Сабақ “Қар қандай”


Тлеубердинова Салтанат Койшыбековна

Екібастұз қаласы “№6 «Золотая рыбка» бөбектер бақшасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының тәрбиешісі

Білім беру салалары /Образовательная область /Educational area:  Қатынас

Бөлік  /Раздел /Section; Сөйлеуді дамыту

Тақырып /Тема /Theme: “ Қар қандай”

Мақсаты/ Задачи/ Problem: сурет бойынша әңгімелеуге ,қиялдауға болатын оқиғаларды  аңғаруға үйрету

Көп тілдік компонент/Полилингвальный компонент/Polilingual component: Қар/снег/snow

Көрнекілік-құралдар/Оборудование/Equipment:  суреттер,дөңгелектер

Іс-әрекет- кезендері

Этапы    деятельности

Activity stages

 

 

Педагог әрекеті

Действия педагога

Teacher’s action

Балалардің әрекеті

Действия детей

Children’s action

 

Мотивациялық -қозғаушы

Мотивационно – побудительный

Motivationally incentive stage

Жылулық шеңбері:

Қайырлы таң алтын күн     Good morning golden day

Қайырлы таң көк аспан       Good morning blue sky

Қайырлы таң достарым        Good morning my friends

Қайырлы таң мағанда           Good morning and me

Доброе утро золотой день

Доброе утро голубое небо

Доброе утро мои друзья

Доброе утро и мне

Жұмбақ жасыру:

…Жапалақтап жауды,

Жердің бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнеки,кім табады?

-Дұрыс айтасыңдар ,бұл жұмбақтың шешуі:

қар/снег/snow

-Қар қай кезде жауады?

-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Сендер қалай ойлайсыңдар,қар қандай болады?

Өлең шумағын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Қар/снег/snow

Іздену -ұйымдастырушы

Организационно – поисковый

Organizationally exploratory stage

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті -коррекциялаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивно – корригирующий

Reflexively corrective stage

Қардың қандай болатыны туралы табиғаттағы басқа тіршілік иелерінің ойларың білгілерің келе ме?Олай болса мен сендерге М.Гайдың Қар қандай ертегісін оқып берейін.

·        Мәтінді оқу.

Мысалы: Бірде құстар дауласады, олар қардың,кәдімгі қардың қандай болатынын анықтай түседі.Ұшып жүріп сұрақ қояды?

-Қар қандай болушы еді?

-Алтындай жарқырап тұрады,-деп жауап береді таң.

-Көгілдір түсті,- дейді мұнтаздай таза аспан.

-Тастай суық,-деп жауап береді үйрек,тұмсығын қанатының астына тыға түсе.

-Жып-жылы шығар,-деп жауап қатады тауық.

-Жеп-жеіңл!Сондай жеңіл!-деп шу етеді жел.

-Сондай ауыр!Кереметтей ауыр!- деп күрсінеді ағаш бұтақтары.

-Күмістей ,әрине!-деп күлімсірейді аспандағы сұлу да сымбатты ай.

Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді,бірақ олар әртүрлі болып шығады.

·        Мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелеседі.

Сұрақтар қою:

-Ертегіде не туралы айтылған?

-Құстар нені анықтамақшы болды?

-Қалай ойлайсыңдар, құстардың естіген жауаптары неге әртүрлі болды?

Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасау керектігі туралы айтып әңгімелеу.Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсете отырып, ертегіні 2 рет оқып беру.

Сурет бойынша мәтінді 4-5 балаға бір-бірін жалғастырып айтқызу.

Дидактикалық ойын: “Сөзді жалғастыр”.

Әр балаға қағаздан қиылған қар түйіршіктерін таратып береді.

-Қолдарындағы әдемі қар түйіршіктеріне  қарай отырып, қардың қандай екендігі туралы сөздер ойлап көріңдер.

Сергіту сәті:

Қалықтап қар жауды,

Жел соғып,қар түйіршіктері ұшты.

Жел басылды,

Қар түйіршігі жерге қондық.

“Қыс” сөзіне дыбыстық талдау.Бір бала тақтада, қалған балалар алдарындағы қызыл,көк түсті дөңгелектерді пайдаланып орындарында отырып орындайды.

-Қыс сөзінде қанша дыбыс бар?

-Дауысты дыбысты ата.Дауыссыз дыбыстарды ата.

-Қанша буын бар?Неге?

Дидактикалық ойын: “Сөзді өзгерт

-Қыс деген сөздегі соңғы /с/ дыбысын алып тастап,орнына /з/ дыбысын қойсақ қандай сөз болады?

Балалар: қыз дейді.

Тәрбиеші балаларға с дыбысына аяқталатын сөздерді айтады,балалар с дыбысының орнына з дыбысын қойып,сөзді өзгертіп айтады.

Мысалы: Жас-

Қас-

Түс-

Сөздік жұмыс жүргізу.

Қорытындылау.-Мәтін қалай аталады?

-Мәтінде не тураы айтылған?

Сабаққа жақсы қатысып,жауап беріп отырған  балаларды мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді тыңдайды.

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын ойнайды.

 

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзге дыбыстық талдау жасайды

Күтілетін нәтижесі/Ожидаемые результаты/The expected results: Сурет мағынасын,оның мазмұны мен атауы арасындағы өзара байланысын игерілуі;

Жаңғыртады/знать/to know: Қар/снег/snow

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *