Аргимбаева Асем Елюбаевна


Аты-жөні: Аргимбаева Асем Елюбаевна

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны: «Тауағаш орта мектебі» КММ

Мекен жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылы

Педагогикалық тәжірибесі: 21 жыл

Санаты: Жоғары деңгейлі бірінші санат

%d1%81%d0%ba%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c10004

 

Марапаттар Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы 2013 ж, Мектеп директорының «Алғыс хаты» 2014 ж, Мектеп директорының Құрмет мадақтамасы  2015 ж, Аудан әкімінің  Құрмет грамотасы 2015 ж,  ІҮ Республикалық «Зерек»  атты оқушылардың ғылыми жұмыстар сайысының дипломы Астана 2016 ж, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПК БАИ «Алғыс хат» 2016 ж, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Алғыс хаты» 2016 ж.

Педагогикалық өмірбаян

        Мен, Аргимбаева Асем Елюбаевна, 1995 жылы Петропавл педагогикалық колледжін, ал 2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін  бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым. 1995 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін «Тауағаш орта мектебі» КММ-де бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Жалпы еңбек өтілім – 21 жыл.  Бастауыш сыныптан орта буынға бірнеше рет шәкірттерімді шығарып салдым. Шәкірттерімнің алды әр салада қызмет көрсетіп жатыр. Білім басы бастауышта қаланатын болғандықтан бастауыш мұғалімі өз саласын жетік білуі тиіс. Сондықтан әр оқу жылында өз білімімді, шығармашылығымды, кәсіптік деңгейімді шыңдап отырамын. Бұл республикалық, облыстық баспасөз беттерінде, интернет арқылы қазақстандық, ресейлік ұстаздарға арналған танымдық сайттарда, қашықтық олимпиада,  семинарларға қатысып тұрамын. Сонымен қатар шәкірттерімді де қолдап, әртүрлі қашықтық сайыстарға қатыстырып, жүлделі орындарға ие болудамыз. Соңғы жылдардағы жетістіктерді айта кетсем, 2014 жылы халықаралық дистанционды пәнаралық «Азбука жизни» блиц-турнирге бір оқушым қатысып ІІІ дәрежелі диплом, математика пәні бойынша «Новый урок» халықаралық дистанциондық сайысына 2 оқушы қатысып сертификат, 2015 жылы ХІ Республикалық «Зерде» зерттеу жұмысынан 1 оқушы ІІІ дәрежелі диплом, 2016 жылы ІV Республикалық «Зерек» ғылыми жұмыстары сайысынан 1 оқушы 3-ші орын, тағы бір оқушы республикалық «Жұлдызды жаз, менімен бол…»  интернет байқауының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Жыл сайын «Ақ бота», «Кенгуру», «ПОНИ», «Русский медвежонок» сияқты интеллектуалды сайыстарға да қатысып тұрады. Өзім облыс, аудан, мектеп көлемінде де семинарларға қатысып, баяндамалар оқып жүрмін. Облыстық семинарда «Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуы», аудандық тамыз семинарында «Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу», мектепте пед.кеңесте «Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын жетілдіру мәселесі», ата-аналар жиналысында «Жегің келсе адал ас, еңбекке ерте аралас» атты баяндамалар оқыдым. «Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың тілін, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту» мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмын. Сабақтарымда жеті модульді ықпалдастыра отырып жүргіземін.

Тәжірибеммен бөлісу мақсатында республикалық «Мектептегі мерекелер» журналына тәрбие жұмыстарымның сценарилерін, республикалық «Бастауыш мектеп», «Алсем-Астана», облыстық «Білім бұлағы» журналдарында сабақ жоспарларым басылып шықты. Сондай-ақ әріптестеріммен бірігіп «Бастауыш сынып оқушыларын «н-ң», «з-ж», «р-л», «с-ш», «ж-ш» дыбыстарын сауатты оқу және жазуға үйрететін тапсырмалар жинағы» атты әдістемелік құралын басып шығардық. Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың « Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚБАИ» оқып, 2016 жылы сертификат алдым. Қазіргі уақытта білімімді әлі де жетілдіру мақсатында, «Бастауыш білім мазмұнын жаңарту» (12-жылдық мектептің үлгісі) тақырыбында  «Интеллектуальный центр «БАЗИС» халықаралық семинарға қатысудамы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *