Хамалиденова Маргарита Сисенбаевна


Аты-жөні :Хамалиденова  Маргарита Сисенбаевна

Қызметі:Тәрбиеші

Жұмыс орны :№30 «Жұмбақ» балабақшасы

Мекен жайы :Атырау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:12,5

Санаты:бірінші

%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b3%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%82%d0%b0-%d1%81%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Марапаттар:– 2010 ж. «Сәбилерге туған ел шуағы» атты акциясы  -қалалық білім бөлімінен  Диплом;

– 2011ж. қалалық білім бөлімінен Грамота;

– 2016ж. Республикалық XVII заман талабы: «білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқуларды жүлделі ІІІ орын;

– 2016ж. қалалық «Үздік жыл тәрбиешісі» сайысында дәрежелі ІІІ орын;

– 2016ж. Республикалық «Біздің балабақшамыздың тарихы» атты байқауда, жүлделі ІІ орын;

 

Педагогикалық өмірбаян

Мен Хамалиденова Маргарита Сисенбаевна 1977 жылдың  ақпан  айының       2 жұлдызы күні  Гурьев қаласында  (қазіргі Атырау қаласы) дүниеге келдім. Туғаннан бастап нағашы атам мен әжемнің тәрбиесінде болып, 1984 жылы Атырауға келіп №13 мектепке 1 сыныпқа бардым.   Ата-анам Балықшы ауданынан үй алуына байланысты1986 жылы 3сыныпты №27 Абай атындағы мектепте жалғастырып, 1994 жылы 11 сыныпты сол мектептен аяқтадым.

Сол жылы яғни 1994 жылы Халел Досмухамедов атындағы Атырау Университетінің «Педагогика» факультеті ПиПД  (Мектепке дейінгі педагогика мен психология) бөліміне оқуға түстім, оқуымды 1998 жылы аяқтап «Мектепке дейінгі педагогика психология оқытушысы, тәрбиеші» мамандығы бойынша диплом алып шықтым.

2000 жылы алғашқы жұмысымды «Ақбота» балалар үйінің мектепке дейінгі бөлімінде тәрбиешілік жұмыс жасаудан бастадым. Балалар үйінде жұмыс жасай жүріп көптеген жұмыстарға араластым, балалар үйінің бүлдіршіндері арасындағы «Өнерлілер»сайысын ұйымдастырып, оның  жүргізушісі болдым. Сондай ақ педагогтар арсындағы «Ал кәне, қыздар!» сайысын ұйымдастырдым. Өз бүлдіршіндерім арасынан Алтынай атты қызды «Мисс Обояшка» конкурсына дайындап, оған «Үйшік» ертегісі желісі бойынша көйлек ойластырдым, бұл еңбегімде бағаланды десекте болады, өйткені қатысқан тәрбиеленушім жүлделі орынға ие болды.  «Ақ бота» балалар үйінде жүріп, «Қимылды ойындардың бала дамуындағы маңызы» тақырыбында шығармашылық жұмысмды қорғадым, сондай ақ екінші санатқа ие болдым.

2008 жылы жұмысымды қаладағы №30 «Жұмбақ» балабақшасына ауыстырдым. Ол балабақшаның талабы өте күшті өйткені барлық берілген тапсырмалар уақытылы жасалып отыруы керек, осы балабақшада жүріп өзімді өз мамандығым бойынша шыңдадым десем артық айтпаймын. Өз білімін жетілдіру курстарына барып қана қоймай балабаша ішілік, қалалық сайыстардың өткізілуіне белсене араласып,  жүргізуші болдым, қалалық білім бөлімінен осындай жұмыстарым үшін «Алғыс хаттармен» марапатталдым. Педагогикалық шеберлік апталығында өте керемет сабақтар ойластырып, оны қала, облыс көлемінде көрсеттім, бұндай жұмыстарымда еленбей қалған жоқ, алған грамоталарым бар. Балабақша бойынша өткізілетін олимпиадаларға тәрбиеленушілерімді дайындап, ол бүлдіршіндер жүлделі бірінші орындарға ие болды. Аттарын атай кететін болсақ Шуреев Нұрдаулет, Әлібекқызы Әсемай т.б

Қазіргі уақытта расталған 1 санат бойынша жұмыс жасап жатырмын.

2016 жылы қалалық Педагогикалық оқуға қатысып, одан жүлделі 3 орынға иелендім.  Типтік бағдарлама бойынша эксперимент группада жұмыс жасап, облыстық семинарда ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерімді видеодан көрсетіп, типтік бағдарламаның тиімділігі жайында өз ойымды айтқан болатынмын.

2016 Жылы тамыз айында өткен  «Жыл тәрбиешісі» сайысында да жүлделі 3 орынға ие болып, дипломмен марапатталдым. Әлі де көптеген жұмыстар атқарып, биік белестерден көрінем деген үлкен үмітім бар. Өйткені мен өз мамандығымды жақсы көремін яғни балаларды жақсы көремін, сол үшін ізденіп жұмыс жасаудамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *