Уразова Бахлиса Хамзақызы


Аты-жөні :Уразова Бахлиса Хамзақызы

Қызметі:Қазақ тілі және орыс тілі пәні оқытушысы

Жұмыс орны : 30 «Жұмбақ» балабақша

Мекен жайы :Атырау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:36 жыл

Санаты:І санатты

%d1%83%d1%80%d0%b0%d0%b7%d0%be%d0%b2%d0%b0-%d0%b1%d0%b0%d1%85%d0%bb%d0%b8%d1%81%d0%b0-%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b

Марапаттар:  – Қалалық білім бөлімінен педагогикалық оқуға қатысқаны үшін Грамота;

– Қалалық білім бөлімінен  аянбай 25 жыл еңбек еткен үшін Грамота;

– Қалалық білім бөлімінен Грамота;

– Қалалық білім мекемелерінің кәсіподақтар кеңесінен Грамота;

– Қалалық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сайысында жүлделі І орын;

–   Қалалық «Қос тілім – қос қанатым» сайысында жүлделі І орын;

– Ата –аналармен «Олимпиада для малышей» жарысы туралы ақпарат «Атырау»  газетіне шықты;

 

 

 

Педагогикалық өмірбаяны

 

Мен, Уразова Бахлиса Хамзақызы, 1955жылы қараша айының 29 жұлдызында,  Гурьев қаласында  өмірге келдім.  1962 жылы  қаладағы С.М Киров атындағы орта мектептің 1 сыныбына түсіп,1972 жылы осы мектепті бітірдім. 1975жылы  Гурьев  Педагогикалық  институтына түсіп, 1980 жылы  тәмәмдадым. 1986-89 жылдары  арнайы білім алу мақсатында  Гурьев Педагогикалық  училищесінде оқып, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші  деген квалификация берілді.

1980 жылдан бастап  Мектепке дейінгі мекемеде  еңбек етіп келемін.  Алғашқы педагогикалық  жұмысымды  қаладағы №20 «Алтын балық» балабақшасында  тәрбиеші  болып бастадым.  Менің бағыма орай  бұл балабақша  қаладағы  мықты мектепке дейінгі мекемелердің бірі , базалық  балабақша  қатарында болды.  Облыс қөлеміндегі  өтетін Семинар, Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта  даярлайтын институттың  тыңдаушылары  үшін жылда ашық сабақтар өткізіп, көптеген  Грамоталармен марапаттарға ие болдым, еңбек кітапшасына жазылған алғыстар бар, және 1986  жылы Облыстық білім беру бөлімінің  ұйғаруымен   маған 1ші біліктілік санаты берілді. 1990 жылда әдіскерлік жұмысты атқарып,  осы балабақшада  алғашқы қазақ  топтарды  аштық,  әдістемелік құралдарды  қазақ тіліне аударып, балаларға арналған қазақ жазушыларының шығармаларын енгізіп, осы бағытта көптеген жұмыстар атқардым. 1994 жылы №30 «Жұмбақ» балабақшасына қазақ топтарға әдіскер қызметіне  ауыстым. Сол жылдары қала балабақшаларының қазақ тілі пәнінің  оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің  жетекшісі болдым . «Тіл –халық қазынасы», «Балабақшада қазақ тілін  ойын арқылы үйрету», «Тәрбие басы- талбесік» айдарымен  басқада ашық қөрсетілімдермен қатар кеңестер бердім.

1997 жылдан бастап  осы балабақшада  қазақ  тілі, орыс тілі пәні оқытушысы

қызметін атқарып, балаларға  қазақ тілін үйрету арқылы   сапалы білім беріп, Қазақстанның  Отан сүйгіш,  жан-жақты  дамыған, салауатты да саналы  ұрпақ  тәрбиелеуге өзімнін үлесімді қосып келемін.

Шығармашылық   жұмысымның тақырыбы «Балалардын тілін дамытуда  халық ауыз әдебиетті пайдалану».  Бұл бағытта халық әдебиетті пайдалана отырып, балаларды  салт-дәстүрлер мен ертегі, жұмбақ т.б халқымыздын сарқылмас  қазыналарымен таныстыруды  жалғастырудамын.

2004жылы Мектепалды жасындағы балаларды оқытуға арналған   «Балабақшадағы  риторика» бағдарламасын  шығардым. Риторика пәні бағдарламасында  балаларды сөзбе-сөз қарым-қатынас жасауға үйретіп, оларды  психологиялық қатынасқа дайындау мақсаты көзделген.  «21- ғасырдың мектепке дейінгі білім беру, ізденістер, түйінді мәселелер және болашағы» тақырыбымен өткен Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысып, риторика пәнінен дарынды балалармен жұмысты  көрсеттім.

2002 жыл. «Новые направления в работе с дошкольниками» тақырыбында балабақша меңгерушілеріне, әдіскер болып өттім.

2005 жыл. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында өз білімді көтердім.

2010 жыл. Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында «Орыс тілді балабақшаларда қазақ тілін оқыту» тақырыбындағы білім көтеру курсынан өттім.

2012 жыл. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында балабақшаның орыс тілді топтарында қазақ тілін үйретудің әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан өттім.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *