Сагандыкова Жанар Сериковна


Аты – жөні:  Сагандыкова Жанар Сериковна

Қызметі:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыс орны: СҚО.Есіл ауданы, «Тауағаш орта мектебі» КММ

Мекен жайы:  Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылы

Педагогикалық тәжірибесі:   9жыл

Санаты:  Жоғары деңгейлі бірінші санат

%d0%ba%d0%b0%d1%82%d0%b5%d0%b3%d0%be%d1%80%d0%b8%d1%8f

Марапаттар: 2012,2013,2014,2015жылдары мектеп директорының мадақтамасы, 2015ж. аудандық оқу бөлімінен мадақтама, халықаралық семинарға қатысқаным үшін дипломмен марапатталдым.  Оқушыларым «KATEV»  Жарқын болашақ олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып жүлделі орындарды иеленді. 2015-2016 оқу жылдары ғылыми жобалар сайсының аудандық кезеңінен 10-сынып оқушысы Рустемова А. «Есімдер сыры» атты ғылыми жобасымен жүлделі ІІ орынды иеленді. Облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Тест тапсырып, 84 ұпайды алды. Республикалық кезеңге қатысып, сертификат табысталды. КИО-ға оқушыларым мен өзім де қатысып, сертификат табысталды.Оқушыларым пәндік олимпиадалардың аудандық, облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарды иеленгені үшін мадақтама грамотамен марапатталды.

Педагогикалық өмірбаяны

                            «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның  педагогы қажет» деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Осы мақсатты алдыма қоя отырып, менің білім жетілдіру мәселем: Озық технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық ой-өрісі кең, білімі сапалы, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлғаны қалыптастыру. Мен аталмыш мектепте 9 жыл қызмет атқарып келемін. Осы 9 жыл ішінде алдымнан білім алған шәкірттерім біраз жетістіктерге жетті, шәкірттерімнін биік шыңнан көрінгені, өзімнің биік шыңға жеткенім. Мен сабақ кезінде Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың жеке дамуына аса көңіл бөлемін. Сонымен қатар Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқыту да дамыған технологияға жатады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. Сатылай кешенді талдау технологиясын да қолданамын, әсіресе қазақ әдебиеті сабақтарында. Көлемді шығармаларды талдауға тиімді.

2014-2015 оқу жылы оқушыларым «KATEV»  Жарқын болашақ олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып жүлделі орындарды иеленді. 11-сынып оқушысы Ибраева А. «Қазақ тіліндегі «ң» дыбысы» атты ғылыми жобадан І орын, 11-сынып оқушысы Ғайнолла М. шығармалар сайысынан І орын, өз өнерін көрсетіп, қазақ халқының ұлттық әндерін айтудан 8-сынып оқушысы Симбаева Г. жүлделі ІІ орынды және қазақ әдебиетінен тест жазып, өз білімін көрсеткен 9-сынып оқушысы Сиванбаева Қ. жүлделі ІІ орынды иеленді. Абай оқуларына қатысып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан  9-сынып оқушысы Рустемова А. жүлделі І орынды, Абай әндерін орындаудан 6-сынып оқушысы Шаймолда Д. жүлделі ІІ орынды, Махамбет оқуларынан 11-сынып оқушысы Ғайнолла М. жүлделі ІІ орынды, Фариза оқуларынан 11-сынып оқушысы Ибраева А. жүлделі ІІІ орынды иеленді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген батырлар жырынан үзінді жатқа оқудан 8-сынып оқушысы Малдыбаева Н. жүлделі І орынға ие болды. Облыстық кезеңге қатысып, сертификатпен марапатталды. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық білім бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталдым. «Есіл таңы» газетінің №15(469) 03.04.20015жылғы нөміріне  «Аспаннан нұр жаудырып, Әз Наурыз келді еліме!» атты мақалам басылып шықты. 11-сынып оқушылары ҰБТ көрсеткішінде орта есеппен 22 пайызды көрсетті.

2015-2016 оқу жылдары ғылыми жобалар сайсының аудандық кезеңінен 10-сынып оқушысы Рустемова А. «Есімдер сыры» атты ғылыми жобасымен жүлделі ІІ орынды иеленді. Облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Тест тапсырып, 84 ұпайды алды. Оқушыларым Қазақстан Интернет олимпиадасына қатысып, сертификат табысталды. Пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 11-сынып оқушысы Нагуманова А. жүлделі І орынды иеленді. Облыстық кезеңге қатысып, сертификат табысталды.  «KATEV»  Жарқын болашақ олимпиадасының аудандық  кезеңінде 8-сынып оқушысы Эбишева Л. ғылыми жобадан жүлделі ІІ орынды, 9-сынып оқушысы Симбаева Г. қазақ халқының ұлттық әндерін орындаудан жүлделі ІІ орынды,  10-сынып оқушысы Сиванбаева Қ. қазақ әдеиетінен өз білімін жақсы көрсеткені үшін,  жүлделі ІІІ орынды, мәнерлеп оқудан 7-сынып оқушысы Серғали З. жүлделі І орынды иеленді. Серғали З. облыстық кезеңге қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсіл – табысты мектепке қадам» атты аудандық тамыз конференциясында «Мемлекеттік тілді оқытуда дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары» атты баяндама оқыдым.

2016 жылы қашықтықтан 72 сағаттық Халықаралық семинарға қатысып, дипломмен марапатталдым.  Осы жылы өз әріптестеріммен бірге мұғалімдерге көмек ретінде екі әдістемелік құрал жазып, басылымға шығардым. Бірі деңгейлік оқу бойынша, екіншісі «н-ң» дыбыстарын дұрыс меңгеру туралы. «Педагогикалық ізденіс» журналына сабағым басылымға шықты. Және де биылғы жылы 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үстіндемін. Қазіргі уақытта жалпы алып жатқан көрсеткіштері 19-20 балл орташа есеппен. Болашақта осы көрсеткішті жоғарлату мақсатында одан әрі ізденіп, оқушылардың дайындығын күшейтіп, білім сапасын көтеру жолында табанды еңбек етемін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *