Өлең «Қазақ елім»


Қалымбетова Ұлбике,18 жаста

Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі

ОҚО,Сарыағаш қаласы

Жетекшісі: Байқұтова Алима Асқарқызы, өзін-өзі тану пәні оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі

Қазақ елім

 

Алаш жұртым ардағым асыл халқым,

Күллі әлемге жетті ғой сенің даңқың.

Ата -баба,  ұрпақ бала жігерімен,

Күн сөнгенше атады бейбіт таңың.

 

Жүз отыз ұлттан құралған тарқамайтын,

Ұрпағың жоқ ел үмітін ақтамайтын.

Көркейіпсің ата- бабам арқасында,

Өркендепсің гүлдене бер, таңданайын.

 

Тәуелсіздікті үлкен ұрпақ арман еткен,

Қасиетті алаш сөзін ұран еткен.

Үш бәйтерек, бес арысым бәрі-бәрі,

Бірігуді өлеңіне қоса кеткен.

 

Бес  ғасырмен елу жыл менің елім құралғанға,

Алғаш рет қазақ сөзі  туылғанға.

Іргетасын көтеріп туын тігіп,

Манғолдардың қарасы қуылғанға.

 

Жеңісіміз жетпіске толды бұл жыл.

Жәй сөз емес тақырып, жәй әншейін құр.

Қанды шапқын қатал жылдар еншісінде,

Талай қазақ мерт болды талай дүл-дүл.

 

Қазақ  елім,

Жыл өтті ғасыр өтті құрылғанға.

Қазақ жерім,

Еуразия кіндігінде туылғанба?

Тұрғындары қонақ жай ашық, жарқын

Қазақ елін бөлей көрші тек өзің нұрыңа Алла!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *