Капарова Эльвира Хамитовна


Аты-жөні:Капарова Эльвира Хамитовна

Қызметі:Ағылшын тілі пәні оқытушысы

Жұмыс орны :№30 «Жұмбақ» балабақшасы

Мекен жайы :Атырау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:11 жыл

Санаты:І санатты

%d0%ba%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d1%8d%d0%bb%d1%8c%d0%b2%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b8%d1%82%d0%be%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Марапаттар:Педагогикалық оқулар:

–  2008ж.   «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты IX қалалық педагогикалық оқуларда «Тарихқа толы Ұлыбритания» тақырыбымен  жүлделі           І орын;

– 2014ж. «Мұғалімнің құзыреттілігін дамыту-білім берудің сапасын жақсартудың негізі» атты XV қалалық педагогикалық оқуларда «Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде театрлық ойындарды қолданудың тиімділігі» тақырыбымен жүлделі І орын;

– 2014ж. «Мұғалімнің құзыреттілігін дамыту-білім берудің сапасын жақсартудың негізі» атты XV облыстық педагогикалық оқуларда «Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде театрлық ойындарды қолданудың тиімділігі» тақырыбымен Алғыс хат;

Сайыстар:

– 2014ж. Қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың педагогтар арасында «Үш тілдің тұғыры» атты байқауында, жүлделі ІІ орын;

– 2015ж. Қалалық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орыс, ағылшын тілдердің баламалы бағдарламасы» атты байқауында, жүлделі І орын;

– 2015ж. Облыстық «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орыс, ағылшын тілдердің баламалы бағдарламасы» атты байқауында, жүлделі І орын;

– 2016ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен облыстық «Тілдарын» атты олимпиадасында, жүлделі ІІ орын;

– 2016ж. Республикалық «Біздің балабақшамыздың тарихы» атты байқауда, жүлделі ІІ орын;

Авторлық бағдарлама:

«I can speak English» мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларына ағылшын тілін үйрету  бағдарламасы. ISBN 978-601-262-219-5

Республикалық басылымдар:

–  Республикалық  мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік журнал «Отбасы және балабақша» №6,2007ж. қараша – желтоқсан «Карнавальный Хеллоуин» мерекесінің сценарийі;

–  Республикалық  мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік журнал «Отбасы және балабақша» №6,2014ж. қараша – желтоқсан «Посвящение в скауты» ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы;

–  Республикалық  ғылыми – әдістемелік журнал «Хабаршы Вестик» №4 (19) 2016ж тамыз айы «Пиктограммалар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйрету» мақаласы;

–  Республикалық  шығармашыл тәжірибелі ұстаздар жинағы. Астана – 2016ж.

Материалдар жіберілген білім беру порталдары:

– Республикалық сайт  www.45minut.kz-www.45minut.org

– Ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді сайт OQUZAMAN.KZ

– Ұстаздарға арналған сайт RENAL.COM.KZ

– Халықаралық ұстаздарға арналған сайт kopilkaurokov.ru

Марапаттар:

– 2016ж. Республикалық www.45minut.kz газетінің «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» атты төсбелгісі және Алғыс хат;

– 2016ж. Республикалық «English concours» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алғыс хат;

– 2016ж. Атырау облысы Білім беру басқармасынан Алғыс хат;

– 2016ж. Сочи қ. V Халықаралық  «Черноморский Олимп» фестиваль – сайысынан  Алғыс хат;

– 2014ж.  Қалалық білім бөлімінен Алғыс хат;

– 2010ж. Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Тіл» оқу әдістемелік орталығынан Алғыс хат

 

 

Педагогикалық өмірбаян

 

Мен, Капарова Эльвира Хамитовна, 1982 жылы 27 сәуірде Атырау қаласы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келдім. 1999 жылы орта мектепті аяқтап, Атырау қаласындағы Халел Досмухамедов атындағы университеттің шетел тілі факультетіне оқуға түстім. 2003 жылы ағылшын тілі пәні мұғалімі біліктілігін алып оқуды аяқтадым да 2 жыл уақытымды кішкентай ұлыма арнадым.

Кейін 2005 жылы өз мамандығым бойынша №24 «Бақытты балалық шақ» балабақшасына ағылшын тілі пәні оқытушысы ретінде жұмысқа орналастым. Балалармен жұмыс жасау мені сондай қызықтырып, мен өз жұмысымды бар ықыласыммен жасадым. 2008 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты ІХ қалалық педагогикалық оқуда шығармашылық жұмыстарыммен ерекшеленіп          І жүлделі орынға ие болдым. 2009 жылы Атырау қаласына қарасты барлық балабақшалардың ағылшын тілі пәні оқытушыларының әдістемелік бірлестік жетекшісі болып тағайындалдым.

2012 жылы жұмыс орнымды №30 «Жұмбақ» балабақшасына ауыстырдым.  Келген күннен бастап, ұжымға тез сіңіп, өз шығармашылығымды көрсетіп жұмысымды жалғастырдым. 2012 жылы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» – «Шет тілін ерте жастан бастап оқытудың мәселелері», 2015 жылы – Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамында – «Көптілділік білім беру жағдайында ағылшын тілін ерте жастан оқыутдың тиімді жолдары» тақырыбында курстардан өттім.

2014 жылы «Мұғалімнің құзыреттілігін дамыту-білім берудің сапасын жақсартудың негізі» қалалық ХV Педагогикалық оқуға қатысып жүлделі І орынға ие болсам, облыстық ХV Педагогикалық оқудан Алғыс хатты иелендім.

2014 жылы қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың педагогтар арасында «Үш тілдің тұғыры» атты байқаудан жүлделі ІІ дәрежелі Диплом алдым;

2015 жылы қалалық, облыстық  «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған орыс, ағылшын тілдердің баламалы бағдарламасы» атты байқаудан І дәрежелі Дипломға ие болдым, осы жеңіс маған 2016 жылы авторлық «I can speak English» мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларына ағылшын тілін үйрету бағдарламасын басып шығаруға себепші болды.

2016ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен облыстық «Тілдарын» атты олимпиадасында, жүлделі ІІ орынға ие болдым. Сонымен қатар менің бүлдіршіндерім де түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды: Ахметова Дана – Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының «Айгөлек» қалалық фестивалі «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша «If all the seas…» өлеңімен жүлделі ІІ орынға ие болды; «Жұмбақ» тобы – Мектепке дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінен «Nauryz – holiday of peace and goodness» атты 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекелеріне арналған қашықтықтан өткізілген байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Бүгінгі өскелең уақыт талабына сай  білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан – жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу процессін заманауи талабына сай өткізудің маңызы зор.

Менің шығармашылық тақырыбым «Мектеп жасына дейінгі балаларды пиктограмма белгілері арқылы ағылшын тілін үйренуге қызықтыру» болғандықтан, ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерінде қолданатын  пиктограммаларды флипчарт парақшаларына салып, балалардың ағылшын тілінде сөйлемдер құрастыруда, жасырылған  хаттарды оқуда пайдаланамын.

Сонымен қатар түрлі тақырыптарда қалалық, облыстық және өңірлік семинарларда белсенділік таныттым:

2015ж. маусым айында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына әлемдік ең таңдаулы педагогикалық теориялар мен әдістемелерді енгізу» атты облыстық семинарда «Мектепке дейінгі ұйымдарда Н.А Зайцевтің әдістемесін қолдану» тақырыбымен қатыстым;

–  2016ж. маусым айында Ақтау қаласында өткен «Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы мен инновациялық технологияларды қолдануды сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыстардың барысы» республикалық семинарына қатыстым;

– 2016ж. маусым айында «Мектепке дейінгі ұйымдарында өткізілген жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларының апробациясы қорытындылары туралы» облыстық семинарда «Тәрбиелеу- оқыту жұмысында инновациялық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану» тақырыбымен қатыстым;

– 2016ж. сәуір айында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту: жаңа сапа, жаңа көзқарас» атты облыстық ғылыми – практикалық конференциясында «Интерактивті оқыту «Мен ағылшын тілінде сөйлей аламын» тақырыбымен қатыстым.

Және республикалық басылымдар арқылы өзімнің педагогикалық жұмыстарымды таратып, білім беру порталдарында үнемі іс – тәжірибелеріммен бөлісіп, әдістемелік материалдарды жолдап отырамын.

Оқытушы тәрбиеленушілерінің пәнге қызығушылығын арттыру үшін, олармен бірге ізденіп, жұмыс жасау қажет. Себебі оқытушы – білімге шығаратын жолды нұсқаушы, осы жолмен өзі дәріс беретін пәнін сүйіп дұрыс жүрсе, тәрбиеленушілері де оның көшірмесін жасайды деп ойлаймын. «Өзгелерді үйретіп жүріп, өзіміз де үйренеміз» деген Сенеканың ұлағатты сөзімен педагогикалық өмірбаянымды қорытындылаймын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *