Толеугалиева Баглан Бектуровна


Аты-жөні:Толеугалиева Баглан Бектуровна

Қызметі:Директордың оқу-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары

Жұмыс орны :Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университеті

Мекен жайы :Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Педагогикалық тәжірибесі:31 жыл

Санаты:жоғары

Толеугалиева Бағлан Бектуровна  35 жылдан  бастап    мұғалімдік салада  еңбек  етіп  келеді.

Болашақ колледжінде көп жылдар еңбек етуде. Қазіргі уақытта 2014

жылдан бастап күні бүгінге дейін колледжде директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет жасайды.

Еңбек еткен жылдар ішінде еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен көзге түсіп, шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Оқушыларының үлгерім сапасы өте жақсы,  берген пәнінен  емтихан, тесттерден  үнемі «үздік» деген бағамен бітіріп келеді. Студенттерге тек орындаушылық шеберлікті ғана үйретіп қоймай, өзінің ұстаздық тәжірибесін де үйретіп, тәжірибелік жұмыстарына жетекшілік етуде.

Республикалық ғылыми конференцияларда бірнеше мақалалары жарық көрген. Облыстық ғылыми конференцияларда, ғылыми республикалық, облыстық әдістемелік  журналдарға мақалалары жарық көрді.

 

Мерзімді  баспасөздердегі  жарияланған  мақалалары:

  • 2000 жылдардан бері бірнеше қалалық, облыстық газет-журнал беттерінде мақалалар жарық көрді. Ғылыми конференцияларға ат салысып қатысқан үшін алғыс хаттар мен сертификаттармен марапатталды
  • 19.2009 жылы «Мектеп психологиясы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Сандық кәсіптік бағыт беру тесті» мақаласы жарық көрді.
  • 02.2009 жылы «Маңғыстау  мұғалімі» журналында  «Болашақ мамандардың кәсіби-құзреттілік деңгейін қалыптастыру мәселелері»  зерттеу мақаласы жарияланды.
  • 11. 2010 жылы «Маңғыстау мұғалімі» журналында «Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері» мақаласы жарық көрді.
  • 03.2011 жылы «Манғыстау мұғалімі»журналында «Өзін-өзі тану пәні адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы» атты тақырыпта мақаласы жарияланды.
  • 11.2011 жылы «Манғыстау мұғалімі» журналында «Білімнің тамыры-бастауыш мектепте» мақаласы басылды.
  • 02.2012 жылы «Мектеп психологиясы»Республикалық ғылыми-әдістемелік журналында «Выявление склонности к агрессии у учащихся» атты мақаласы басылып шықты.

 

 

Еңбек дәрежесінде алған марапаттаулар:

  • 2009-2010 оқу жылдарында «Сапалы білім, саналы тәрбие берудегі жетістігі үшін» мақтау грамотасы, «Іс шараларға белсене қатысқаны үшін» Алғыс хаттарымен маратпатталды.
  • 2010-2011 жж. оқу жылдарында «Жастарды тәрбиелеудегі жемісті еңбегі үшін» грамоталарымен, «Ең үздік дәрісхана» байқауы бойынша мақтау грамотасымен марапатталды.
  • 2011 оқу жылында «Ұзақ жылдық табысты еңбегі үшін» төс белгісі берілді.
  • 2012 оқу жылдарында «Ұзақ жылдық табысты еңбегі үшін» төс белгісі мен марапаттау куәлігі берілді. «Энциклопедия: Лучшие люди Казахстана» куәлігі мен  медалі берілді.
  • 2012 ж. Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияларда «Оқу үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары» атты мақаласы жарық көрді. Ғылыми конференцияларға атсалысып қатысқан үшін алғыс хаттар мен сертификаттармен бірнеше мәрте марапатталды.
  • 2012 ж. Маңғыстау облыс әкімінің құрмет грамотасы.
  • 2012 ж Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясы колледжінің 15 жылдық мерейтойына орай «Оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағында мақаласы жарияланды.
  • 2012 ж. «Білім алушылардың оқу және өндірістік тәжірибелерін ұйымдастыруда әлеуметтік серіктестіктердің рөлі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияның өтуіне белсенділік танытып, озық тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталды.
  • 2012 ж. Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» акциясына колледж студенттерін жоғарғы деңгейде дайындап, белсенділік танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
  • 2012 ж. «Жасөспірімдер арасындағы суицид пен қатерге бейім мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбындағы семинар-тренингті табысты аяқтады.
  • 2013 ж. облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағында «Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің кәсіби қабілеттілігін қалыптастыру шарттары» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2013 ж. «Тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбие психологиясы» атты «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының курсын бітіріп шықты.
  • 2013 ж. Республикалық-ғылыми әдістемелік педагогикалық «Білім кілті» журналына «Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке баулу» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2013 ж. «Болашақ» академиясы колледжінде өткен «Қазақстандағы Білім – тәжірибе шеберлігі және инновациялар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
  • 2014 ж. Республикалық-ғылыми әдістемелік педагогикалық «Педагог» журналына «Оқушыларды отансүйгіштікке елжандылыққа тәрбиелеу» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2014 ж. Қазан қаласы халықаралық ғылыми конференциясының «Инновационные педагогические технологии» топтамасында «Некоторые особенности организации речевой работы в начальной школе» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2014 ж. «Білім беру жүйесінде кәсіби бағытты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының сертификатымен маратпатталды.
  • 2015 ж. «Маңғыстау әдіскері» ғылыми-әдістемелік танымдық журналында «Кіші мектеп оқушыларына халықтық педагогика негізінде эстетикалық тәрбие беру жолдары» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2016 ж. «Маңғыстау әдіскері» ғылыми-әдістемелік танымдық журналында «Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы» атты мақаласы жарық көрді.
  • 2016 ж. Ұлыбританиядағы қашықтықтан өткен халықаралық XI International research and practice conference атты конференциясында «Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың отбасындағы ерекшеліктері» атты мақаласы жарияланды және сертификатпен марапатталды.
  • 2016 ж Польша мемлекетінде өткен халықаралық «Strategiczne pytania swiatowej nauki» атты конференциясының дипломымен марапатталды. «Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру негіздері» атты мақаласы жарық көрді.

Тобымен бірге қалалық, облыстық деңгейде өткізген мерекелі және айтулы күндерге арналған   мерекелік шараларға қатысып, биіктерден көрініп келеді.

Толеугалиева Бағлан тәжірибелі ұстаз ретінде еңбек тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, топ жетекшілермен  және ата-аналармен тығыз жұмыс жасайды.

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *