны:
Қаржаубаева Гүлбақыт Көздібайқызы 1971 жылы 3 қыркүйекте Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келді . 1978 жылы Жаңаөзен қаласындағы № 5 орта мектепке 1 сыныбына қабылдандым.1983-1984 оқу жылдарында отбасы жағдайыма байланысты Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылындағы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектепте 3 жыл оқыды. 1987- 1988 оқу жылдарында Жаңаөзен қаласындағы № 1 Төлесин Әлиев атындағы орта мектептен 10 сыныпты аяқтадым. 1991-1996 жылдар аралығында Атырау қаласындағы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні факультетінде оқып диплом алды. 1999 жылы Жаңаөзен қаласындағы № 1 орта мектепте 2006 жылға дейін осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ берді.Ұстаздық өмірде ұстанған мақсаты: «Инновациялық әдіс-тәсілдерді ұлттық педагогикамен ұштастыра отырып оқыту мен тәрбиелеу» болатын. 2006 жылдан бастап қазіргі таңда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беріп келеді. Осы жылдар ішінде өзімнің және сабақ берген топтарымның жетестіктерін атап өтер болсам, колледжішілік олимпиадаларға,сайыстарға, ғылыми жобаларға студенттерді қатыстырып отырдым. 2012 ж.  әдістемелік құрал ретінде « Қазақ тілі» пәні бойынша тест жинағы, «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша тест жинағы, «Диктанттар динағы» жасақталды. 2012 ж. Лицейішілік алғашқы бұйымдар сайысында ІІ орын алған 104 топ студенті Оңғаев Нұртас марапатталады.  2012-2013 ж. колледжішілік «Өз тіліңді құрметте!» атты онкүндікте еткен шығармалар байқауында 107 топ студенті Жаңабаев Ерлан І орын иегері. 2013 ж. Ақтау қаласындағы  Қазақстан Республикасы кіші ғылым академиясының Маңғыстау филиалы жанында ғылыми конференцияға 98 топ студенті Жанәділов Қанат «Маңғыстау ақын – жырауларының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында өз баяндамасын ұсынды. 2015 ж. «Жалпы ұлттық құндылық – ЕЛ БІРЛІГІ» атты облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясына белсенді қатысқаны үшін Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің І курс студенті Аманғалиев Мейрамбек  «Алғыс хат» берілді. 2015ж. Жаңаөзен қаласы Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Мәңгі өшпес, жарық жұлдыз» қалалық шығармалар байқауына қатысқаны үшін Алпанова Гүлбақыт марапатталады.
2016ж. Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу- әдістемелік кабинеті Әдеби – сазды кеш «Жырлайды жүрек» (М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл).
2016ж.Жаңаөзен қаласындағы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан «Әуелден өлең – жырға құштар жанмын» атты қалалық өлең оқу сайысында ІІ орын Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті Нұрғалиев Беркін марапатталады. 2016ж. «Тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылық мұрасы» атты облыстық форумның «Тәуелсіз елдің тарихи мұрасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге белсене қатысып, тәуелсіз елдің тарихи құндылықтарын насихаттау аясында қосқан идеялары үшін Г. Қаржаубаева серфикат берілді. 2016ж. Мангистауского научно – исследовательского конкурса «Менің шежірем» посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан. Благодарственное письмо.

Гүлбақыт Көздібайқызы – өз ісінің шебері ол колледжішілік және облыстық семинарларға қатысып өз шеберлігін жетілдіріп отырады. Ұжымда көпшілікпен  тіл табыса алады. Өзінің кәсіби білігі мен біліктілігін шығармашылықпен ізденістер жолында таныта білген, заман талабына сай мұғалім. Колледждің студенттерге  білім беру мен тәрбиелеудегі жұмыстарына белсене араласады. Өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиісті тапсырмаларды тиянақты орындайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *