Булекбаева Бакыт


Аты-жөні :Булекбаева Бакыт

Қызметі: Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы

Жұмыс орны :«Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Педагогикалық тәжірибесі: 30жыл

Санаты:Жоғары біліктілік санат

Марапаттар:2013ж. Маңғыстау облыстық білім басқармасының Алғыс хаты

Педагогикалық өмірбаяны:

Үнемі ізденісте жүретін, жүрегінің мейірімі мен білім нәрін шәкірттеріне арнаған ұстаздардың бірі – Булекбаева  Бақыт Мақсымқызы. 1963  жылдың  22-наурызында Түркменстан  Республикасы, Ташауыз  облысы  Октябрь  ауданында  дүниеге келді. Білімі-  жоғары. 1986 жылы Ашхабад  қаласында  Түркмен  мемлекеттік  университетінің  филология факультетін  бітірді. Қазіргі  таңда  Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің бірінші санатты орыс  тілі  және  әдебиеті  пәні  мұғалімі.

Булекбаева  Бақыт Мақсымқызы – педагогика саласында озық үлгіде жүйелі еңбек етіп жүрген парасатты ұстаз. Оқушыларды сөз құдіретінің мазмұнын түсінуге, сөздік қорын молайтып, грамматиканы жетік меңгертуге баулу – оның алға қойған ұстанымы. Бақыт Мақсымқызы оқу үрдісінде технологиялық құнды әдістерді тиімді пайдаланып, сабақтарын түрлендіріп өткізуге ерекше көңіл бөледі. Бұл мұғалімнің үздіксіз ізденіп, жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануды талап етеді. Тәжірибелі ұстаз, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарын жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, түрлендіріп өткізеді. Өткізген «Что?Где?Когда?» сайыс сабағы, «Имя существительные», «Обстоятельство, выраженное существительным в родительным падеже», «Имя прилагательное», «Местоимение», «Фразеологизмы» тақырыбындағы ашық сабақтары тартымды, оқушыларға үйретері мол сабақтар болды. «Нет, весь я не умру…», «Мағжан- поэзияның хас шебері», «Есіңе мені алғайсың», «Цветы любимому писателю», «Вечер поэзии», «Знаешь ли,ты русский язык?» сахналық қойылымдары, сонымен қатар «Ер есімі-ел есінде» атты тәрбиелік шаралары оқушылар мен ата-ана арасын жалғап қана қоймай, ұстаздардың да көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды.

Бақыт Мақсымқызы өз сабақтарында үнемі үлестірмелі парақшалар, тест жұмыстарын,  интерактивті тақта мен слайдтарды тиімді пайдаланады. Жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарында үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі  жаңа технология әдістерін, модульдік оқыту, деңгейлеп оқытуды басшылыққа ала отырып, сабақтарын түрлендіріп өткізеді. Жетістіктері: 2012 жылы «Үздік топ жетекші» Мақтау қағазы, 2013жылы Жаңаөзен қалалық жастар орталығынан Алғыс хат, 2013жылы «Жаңаөзен жұлдыздары» байқауынан диплом, 2013жылы «Бірлік-байрағым, өнер-ардағым» ақындар айтысынан мақтау қағазы, 2013жылы Қазақстан студенттер Альянсы атынан Алғыс хат, 2014жылы қалалық «Мерейлі отбасы» байқауынан Алғыс хат, 2015жылы «Асыл әже, ғасыр әже-тұнып тұрған өнеге» атты қалалық байқаудан диплом, 2015жылы «Көп балалы ана» Алғыс хаты, 2016 жылы қалалық «Өнегелі отбасы» байқауынан Алғыс хат. 2016жылы облыстық «Менің шежірем» байқауынан Алғыс хат. Баспасөз бетінде жарияланған материалдары: «Жаңаөзен жаршысы» газетінде «Ел бірлігіне нық сеніммен қарайық» атты мақала, Колледж жетістіктері «Жаңаөзен» газеті, «Үш тұғырлы тіл» мақаласы «Зияткер» журналында, «Тағылымы мол семинар» атты мақала «Жаңаөзен» газетінде жарияланды. Осы жылдың наурыз айында өткен облыстық әдістемелік күнде қорғаған шығармашылық есебі әріптестер тарапынан «жақсы» деген бағаға ие болды. 2013жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

Бақыт Мақсымқызы – өз мамандығын жете меңгерген, ерінбей еңбек ететін, талмай ізденетін, өз ісіне шын берілген ұстаз. Ол пән мұғалімі, топ жетекшісі қызметімен қоса, жас мамандар мектебінің жетекшілігін де атқарып жүрген, колледждегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Өзінен кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсететін ақылшы- тәлімгер ұстаз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *