Ермекова Нагияш Реймбаевна


Аты-жөні :Ермекова Нагияш Реймбаевна

Қызметі:Әдіскер

Жұмыс орны :Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу орталығы

Мекен жайы:Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:28 жыл

Санаты:Жоғары

Нағияш Рейімбайқызы, 1969 жылы 21мамырда дүниеге келген.1992жылы Алматы қаласында «Қайнар»университетінің педагогика және психология мамандығы бойынша 1996жылы бітіріп, қызмет жолын 1990 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының МКҚК № 12 «Шынар» балабақшасынан бастады, ал  1998 жылдан бері МКҚК №2 «Жанар» балабақшасында  еңбек жолын жалғастырып келеіп, яғни, осы салада 28 жылдай уақыттан бері жұмыс атқарып жүр. Ең алғаш жұмысқа келген күннен бастап Нағияш өзін үлгілі тәрбиеші ретінде көрсете білді. Өз ісіне шексіз берілген тәрбиеші әрбір істе инциатива көрсетіп, оқу, тәрбие жұмысының қандайында болсын, қонымды, сүйсінерлік істі атқаруға ылғи ынталы болып өзін көрсете білді. Ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап, топ ішін безендіре білді. Бүлдіршіндерді өзіне баурап, ұжымдық жұмыстарға белсене араласты. Нағияш ең алғаш балабақшаға келгеннен бастап  ұжым ішінде

барлық жұмыстарға белсене араласып, өткізген ашық оқу іс-әрекеттері өте жақсы бағаланып жүрді.

Қазіргі таңда Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу орталығының аға әдіскер қызыметін атқаруда.

Бала оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағыттары мен технологиясын іздеу, әдістемелік жұмыстарды жүйелендіріп озық жолға қоя білді. Егемендің еліміздің ертеңгі ұрпағын тәрбилеуде көптеген ашық оқу іс-әрекеттер,тақырыпты оқу іс-әрекеттерін көрсете білді. Балабақша ішілік, қалалық семинарлар, ашық оқу іс-әрекеттерін көрсетті.

Тәрбиеші жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін қалалық білім бөлімінің алғыс қағаздарымен марапатталды.

Ермекова Нағияш үнемі ізденіспен жұмыс жасайтын,ұжымда беделді, кеңпейіл жан. Нағияш балабақшадағы бүлдіршіндердің қабілеті,дарыны мен талантын , сабаққа қызығушылығын ашу барысындағы жұмыстары нәтижелі.  .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *