Мақала “Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдері”


Екібастұз қаласы Абай Құнанбаев атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ташенева Карлыгаш Крыкбаевна

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. [3]

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылап жүр. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек»? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әртүрлі әдістері арқылы анықталады делінген Б.А.Тұрғынбаеваның «Дамыта оқыту технологиялары» атты еңбегінде [2]

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл поцесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі білім беру ордаларында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.

Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі – кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді. Бұл орайда мен қазақ әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының  «Рафт», «Эссе жазу», «Пікірталас» секілді стратегияларын қолданамын. Сабақ соңында міндетті түрде оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында, белгілі бір тақырып бойынша жоба беріп отырамын. Ол ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы немесе бір өлең, поэма, кейіпкер төңірегінде болуы мүмкін. Тіл үйренуші орыс топтарына өздерінің жеті аталарын біліп келу (ұлтына қарамай), отбасының генеологиялық сызбасын сызу, мақсатына жету жолдары, тіл үйрену үшін не істеу қажет деген секілді сан алуан тапсырмалар беремін. Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Түрлі технологияларды қолдану оқушының білім, білік, тәжірибесін, жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін айқындайды, өткенді пысықтауға, оқытудың нәтижелілігін арттыруда және оқушыны іздендіруге өте қолайлы.

Жалпы оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім және оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Қазіргі таңда іздемпаз оқытушы оқушыға берілетін білімнің мазмұны мен оқушының меңгеру деңгейін анықтай алатындай зерттеуші де болу керек. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар оқушыны 21 ғасырдың талаптарына сай оқытуда өздеріде әрқашан ізденіс үстінде болуы керек. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі ең маңыздысы. Әр ұстаз орыс ағартушысы К.Д.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөздерін әрқашан жадында ұстау керек.[4]

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деп Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей болашақта елдігімізден, еркіндігімізден, егемендігімізден айырылмаудың бір жолы саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу деп ойлаймын.[1]

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. М.Жұмабаев. Педагогика.
  2. Б.А.Тұрғынбаева. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2000. 5 б.
  3. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» стратегиялық халыққа жолдауы.
  4. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы – Алматы «Мектеп» 1984.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *