Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна


Аты-жөні :Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна

Қызметі:бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны:А.Косарев атындағы №9 орта мектебі

Мекен жайы :Ақмола облысы, Степногорск қаласы

Білімі:  жоғары, Науайы педагогикалық институты

Санаты:  жоғары

Еңбек өтілі: 23 жыл

Педагогикалық тәжірибесі:1991-1996 жылдары Науайы мемлекеттік институтын оқып, аяқтадым. Еңбек өтілімді Өзбекстан Республикасы, Науайы облысының Тамды ауданында №1 С.Уруов атындағы мектепте 1993 жылы 1қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімі ретінде өз қызметімді бастадым. 1997-2006 жылдары Зарафшан қаласының №4 Абай атындағы мектепте жұмыс істедім. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында № 18 ОМ қызмет атқардым. 2008 жылдан осы күнге дейін Ақмола облысының, Степногорск қаласының А.Косарев атындағы №9 орта мектебінде жұмыс істеп келемін.

Санаты:жоғары

Марапаттар:1.Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің «Құрмет грамотасы», 2012 жыл

2.Ақмола облысының білім басқармасының «Алғыс хаты» 2012 жыл, «Грамота» 2014жыл.

3.Ақмола облыстық «Үздік ұстаз -2012» жүлделі 2 орын, 161 800 теңгелік ақшалай сыйлық  иегері.

  1. Халықаралық пән олимпиадалар «ЭМУ-Эрудит», «Urfodu» басқармасының «Алғыс хаты» 2013ж., 2014ж., 2015ж., 2016жылдар.

5.Степногорск қаласының білім басқармасының «Алғыс хат» 2008ж, 2009 ж, «Мадақтама» 2012 ж, 2014жылдары.

  1. Степногорск қалалық «АҚТ –ны қолданған ең үздік сабақ » конкурсында 1 орын. 2011жыл
  2. 7. Степногорск қаласындағы «Нұр Отан» басқармасының «Алғыс хаты» 2015 жыл.
  3. «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтық олимпиадалар өткізу орталығының «Алғыс хаты», 2016 ж.
  4. Республикалық онлайн семинар қатысушысы, 2016 жыл

Педагогикалық өмірбаяны

1991-1996 жылдары Науайы мемлекеттік институтын оқып, аяқтадым. Еңбек өтілімді Өзбекстан Республикасы, Науайы облысының Тамды ауданында №1 С.Уруов атындағы мектепте 1993 жылы 1қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімі ретінде өз қызметімді бастадым. 1997-2006 жылдары Зарафшан қаласының №4 Абай атындағы мектепте жұмыс істедім. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ақмола облысы, Көкшетау қаласында № 18 орта мектебінде қызмет атқардым.

2008 жылдан осы күнге дейін Ақмола облысының, Степногорск қаласының А.Косарев атындағы №9 орта мектебінде бастауыш  сынып мұғалімі жұмыс істеп келемін.

Менің шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып жүргеніме 23 жыл болды. Жоғары санатты ұстазбын. Жан-жақты білімдерімен, ерекше қабілеттерімен, үлгілі тәртіптерімен көзге түсіп жүрген оқушыларым аз емес.

Жетістіктері: Айта кететін болсам, «Ақ бота» интелектуалдық марафонында «ЭМУ-Эрудит», «Урфоду», «Нұрлы болашақ»  атты халықаралық және республикалық пән олимпиаларында бірнеше оқушыларым жүлделі орындарға ие болып келеді. Қалалық «Зерде» ғылыми конференциясында оқушыларым жүлделі І, ІІ, ІІІ орындар иегерлері. Үш оқушым республикалық «Қазақстанның үміт артарлары» кітабына еніп, қуантып жатыр. Қалалық пән олимпиадаларының жүлделі орын иелері.

Ұстаз шеберлігі-біліктілігінде демекші өз біліктілігімде арттырудамын. Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша 3 айлық курсын  аяқтадым.

2012-2013 оқу жылы Ғылым және Білім Министрінің «Құрмет грамотасы» марапатталдым.

Ақмола облысының білім басқармасының ұйымдастыру бойынша «Үздік педагог 2012» конкурсында  «Сабақ-шеберлік шыңы» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болып, ақшалай ұтысқа ие болдым. Сонымен қатар облыс білім басқармасы М.Ибраевтың алғыс хатына және мадақтама сына, қалалық білім бөлімінің бірнеше мадақтамасы мен алғыс хаттарының иегерімін.Өзім де қалалық «ИКТ технологияларын қолданған ең үздік» сабағын, онлайн режимінде сабақ түрлерін өткізіп жүлделі І орынға ие болдым.

Қалалық және облыстық дәрежеде өткізілген семинарларға бірнеше жоғары дәрежеде ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізіп келемін. Бірнеше «Жас мамандарға көмекші құрал», «Ата-ана –отбасындағы жетекші құрал», «Дидактикалық материалдар» тақырыптарында  әдістемелік құралдар дайындадым. Бірнеше сабақтарым республикалық «Бастауыш мектепте оқыту», «Бастауы мектеп», «Қазақ тілі және әдебиеті», «Жанұя мен мектептегі тәрбие» журналдарында  және журнал мұқабасында жарияланып келемін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *