Сабитов Ержан Акжигитович


Аты – жөні:  Сабитов Ержан Акжигитович

Қызметі:  математика пәні мұғалімі

Жұмыс орны: СҚО.Есіл ауданы, «Тауағаш орта мектебі» КММ

Мекен жайы:  Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылы

Педагогикалық тәжірибесі:   14 жыл

Санаты:  Бірінші санатты

%d1%81%d0%ba%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c10010

Марапаттар: 2012ж мектеп директорының мадақтамасы, 2013ж аудандық оқу бөлімінен мадақтама, 2014 ж мектеп директорының мадақтамасы, 2014ж аудандық ғылыми жобадан оқушысы 2 орын иеленді, аудандық олимпиадалардан оқушысы 2 орын иеленді, 2015 – 2016 оқу жылы мектеп директорының мадақтамасы. 2016 – 2017 оқу жылы «Нұрлы болашақ» республикалық олимпиадалар өткізу орталығы алғыс хат

 

Педагогикалық өмірбаяны.

Мен, Сабитов Ержан Ақжігітұлы математика пәні мұғалімі ретінде 14жыл еңбек етудемін. Ұлы ақын Абай атамыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, мен өз өмірімді ұстаздық жолға арнадым.

Бала оқытуда менің әдістемелік мәселем: «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдан отырып, сабақ барысына оқушылардың ойлау қызметтік аналитиктік синтездік қызметке бағыттау        Бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тулғаны қалыптастыру және дамыту».

Соның нәтижелерін мына жұмыстарымнан көруге болады.

2012 – 2013 оқу жылы  I біліктілік санатты алдым, оқушым Сиванбаева Қымбат   аудандық олимпиадан 3 – орынды иеленді, жоспарланған мектепішілік мұғалімдер кеңесінде «Ғылыми жоба жазудағы қойылатын талаптар» атты, аудандық семинарға қатысып «Оқушыларды ҰБТ – ға дайындау жолдары» тақырыбында баяндама оқыдым. Облыс көлемінде «Білім бұлағы» атты ақпараттық ғылыми – әдістемелік журналға «Қысқаша көбейту формулалары» сабақ жоспарының үлгісі басылымға шықты.

2013 -2014 оқу жылы– Сиванбаева Қымбат   аудандық олимпиадан 1 орынды иеленді, осы оқу жылдары мектеп директорының атынан және аудандық оқу бөлімінен мадақтама қағазын алдым. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгейді аяқтап, сертификат алдым.

2015 – 2016 оқу жылы оқушым Айтжан Мәди «Зерде» зерттеу жұмысына қатысып ІІ – орынға ие болды, интернет арқылы инфоурок сайтына сабақ жоспарын жіберіп свидетельство алдым. Аудандық семинарда «Сабақты зерттеу мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындау тәсілі ретінде»тақырыбында баяндама оқыдым. «Білім-Арна»Қазақстандық Педагогикалық Журналдар Қауымдастығы журналына «Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» тақырыбына сабақ жоспары жарияланды.Мектеп  директорының мадақтамасымен марапатталдым.

Биылғы оқу жылында аудандық тамыз конференциясында «Бейінді оқыту – жаратылыстану – математика пәндері бойынша «Математика пәні сабақтарында оқушылардың креативті ойлау тәсілдерін дамыту»тақырыбына  баяндама оқыдым.  «АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану» атты республикалық сайысқа қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтықтық олимпиадаға оқушым қатысып 2 – дәрежелі сертификат, ал кураторы ретінде маған алғыс хат берілді.«Математика сабақтарында оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» қашықтықтан оқыту семинарына қатысып, диплом алдым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *