Эссе «Тәуелсіздік тұғырым»


Алексеева Ситора Тулкиновна, 16 жаста

Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі

ОҚО, Сарыағаш қаласы

Жетекшісі: Байқұтова Алима Асқарқызы, өзін- өзі пәні оқытушысы

Оңтүстік Қазақстан «Арыстанбаб» колледжі

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік,  егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңының 1991жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар- ел қорғау соғыстары, ұлт- азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігері, рухы қайтпайтын табандылықты, өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуы тиіс.

            Бұл – еркіндік сүйгіш,  патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.

Тәуелсіздігіміздің жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл президентіміздің жүргізіп отырған парасатты,  көреген саясатының нәтижесі –Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.

             Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауатпен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Ата бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған , біздің алдымызда нығайта түсу міндеті тұр.

             Қазақстан табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен  мұзарт  шыңдары тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні  отшашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, Солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте Оңтүстік батыста Орта Азия Республикалары Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан, оңтүстік шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы -13034км. Қазақстан аумағының көлемі -2млн 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның  Франция , Португалия, Испания ,Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді . Міне қазақ даласы- кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай  АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін тоғызыншы орынды алады.

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы :

                  Атам күйеу болған жер,

                  Анам келін болған жер,

                 Кіндік қаным тамған жер, -деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі  мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносы құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы Елбасымыздың айтқан сөзі :

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат  сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын  жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңселі биіктей беретініне сенемін» ,- деген болатын.

Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «Кішкене отбасымыздан басталатын кең – байтақ ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей  берсін!!!»

          

«Тәуелсіздік қасиетті ұғым»

 

Қане, қайсы ел қазақтай ел болар,

Ұлы егемен, ұлан-байтақ жер болар.

Керей мен Жәнібектен,

Басталды ғой хандықтар.

Есім хан мен Тұрсын хан,

Абылай мен мен Тәуке хан,

Әбілхайыр хандары,

Кенесары ең соңғы,

Ел биледі, хан болды.

Тәуелсіздік таңы атты,

Міне,  ғажап қараңыз.

Ұлан- байтақ даламыз бар,

Ардақ тұтар бабамыз.

Түспесін төмен байрағымыз,

Қалықтап биікке көтерген.

Күн көзіндей нұрын шашқан,

Елтаңбамыз, туымыз.

Кіндік тамған қазақ жерің,

Қорға батыр, қорғағын.

Кем болмассыз бабалардай,

Ардақ тұтар бабамыз.

Қазақ  жерім   қайсардай,

Ар-намысың балтадай.

Қазақ  елі құтты болсын,

Тәуелсіздік күніңмен,

Жиырма бесінше жылыңмен.

Ардақтасын, құрмет тұтсын,

Ұлан-байтақ қазағым.

Жаса  қазақ, жаса қазақ,

Мәңгі жаса өлмегін,

Арқаңда тұр тірегің!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *