Эссе “Тәуелсіздігімізге 25 жыл”


Жусунбаева Зарема

 9 «Ә» сынып оқушысы Ақмола облысы  Степногорск қаласы Бестөбе негізгі мектебі

Жетекшісі: тарих мұғалімі Қоңырова Райса Жасқайратқызы

                                   «Уақыт қарқыны зымыран.Күні кеше өткен сияқты

                                                          оқиғалар,бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді.

                                                          Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның  дүниеге

                                                          келуінің азапты толғаққа толы,сонымен бірге ғаламат

                                                          сәті еді.Сол сәт әлі аяқталған жоқ,бірақ ең қиын белес-

                                                          терден аса білдік.Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда

                                                          қалды,сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей бере-

                                                          тіне сенемін»

                                                                                                                             (Н.Назарбаев)

  Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке.Адам баласы,адамзат қоғамы алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай,әрі абыржи тосқан.Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман күтсе,енді сол заманға аяқ бастық.Осылай жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді.Біз,алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.

Біз,тәуелсіздігімізді алып,бейбіт,тату өмір сүріп жатқанымыз үшін «шүкір» дейміз.Егер біз сонау ғасырлар тарихына көз жүгіртіп байқасақ,ата-бабаларымыз өз жерін еш жауға бастырмаған,ұлын құл,қызын күн еткізбеуге батырлығын,ержүректігін,жауына қатал,досына адалдығын танытқан.Найзаның ұшына үкі таққан,ұлдары мен қыздары аманат болып жеткен.Бізге туған жердің бір уыс топырағы қымбат.Қыздар да өз жерін,елін аман сақтап қорғау үшін шаштарын төбесіне түйіп жауға шапқан.Осындай ержүрек,батыр қазақ қыздарымызды,аға-апаларымызды еске алып,мақтанамыз,ерліктеріне сүйсіне қараймыз.Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ,Алтай мен Атырау аралығын ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен қорғап келген.Исатай,Махамбетке байланысты мұралар,Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің сана-сезімізді көтереді,оятады.Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды.Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте қылыш сермеді,қаншама ұрыс-керіс болды.

«Мен үшін Отанымы адал солдат болудан артық бақыт жоқ»,-деп Ислам Жеменей айтқандай,1941-1945-ші жылдары ең көп қазақ солдаттары қырылған еді.Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1млн 196 мың адам қару асынып,майданға аттанды.Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.

Отан,Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен!

-деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған ақын сөздері бүгінгі күнде,ұрпақтың санасында өшпестей тұрады.

Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *