Рамазанова Гульмира Насипкалиевна


Аты-жөні :Рамазанова Гульмира Насипкалиевна

Қызметі:Тәрбиеші

Жұмыс орны :№ 30 «Жұмбақ» балабақшасы

Мекен жайы :Атырау қаласы, Б.Момышұлы 5

Педагогикалық тәжірибесі:13 жыл

Санаты:жоғары

%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%b3%d1%83%d0%bb%d1%8c%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b0-%d0%bd%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bf%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b5%d0%b2%d0%bd%d0%b0

Марапаттар:ГРАМОТА- «Молодой воспитатель» сайысына қатысқаны үшін, Д/сад, директор. 2004ж.

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА-ерен еңбегі үшін, Д/сад, директор. 2004ж.

АЛҒЫС ХАТ- ерен еңбегі және шығармашылық ізденіс үшін, Д/сад, директор. 2006ж.

ДИПЛОМ-«Жыл тәрбиешісі-2008» сайысына қатысқаны үшін, Д/сад, директор. 2008ж.

ГРАМОТА-ұрпақтар тәрбиесіндегі ерен еңбегі үшін, Қалалық білім мекемелерінің кәсіподақтар кеңесінің төрағасы. 2009ж.

ГРАМОТА-қаланың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін, Қалалық білім бөлім бастығы. 2010ж.

ГРАМОТА-«Ең үздік балабақша тәрбиешісі-2011» номинациясы  ерен еңбегі, шығармашылық ізденіс үшін,   Д/сад, директор. 2011ж.

БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ-«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы қалалық XVI педагогикалық оқу, Бөлім басшысы, Атырау, 2015ж.

БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ-Облыстық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқу, Облыстық Білім беру басқармасының басшысы, «Өрлеу» институтының директоры,  Атырау, 2015ж.

 

Педагогикалық өмірбаяны

 

Мен Рамазанова Гульмира Нәсіпқалиқызы 2003-2004 оқу жылы желтоқсан айында № 30 «Жұмбақ» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым.  Кірген жылы ІІ кіші топ бүлдіршіндерін алып, мектеп табылдырығын аттағанша осы топпен жұмыстар атқардым. Сол жылдан бастап мектепалды тобында жеткіншектерді мектепалды даярлықтарын жүргізіп келемін. Жылда топ тәрбиеленушілерім балабақша аралық, қалалық білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Өнер жағын да да көптеген шараларға қатысып, балабақша атынан жүлделі орын мен сыйлықтарға ие болады. Түлектерімнің көбі қала ішіндегі гимназия сыныптарына түсіп, өте жақсы деген бағамен оқиды.

Осы бақшада жұмыс атқара отырып, балабақшаішілік және басқа балабақша аралық сайыс, байқауларға қатысамын. Жұмыстарымның нәтижесін осы балабақшадан және басқа да орындардан алған диплом мен грамоталарым. Мектепалды даярлық тобында бірнеше жыл жұмыс жасап келе жатырғандықтан, мен мектеппен байланыс жұмыстарын жиі жүргіземін. Жыл сайын балабақша ішінде өтетін педагогикалық шеберлік апталығында және ата-аналарға арналған ашық есік күндері  ашық оқу іс-әрекеттерін көрсетіп тұрамын. Атап өтсем №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап сауат ашудан ««Г» дыбысы мен әріпі», бейнелеу өнерінен «Түйе», қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан «Сан құрамы» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетіп, мұғалімдерден жақсы пікір алдым.

2011 ж. Жергілікті «Таң» телеканалының сұранысы бойынша «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Татулық – достық белігісі» тақырыбында ашық көрсетілім дайындап, көрсеттім.

2012 ж. Жол полиция басқармасымен бірлескен «Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік» тақырыбында КВН жүргіздім.

2011 жылдан бастап мектеп алды даярлық тобының балаларымен эксперименттік іс–әрекет жұмысын бастадым. 2013 жылдан бастап, мектеп жасына дейінгі балалаларға арналған «Қызықты эксперименттер мен іс-тәжірибелер» атты жинағымды, 2014 жылы «Жұмбақтар әлемі» мектеп жасына дейінгі балаларға күнделікті ұйымдасқан оқу іс-әрекетін жүргізу барысында қолдануға арналған жұмбақтар жинағымды дайындап, кітапшасын өзім басып шығардым.

2016 жылы әдістемелік кабинеттен № ISBN 978-601-262-218-8 «Қызықты іс-тәжірибелер» мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеушілік әрекетке үйрету барысында мектепке дейінгі мекемелерде қолданатын тәжірибелер картотекасы, ұйымдастырылған оқу іс-конспектісі және ойындар жинағы жинақталып басылым арқылы әдістемелік құрал ретінде басылып шықты.

2015ж. Қалалық және облыстық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбында XVI педагогикалық оқуында «Мектепке дейінгі ұйымда балалардың танымдық құзіреттілігін экспериментальды іс–әрекет арқылы қалыптастыру» тақырыбында қатысып, жүлделі I орынға ие болдым;

Республикалық, мектепке дейінгі сәби тәрбиесіне арналған, ғылыми әдістемелік, педагогтік «Отбасы және балабақша» атты журналына  2010 ж. №4 басылымына қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекетінен «Ғарышқа саяхат», 2015 жылдың мамыр – маусым айындағы №3 басылымына «Көрінбейтін ауа» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы шықты.

Жылда болатын қалалық, облыстық сайыстарда тәрбиеленушілерім қатысып, жүлделі орындарға ие болды, айта кетсек:

  • 2010 жылы Жардемов Аян қалалық «Білім жолымен» олимпиадасы «Ойлан тап» наминациясы бойынша диплом – жүлделі І орын, облыстық «Білім жолымен» олимпиадасында диплом – жүлделі ІІ орын.
  • 2013 жылы Дарынқызы Айкен қалалық «Айгөлек» фестивалінің көркемдік қолтаңбалы шығармашылық наминациясы бойынша – алғыс хат.
  • 2014 жылы Тұрапова Жания қалалық, облыстық «Айгөлек» фестивалінің «Әнші балапан» номинациясы бойынша диплом ІІІ орын, алғыс хат.

Түлектердің жылдағы білім көрсеткіштері:

2011 – 2012 жж – 92%; 2012-2013жж – 93%; 2013 – 2014жж – 95%.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *