Эссе “Тәуелсіздігімізге 25 жыл”


 Айтбаева Айымгуль 9 сынып оқушысы

Ақмола облысы Бестөбе негізгі мектебі

Жетекшісі: тарих мұғалімі Қоңырова Райса Жасқайратқызы

Біз тәуелсіздігімізді алып және тәуелсіз егемен ел болғанға өте қуаныштымыз , біз осы тәуелсіздікті ата бабаларымыз қан төгіп, күш қайраттарын кетіріп алған. Біз XXI ғасырдың ұрпақтары егемен байтақ жерде тұрғанға,туғанға мақтана білуіміз керек.

Осы тәуелсіздігімізді алу жолында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та зор үлес қосты. Ол қазақтардың тұңғыш президенті. Осы адам бар халықты бір қылып, тұтас бір ел қылып ұстап отыр.

Тәуелсіздігімізді алмасақ біз кім болар едік?

Тәуелсіздікті алмаған жағдайда біз қазақ деген атымызды жоғалтушы едік.Тұтастай бір халық  жойылып кетіп, ұлдарымыз құл қыздарымыз күн болып жүруші еді .Бірақ олай болған жоқ біздің біздін жігерлі де қайратты,ақылды да сымбатты жауынгерлеріміз, батырларымыз өздерін аямай ұрпақтарымыз тәуелсіз болсын деп тәуелсіздікті  алып берген.

Батыр, қаһармандарымыздың ісін текке кетіреміз бе?

Жоқ, мен қазақстан республикасынын патриотымын. Ата бабаларым алып берген жерді, елді бар күшіммен қорғаймын.

Әр ел тәуелсіз болуы керек!

Қазақтар осы тәуелсіздікке табындылықпен, батылдылықтарымен жетіп отыр. Енді осы тәуелсіздікті әрмен қарай сақтау, қорғау біздің бойымызда.

Қан төгіліп, оқ атып

Соғыс болды қиратып

Бар жақсыны өлтіріп

Өтті соғыс мұң болып

Тер төкті ғой бұл соғыста

Ата баба тектілер

Батыл болды бұл соғыста

Әлия мен Мәншүктер

Батырлықты көрсетті ғой

Қайрат пенен Бауыржан

Қазағым деп көпшіліктің

Жүректері ауырған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *