Жұмағазиева Гауһар Хабижанқызы


Аты-жөні :Жұмағазиева Гауһар Хабижанқызы

Қызметі:ағылшын тілі пәні оқытушысы

Жұмыс орны :№30 «Жұмбақ» балабақшасы

Мекен жайы :Атырау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:8 жыл

Санаты:ІІ санат

%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%b0-%d0%b3%d0%b0%d1%83%d2%bb%d0%b0%d1%80-%d1%85%d0%b0%d0%b1%d0%b8%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b

Марапаттар:2011 ж. Балабақшаішілік кіші педагогикалық оқу – І орын.

2011 ж. Ерен  еңбегі, шығармашылық ізденісі үшін – «Ең үздік балабақша оқытушысы» Грамота (балабақшаішілік).

2011 ж. Қалалық білім бөлімі – «Білім беру мазмұнын жетілдіруде инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлға қалыптастыру» XII Қалалық педагогикалық оқу – ІІ дәрежелі диплом.

2011 ж. Облыстық білім бөлімі – ХІІ Облыстық педагогикалық оқу – Алғыс хат.

2011 ж. Қалалық білім бөлімі – «Баламалы бағдарламалар және әдістемелік нұсқаулар» конкурсы – «Таңдаулы көмекші дидактикалық құрал» номинация.

2012 ж. Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» атты журналының, 2012 жылдың наурыз-сәуір айындағы, №2 басылымына – «Ит қалай үй тұрғызды?» атты ҰОІӘ.

2013ж. Балабақшаішілік жас мамандар арасында өткізілген «Мамандығым мақтанышым» атты сайыс, ГранПри.

2015 ж. Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» атты журналының, 2015 жылдың наурыз – сәуір айындағы №2 басылымына «Амандасу – «Gretting» тақырыбындағы ҰОІӘ.

2015 ж. Республикалық  «45 minut.kz» газетінің сайтына сабақтарымды орналастыруда белсенділік танытып, өз тәжірибемді ұтымды пайдаланып шығармашылық шеберлігімді және теориялық әдістемелік білім тереңдігін танытқаным үшін, ең үздік ғылыми жоба дипломымен марапатталдым, №0018.

2015 ж . Сонымен қатар, ұстаздың жеке еңбектер жинағы www.45minut.kz интернет ресурсында жарияланған ҰОІӘ үшін сертификатқа ие болдым, 00036/И/Р.

2016 ж. Ұстаздар мен оқушыларға арналған oqu-zaman.kz қосалқы білімді сайтында «Санта Клаустың сәлемдемесі» тақырыбындағы жұмыс http://oqu-zaman.kz/?p=7689 бетінде жарияланды, №0003012.

2016 ж. Мұғалімдерге арналған kopilkaurokov.ru сайтында «Санта Клаустың сәлемдемесі» атты авторлық жұмысым http://kopilkaurokov.ru/angliiskiyYazik/uroki/336371 бетінде жарияланды, №336371.

2016 ж. 45minut.kz. сайтының шығармашыл, тәжірибелі ұстаз төсбелгісімен марапатталып №0039, «Білім жолы нұрлы жол» атты топтамасына еніп ISBN 978-601-7799-97-7, алғыс хатқа ие болдым.

2016 ж. «Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды педагогикалық процессте қолдану» атты педагогикалық шеберлік апталығында өз шығармашылығын көрсете білгені үшін Алғыс хат (балабақшаішілік).

2016 ж. Мектеп жасына дейінгі балаларға  ағылшын тілін оқытуда «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінің ғажайыптары» атты әдістемелік нұсқаулық, ISBN 978-601-262-220-1.

2016 ж. «Еуразиялық Гендік Қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының «Біздің бала-бақшамыздың тарихы» атты байқауы, І орын. Астана қаласы. №00GE1919

 

Педагогикалық өмірбаян

 

Мен, Жұмағазиева Гауһар Хабижанқызы, 1989 жылы 18 ақпанда Атырау қаласы Махамбет ауданы Жалғансай селосында қарапайым отбасында дүниеге келдім. 1995-2004жж аралығында Жалғансай орта мектебінде білім алдым. 2004 жылы 9-сыныпты аяқтап, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжіне оқуға түсіп, 2008 жылы негізгі мектептің шетел (ағылшын) тілі мұғалімі және жеке компьютерді пайдаланушы мамандығы бойынша бітірдім. Сол жылдың қараша айында Атырау қаласындағы №30 «Жұмбақ» балабақшасына ағылшын тілі пәні оқытушысы болып орналастым. Алғаш балабақшаға келгенде, ол өте үлкен, әдемі болды.  Күз мезгілі болғанына қарамастан, ауа-райы жаз мезгіліндей күн шуағын шашып, маған бір ерекше көңіл күй силап тұрғандай сезілді. Сол сәтте балабақша маған есігін айқара ашты. Әрине, алғашында қиындықтар болды. Бірақ мен берілмедім. Кішкене балалармен жұмыс жасау ұнағаны сонша осылай 8 жылдың өте шыққанын байқамаппын. Солармен бірге қуанып, мұңайып, өмір сүріп, жылдан-жылға балалық шақ кітабын парақтап келемін және бұл үшін еш өкінбеймін.

Осы аралықтарда балабақша ішілік шараларға белсене қатысып, қалалық, облыстық жарыстарға, сонымен қатар қашықтықтан өткізілген байқауларға қатысып, диплом, алғыс хаттармен марапатталдым.

Оқытуда қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды кеңінен пайдаланып, инновациялық, жаңа технологияларды қолданамын. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне өзгешелік енгізіп, ерекшелендіруге тырысамын.

2009 жылы – «Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында» – «12 жылдық білім беру мазмұнындағы педагогикалық ізгіліктік және рухани адамгершілік білім мен тәрбие», 2012 жылы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» – «Шет тілін ерте жастан бастап оқытудың мәселелері», 2015 жылы – Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамында – «Көптілділік білім беру жағдайында ағылшын тілін ерте жастан оқыутдың тиімді жолдары» тақырыбында курстардан өтіп, өз білімімді жетілдіріп тұрамын.

Педагогтармен, балалармен және ата-аналармен қарым-қатынасым сенімді және түсіністік негізінде құрылған.

2010-шы жылдан бастап «Балаларға ойын технологиясы арқылы ағылшын тілін үйрету жолдары» атты шығармашылық тақырыппен жұмыс жасап бастадым. Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқытуда ойын технологиясын қолданудың тиімділігін көрсету.

Ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы өткізудің тиімді екендігіне көз жеткізіп, мектепке дейінгі мекемелерде ағылшын тілін оқытуға арналған толыққанды бағдарламаның жоқтығына қарамастан, аз уақыт аралығында жинақталған іс тәжірибиемді жинақтап, 2016 жылы мектеп жасына дейінгі балаларға  ағылшын тілін оқытуда «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ағылшын тілінің ғажайыптары» атты әдістемелік нұсқаулықты жасақтадым.

Оқытушы ретінде 2015 жылы №44 бұйрығына сәйкес екінші біліктілік санатын алдым.

Менің тәрбиеленушілермнің кішкене жүректеріне кілт табу үшін, олармен достасып, сенімді дос болу үшін маған алдымен мейірімділік және махаббат көмектеседі. Бәрінен бұрын мені осындай кішкене достарымның, сүйікті, қымбатты балабақшамның, әріптестерімнің бары қуантады.

«Балабақша – балалардың бақытты үйі…» деп айтылғандай, ол педагогтардың да бақыты болу мүмкін. Ол үшін бар ықыласты, махаббатты арнау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *