Ашық сабақ “Жолда жүру ережелері”


Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

” №6 “Золотая рыбка” бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қозығалыс кәсіпорнының тәрбиешісі:

Муратхан Нургүл

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.

Білім саласы:«Қатынас»

Кіші сала: Экология негіздері

Тақырыбы: Жолда жүру ережелері

Мақсаты: 1.Балалардың  жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Көп тілдік компонент/Полилингвальный компонент : Бағдаршам- светофор—traffic light, жүргізуші-водитель- driver, көше-улица-street

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолда жүру ережелері» атты жол ережелері туралы айтпақпын.

Бағдаршам туралы деректер

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

 

Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

 

  1. ескерту белгілері
  2. басымдылық белгілері
  3. тыйым салу белгілері
  4. міндеттеу белгілері
  5. ақпараттық-көрсеткіш белгілері
  6. қызмет көрсету белгілері
  7. қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар).

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.

Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Жұмбақтар

1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Ысқырықпен түзеткен.

Өміріңді  күзеткен     (Милиционер)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.  (Автобус)

3.Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4.Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.  (Бағдаршам)

5.Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

6.Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Жүргізушілердің ережесі.

1.Көліктерді тек ғана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тратуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға рұқсат етіледі.

  1. Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.
  2. Жүк көліктердің жүк салғышына тұруға, барып қырына отыруға тыйым салынады.

Жаяу адамның міндеттері.

1.Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

  1. Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ қарау керек.
  2. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек.
  3. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

 

Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.

Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді.

Тротуарда жүру тәртібі

1.Тротуардың оң жағын ала жүр.

2.Жүгірме,асықпай адымда.

3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.

4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.

5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.

6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.

7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен жәрдем сұра.

8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпежәне үстіне асылып отырма

Жол жиегі

Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды.

Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз.Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады.Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой.Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.

Қоршаулар

Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.

Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.

Жол қозғалысы ережелерін,нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі.Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *