Баданова Айгүл Бекмағамбетқызы


Аты-жөні :Баданова Айгүл Бекмағамбетқызы

Қызметі: Өндірістік оқыту шебері

Жұмыс орны :Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Мекен жайы :Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 33

Педагогикалық тәжірибесі::12 жыл

Санаты:

Өмірбаян

Баданова Айгүл Бекмағамбетқызы 1970 жылы, 21тамызда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Жаңақала савхозында  дүниеге келген. 1977жылы №187 қазақ орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1987жылы бітіріп шықты. 1987жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық  институтының Алматы филиалына оқуға түседі.1992жылы аталған оқу орнын «Астық сақтау және өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-технолог біліктілігін алып шықты. 2005жылдан бастап №6 кәсіптік лицейге өндірістік оқыту шебері ретінде жұмысқа қабылданды. 2005-2007жылдар аралығында Қызылорда қаласы Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университетінде Химия мамандығы бойынша сырттай оқып, 2007жылы Химия және биология пәні мұғалімі біліктілігін алып шықты.

Лицейішілік «Үздік шебер-2010» байқауына қатысып, Іорынды иеленді. 2012жылы Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары өндіріс шеберлерінің облыстық байқауына қатысып, жүлделі орынды иеленді. 2013жылы «Қазақстан – 2050  стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауынан туындайтын «Кәсіби мамандарды дайындаудағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуда «Өндірістік сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың маңызы» атты баяндама жасағаны үшін, ІІІорынды иеленді. 2012 жылдан  І санатты өндірістік оқыту шебері.  2014 жылы №6 кәсіптік лицей  Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта осы колледжде «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді пайдалану» мамандығы бойынша  өндіріс шебері ретінде қызмет атқаруда.                            Отбасылы, үш баланың анасы.

Марапаттар:Колледжішілік «Үздік шебер-2010» байқауында Іорын алғаны үшін Алғыс хат

2012 жылы Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары өндіріс шеберлерінің облыстық байқауында жүлделі орын үшін  Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының Алғыс хаты

2012 жылы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Алғыс хаты

 

2013 жыл «Кәсіби мамандарды дайындаудағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мәселелері» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуында«Өндірістік сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың маңызы» атты баяндама жасап ІІІ орын иеленгені үшін облыстық білім басқармасының дипломы

Білімдар ұрпақ тәрбиелеп, қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін 2013облыстық білім басқармасының Алғыс хаты

2016жылы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *