Мұстафаева Рада Нагимовна


Аты – жөні:Мұстафаева Рада Нагимовна

Қызметі:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмыс орны:Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі

Мекен жайы:Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесі

Педагогикалық тәжірибесі:2004-2013 жылдар аралығында мектеп директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша бірінші (ілгері) деңгейлі оқыту курсын аяқтады. Мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында құрылған  «Шаңырақ» кәсіби қоғамдастығының жетекшісі. Сабақты түрлендіріп, жаңаша өтеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін және сабақ өтудің жаңа тәсілдерін көрсетіп, жеті модуль элементтерін тиімді пайдаланады.

Көп жылдардан бері аудандық шығармашылық топтың мүшесі.

Баспасөз беттерінде  «Инновациялық оқыту- білімді тереңдетеді», «Білімділік пен біліктілік өнеге», «Ұстаз болу – жүректің батылдығы», «Көп тілді білу- өркениетті елдің болашағы»деген тақырыптарда мақалалары жарық көрді.

Санаты:Жоғары

0

Марапаттары:Облыстық білім департаментінің Құрмет  грамотасы,

Оңтүстік Қазақстан облысы ПКБА және ҚДИ грамотасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихаттың  Құрмет  грамотасы

Аудан әкімінің  Құрмет  грамотасы мен Алғыс хаттары

Түлкібас аудандық білім бөлімінің Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттары

Педагогикалық өмірбаяны

 

Мұстафаева Рада Нагимовна 1984 жылы   Т.Г. Шевченко  атындағы Нөкіс Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген. Мамандығы – филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Сол жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ  беріп келеді. Алғаш еңбек жолын  Қоңырат қаласындағы №58  жалпы орта мектебінде бастаған. 1986-1990 жылдары мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары қызметін қоса атқарған.

1993 жылдан бері Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесіндегі Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде өз мамандығы бойынша сабақ береді. Оқушылары аудандық, облыстық пән олимпиадасының, облыстық, Республикалық ғылыми жоба қорғау жұмыстарының жүлдегерлері.  Шәкірті Теңгебаева Әйгерім Қазақстан Республикасы Кіші ғылыми Академиясының Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында өзінің ғылыми жоба жұмысын қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушысы Тұрдалиева Арайлым облыстық пән олимпиадасына қатысып, облыстық  білім департаментінің граматосын иеленді. Ол сол жылы облыстық ғылыми жоба қорғау жұмысына қатысып, Оңтүстік Қазақстан Кіші ғылыми Академиясының грамотасына ие болды. Арайлым облыстық шығармалар байқауында ІІІ орын алып, облыстық  білім департаментінің ІІІ дәрежелі дипломын алды. Оқушысы Уралиев Шахмардан Қазақстан Республикасы Кіші ғылыми Академиясының облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Кіші ғылыми Академиясының облыстық іріктеу кезеңінде оқушыларын нәтижелі дайындап, жүлделі орындарға ие болғаны үшін Мақтау грамотасымен марапатталды.

Шәкірті Тілеуова Әсем аудандық білім сайысында екі рет 2-орын, бір рет 1-орын иеленді. Білім сайысына оқушысын жоғары деңгейде дайындағаны үшін аудандық білім бөлімінің бірнеше рет Мақтау қағазына ие болды.

2004-2013 жылдар аралығында мектеп директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша бірінші (ілгері) деңгейлі оқыту курсын аяқтады. Мектептердегі ортақ проблемаларды шешу үшін мектеп аясында және аудан мен географиялық жақын орналасқан мектептер арасында тәжірибе алмасу мақсатында құрылған  «Шаңырақ» кәсіби қоғамдастығының жетекшісі. Сабақты түрлендіріп, жаңаша өтеді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін және сабақ өтудің жаңа тәсілдерін көрсетіп, жеті модуль элементтерін тиімді пайдаланады.

Көп жылдардан бері аудандық шығармашылық топтың мүшесі.

Баспасөз беттерінде  «Инновациялық оқыту- білімді тереңдетеді», «Білімділік пен біліктілік өнеге», «Ұстаз болу – жүректің батылдығы», «Көп тілді білу- өркениетті елдің болашағы»деген тақырыптарда мақалалары жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *