Елжасова Балдырган Аргыновна


Аты-жөні: Елжасова Балдырган Аргыновна

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны : «№2 Новоишим орта мектебі» КММ

Мекен жайы :Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы

Санаты:жоғарғы

Марапаттар:2014ж-АББ-нен мадақтама.

  Педагогикалық тәжірибесім

Мен, Елжасова Балдырган Аргыновна 1965 жылы ақпанның он жиырма жетісінде өмірге келдім.1982 жылы орта білім алып, отбасымның жағдайына байланысты оқуымды жалғастыруыма мүмкіндік болмады. Анам ауырушаң болып, мен отбасымдағы қыздардан үлкені едім.  Осы жылы оқуға түссе алмадым, ешқайда бармай ата-анама көмектесуді шештім. Ауылымызда он жылдық мектеп бар болатын. Ол кезде кішкентай ғана ауылдың тыныс тіршілігі бәріне таныс еді. Өзім оқыған мектебімнің директоры сен мектепті жақсы бітірдің, тарих пәнін жақсы көрдің, орта буында тарих пәнін бере аласың деп, маған сағат беріп, бұйрық шығарды. Бала кезімнен дәрігер болуды армандаушы едім, ал марқұм әкем болса, ұстаз деген ең тамаша мамандық, күні бүгінге дейін ұстаздарым есімде. Сол себептен келесі жылы Рудный қаласындағы педагогикалық училищесіне түстім. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғым келетінін түсіндірдім. Мен әкем армандаған дипломды алып, туған ауылыма оралмай тұрмысқа шығып кеттім. Тұрмыста жолым болмай еліме қайтып келдім. 1991 жылы №2 Новоишим орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым. Осылай ұстаздық қасиетті жол басталып кетті. Сырттай Қостанай педагогикалық инситутының бастауыш сынып мұғалімі және тарих пәнінің мұғалімі факультеттерін «Қызыл дипломға» бітірдім.

2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтадым.

Мен  курсты өткен білімнің мазмұнын жаңарту, бағалаудың жаңа тәсілі,  жеті модульді сабақта қолданған өте тиімді екеніне көзім жетті.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістеудегі негізгі тұлға мұғалім,- деп айтқандай мен жаңа форматтағы педагогпін. Біріншіден оқушыларды патриотизмді тәрбиелеу, мәдени ерекшелікті және мұрасын сақтау мақсатымен тәрбиелеу және білім беру үдерістердің тұтастық қағидаты қарастырдым. Оқу үдерісінің сапасын жоғарылату үшін балаларды дифференциалды оқытуды, оқушының жеке даму тракториясын қамтамасыз ету, оқу бағдарламасының тиімділігін бағалау соншалықты бағалау нәтижелерін алуға емес, қаншалықты оқушыны дамытуға және оқуға ынталандыруды арттыруға бағытталған критерийлін бағалау жүйесін енгізудемін. Бүгінгі күні еліміздің білім беру мазмұны жаңару жолымен келе жатыр, мұнда оқушы бәрінен де артық, толық бағалы мектеп өмірі, армандар мен болашаққа үміт, өзара түсіністік пен қамқорлық, өзгерістер мен инновациялар негіз қалайтын құндылықтар болып табылады. Сол арқылы көп сөйлемейтін оқушыларға көңіл бөлгім келді. Адыңғы іс-тәжірибемде сөздік қорлары жұтан, оқушылар бар болатын, соларды әңгімеге тарту әдісін жаңа бағдарламаны үйрену барысында шешімін тапқан сияқтымын. Диалогтік оқыту тәсілінде балаға сұрақты түрткі сұрақтан бастасақ, оның жауабын екі секундтан жеті секундқа ұзартсақ онда мендегі мәселе шешімін табар еді.Осындай жолмен оқушы мен мұғалім арасында байланыс орнатуға тырыстым.Маған осы жерде оқушылардың кері байланыс беріп отырғандары өте жақсы ұнады ,осы кері байланыс арқылы сабақтарды өзгертіп отыруға ықпал етеді.Lesson study  мақсаты-бұл зерттеу сабағы,  мұнда мұғалім басқа мұғалімдермен пікірталасқа негізделе отырып, жоспардың сабағына өзгерістерге енгізеді.

Мақсатты өздеріне қойғызған дұрыс екен оқушылар сол мақсатқа жетеміз деп ынтталанады екен. Оқушылар неге оқуға қызықпайды? Кейбір оқушылар баға үшін оқиды? Ол үшін қандай өзгерістер енгізу керекпін? Егер рөлі өзгерсе , оқушылар ақпаратты өз бетімен меңгеріп, белсенді қатысып, ынтымастық, көзқарастары өзгеріп, оқушылар өзара қарым-қатынас жасап, өзара талдап, сөздік қорын дамытып, шешім қабылдайтын керемет оқушылар болар еді. Менің байқағаным оқушылардың қызығушылығы оянып, өз ойларын ортаға сала бастады, бір-бірін толықтырып отырды, белсенділігін танытты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *