Тулебаева Самал Ахмоллаевна


Аты – жөні:  Тулебаева Самал Ахмоллаевна

Қызметі:  биология – химия пәні мұғалімі

Жұмыс орны: СҚО.Есіл ауданы, «Тауағаш орта мектебі» КММ

Мекен жайы:  Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылы, Мектеп көшесі

Педагогикалық тәжірибесі:   16 жыл

Санаты:  Бірінші санатты

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba%d1%82%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d0%ba%d1%83%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%b3%d1%96

Марапаттар: 2012ж мектеп директорының мадақтамасы, 2013ж аудандық оқу бөлімінен мадақтама, 2014 ж мектеп директорының мадақтамасы, 2014ж аудандық ғылыми жобадан оқушысы 2 орын иеленді, аудандық олимпиадалардан оқушысы 2 орын иеленді, 2015 – 2016 оқу жылы мектеп директорының мадақтамасы. 2016 – 2017 оқу жылы «Нұрлы болашақ» республикалық олимпиадалар өткізу орталығы алғыс хат,аудандық оқу бөлімінен «Табиғатқа дос бол» өлең шығару конкурсынан 1 – орын иемденген оқушыма және өзіме жетекшісі ретінде алғыс хат

Педагогикалық өмірбаяны

Мен, Тулебаева Самал Ахмоллақызы биология – химия пәні мұғалімі ретінде 16 жыл еңбек етудемін. Ұлы ақын Абай атамыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, мен өз өмірімді ұстаздық жолға арнадым.

Бала оқытуда менің әдістемелік мәселем: «Озық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру және оқушылардың ізденімпаздық, танымдық қасиеттерін көтеру».Жаңа технологияны жүзеге асырып, тиімділігіне қарай пайдаланып, педагогикалық мақсат – мүддесіне байланысты жаңа технологияны жүзеге асыру үстіндемін.

Соның нәтижелерін мына жұмыстарымнан көруге болады.

2012 – 2013 оқу жылы  I біліктілік санатты алдым, оқушым Сиванбаева Қымбат  «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 3 – орынды иеленді, жоспарланған мектепішілік мұғалімдер кеңесінде «Ғылыми жоба жазудағы қойылатын талаптар» атты, аудандық семинарға қатысып «Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жолдары» тақырыбында баяндама оқыдым. Облыс көлемінде «Білім бұлағы» атты ақпараттық ғылыми – әдістемелік журналға «Өсімдіктердің көбею мүшелері» сабақ жоспарының үлгісі және «Солтүстік Қазақстан» газетіне «Құстар – біздің досымыз» атты кеш жайлы мақала басылымға шықты.

2013 -2014 оқу жылы республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде оқушым Ибраева Әлия 2 – орынды иеленді, осы оқу жылдары мектеп директорының атынан және аудандық оқу бөлімінен мадақтама қағазын алдым.

2014 – 2015 оқу жылы оқушым Ибраева Әлия республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде биология пәнінен  2 – орынға ие болды, интернет арқылы инфоурок сайтына сабақ жоспарын жіберіп свидетельство алдым. Мектеп  директорының мадақтамасымен марапатталдым.

Биылғы оқу жылында аудандық тамыз конференциясында «Бейінді оқыту – жаратылыстану – математика пәндері бойынша ҰБТ – ға дайындау үрдісінде мектеп түлектерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру шарты ретінде» атты баяндама оқыдым. «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтық олимпиадаға оқушым қатысып 2 – дәрежелі сертификат, ал кураторы ретінде маған алғыс хат берілді. «Учитель XXI века» атты сайтта «Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі» атты сабақ жоспарымды  жариялап, куәлік алдым. Астана қаласына ғылыми әдістемелік «Алсем – Астана» орталығынан  «Білгір химиктер» атты кеш басылымға шықты. Солтүстік Қазақстан газетіне «Түлектер саяжолы» тақырыбында және Республикалық «Қазіргі Қазақстан мектебі»  журналына  мақалам баспаға шықты. Аудандық оқу бөлімінен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Табиғатқа досбол» өлең шығару конкурсынан оқушым 1 – орын, «Қызыл кітап» суреттер байқауына оқушым қатысып жүлделі  3- орынды иеленді. Ал өзім жетекшісі ретінде алғыс хатпен марапатталдым. Аудандық пән олимпиадасынан биология пәнінен оқушым 3 – орынға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *