Кабдулова Раиса Бахтигалиевна


Аты-жөні :Кабдулова Раиса Бахтигалиевна

Қызметі:Тәрбиеші

Жұмыс орны :№30 «Жұмбақ» балабақшасы

Мекен жайы :Атырау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:24 жыл

Санаты:бірінші

%d0%ba%d0%b0%d0%b1%d0%b4%d1%83%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d1%80%d0%b0%d0%b8%d1%81%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d1%85%d1%82%d0%b8%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Марапаттар:– 2014ж. Қалалық педагогикалық оқуларды Алғыс хат;

– Республикалық  Интеллектуалды «Үркер» орталығының «Диплом» – 2015 ж;

– Халықаралық Пони турнирінің «Дипломы» – 2016 ж;

– Халықаралық Пони турнирінің «Алғыс хаты» – 2016 ж;

– Сочи қ. V Халықаралық «Черноморский Олимп» фестиваль – сайысына қатысқан «Дарынды бөбектер» ансамбльін өте жақсы дайындағаны үшін «ХХІ ғасыр балалары» атты халықаралық балалардың шығармашылық және жеке өсу жобасын үйлестірушісінің  «Алғыс хаты» – 2016 ж;

– kopilkaurokov.ru сайтынан «Город Мастеров» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті үшін «Свидетельство» – 2016 ж;

– OQU – ZAMAN.KZ сайтынан «Деревья» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті үшін «Свидетельство» – 2016 ж.

 

Педагогикалық өмірбаян.

 

Мен, Қабдолова Райса Бақтиғалиқызы 1966ж, 1 желтоқсанда дүниеге келдім.Гурьев қаласындағы №8 «Октябрьдің 50 жылдығы »атындағы  орта мектептің 8 сыныбын аяқтап, Гурьев музыкалық училищесіне 1982 жылы түсіп, 1986 жылы жақсы деген бағамен аяқтадым.Жас маман ретінде жолдамамен Құлсары қаласынадағы «Мұнайшы» клубында алғаш еңбек жолын бастадым. Клуб директоры мені «Балалар секторы» болып жұмысқа алды. Жастығыма қарамастан, көптеген аудандық,райондық шараларға катыстым. Клуб жанынан құрылған оркестрінің мүшесі болдым.Осы оркестр ұжымымен көптеген облыстық,қалалық,аудандық фестиваль,конкурс,сайыстардың жүлдегері атандым.

Еңбек пен оқуды қатар ұштастыра жүріп, 1987жылы Гурьев педагогикалық институтын сырттай бітіріп алдым. Ал  1990 жылы мамандығым бойынша, балалар саз мектебінде еңбек жолын жалғастырдым. Бүлдіршіндерге «домбыра» класынан дәріс бердім. Оқу жылын нәтижелі көрсеткіштермен аяқтап отырдым.

Отбасы құруыма байланысты,  Атырау қаласына көшіп, қала балабақшаларында жұмыс жасадым.

Ал 2003 жылдан бастап, кізіргі уақытқа дейін  № 30 «Жұмбақ» балабақшасында тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс жасап келемін. Бала тәрбиесі қиын,  сонымен қатар қызықты да. Осы бағытта жұмыс жасағанымды көздедім.

2014 жылы  Атырау педагогикалық университетіне сырттай түсіп, 2016 жылы аяқтап, тәрбиеші біліктілігі бойынша диплом алдым.

2004 жылы, Қалалық білім бөлімі аттестациялық комиссияның шешіміне сәйкес маған 1 санат берілді. Біліктілік санатымды   2009, 2014 жылдары  бекіттіп отырдым.

2005, 2009, 2010, 2015  жылдары арасында  білім беру курстарынан өттіп,  біліктілігімді арттырдым.

Осы аралықта көптеген облыстық,қалалық көлемінде ашық сабақтар көрсеттім. Балабақша  түлектерім қаладағы  гимназия, лицейлеріне түсіп, мектепте жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді.

2006 жылынан бастап, «Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары» атты шығармашылық жұмысының тақырыбымен жұмыс жасап келемін.

2006 жылы 7 қалалық педагогикалық оқуларына қатысып, жүлделі 3 орынға және 2014 жылы Қалалық педагогикалық оқуда озат тәжірибесі мен шығармашылық ізденістері арқылы деп танылған  «Алғыс хатпен» марапатталдым.

Қалалық,облыстық  «Ең үздік тәрбиеші»; облыстық«Айгөлек»мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының фестивалін жүргізгенім үшін, Облыстық Білім Беру басқармасынан  «Алғыс хатымен»марапатталдым.

2008 жылы Облыстық білім беру басқармасынан  «Алғыс хатпен», ал 2011 жылы  Қалалық Білім беру бөлімінен «Граматасымен» марапатталдым.

2009 жылы облыстық семинарға «Емдік өсімдіктер» тақырыбында ашық сабақ көрсетілімін көрсеттім және 2010 жылы №4 «Отбасы және балабақша журналында«Емдік өсімдіктер» тақырыбында сабақ үлгісі басылып шықты. Осы шығармашылық тақырыбына байланысты көптеген дидактикалық  ойындар  картатекасын жасақтап шығардым.

2011 жылы Қалалық білім бөлімі бастығынан, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін  Граматасымен марапатталдым. Ал 2014 жылы «Таңғажайып экология »атты кітапшам шықты.  2012 жылы Білім беру саласындағы елеулі табыстармен Кәсіподақ жұмыстарына белсене араласқаным үшін  «Құрмет граматысымен»марапатталдым.

Республикалық  Интеллектуалды «Үркер» орталығының «Диплом» – 2015 ж; Халықаралық Пони турнирінің «Дипломы» – 2016 ж; Халықаралық Пони турнирінің «Алғыс хаты» – 2016 ж;

Сочи қ. V Халықаралық «Черноморский Олимп» фестиваль – сайысына қатысқан «Дарынды бөбектер» ансамбльін өте жақсы дайындағаны үшін «ХХІ ғасыр балалары» атты халықаралық балалардың шығармашылық және жеке өсу жобасын үйлестірушісінің  «Алғыс хаты» – 2016 ж;

kopilkaurokov.ru сайтынан «Город Мастеров» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті үшін «Свидетельство» – 2016 ж;

OQU – ZAMAN.KZ сайтынан «Деревья» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті үшін «Свидетельство» – 2016 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *