«Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану»


                                                         Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту орталығының»

әдіскері

Таңатарова Ақмарал Болысбайқызы

Кіріспе

 Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден  артық тіл қолданатын ортаға түседі.  Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.

Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады

Ойын бала үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру – оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Өзектілігі:Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Мақсаты: Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.

Міндеттер:

– үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;

– баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; – ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;

– мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;

– ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;

– фонетикалық есту қабілетін дамыту;

– ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;

– зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

– айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

 

Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану

 

1.1Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.

Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әігімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.

Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі.
  2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
    әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
  3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді…?», «Мен не
    істерп едім, егер…?» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның дидактикалық   мазмұны    балалардың    алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
  4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
    астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
    Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін    ажыратуға   тәрбиелейді,    оқушы    қиялының дамуына әсер етеді.

Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан – жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра түседі.

1.2.   Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар

Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

  • Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
  • Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
  • Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
  • Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
  • Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
  • Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
  • Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда педагогтар бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да педагогтарға жүктелер міндет жүгі өте ауыр.

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

  • Фонетикалық ойындар;
  • Сөздік ойындар;
  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;
  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
  • Сергіту ойындары;
  • Сан есімге байланысты ойындар;
  • Дидактикалық мақсаттағы ойындар.

Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.

Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.

Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.

  1. Сабақтың тақырыбы: Танысу
  2. Ертегілер әлемінде қонақта болу.Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Дара, I am Боти т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky»)
  3. 2. Буратинада қонақтаСабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрафон» ойыны (Буратино балаларға ойыншық микрафон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).

– Hello.
– Hi.

-What is your name?/ Who are you?

– My name is Айым./ I am girl.

– What is your name?/ Who are you?

– My name is Алмас./ I am boy.

– Good  bye, friends.

– Bye, Буратино What is it?

  1. 2Қуанышты түлкі.Балалармен педагог бетіне түлкінің маскасын киіп алып, амандасады. (Педагог барлық балалармен амандасады, балаларда амандасады)., «Мынау кім?» ойыны бір бала барлық балаларға теріс қаратып отырғызып қояды. Балалар кезекпе-кезек келіп теріс қарап отырған баламен амандасады «Hello, Мадияр», теріс қарап отырған бала амандасып тұрған баланы танып, онымен амандасу керек «Hello, Сабина», бала таба алмаса келесі баламен алмастырылады.
  2. Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы
  3. Аңдар.Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).
  4. Орманды дала.«I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы:«Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»).,  «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).
  5. Сиқырлы орман. It is… лексикасын үйрету. ( It is a snake, It is a monkey деппедагогкомпьютерліпрезентацияжасайды. Балаларпедагогтыңартынанқайталайды.) «Меніңсүйіктіжануарларым» тақырыбындапроектжасау (Флакатқаәдемілепсалынғанорманныңсуретінебалаларормандамекенететінжануарлардыңсуретінжекелепәкеліп It is a bear, fox,  депжапсырады).
  6. 4. I can’t see”

Мақсаты: Зейінді дамыту.

Ойынның барысы: Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады. Балалар көздерін жұмады, ал бір аң «жүгіріп қашады». Қатысушылар ойыншықтың қайсысы жетіспейтінін және қайсысы қалғанын айтып жауап беруі керек.

I can see…

I can’t see…

3.Сабақтың тақырыбы: Сандар

 

  1. “What number  is it?” Бұл қандай сан?

Мақсаты: “Бұл қандай сан?” ұғымын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан қандай заттың және қай санның алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында  “What number  is it?” деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.

  1. 2.       “Clap you hands” –  Қол соғу

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.

Ойын барысы:1-нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

  1. 3.       Apples

Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:

One little, two little, three little apples,

Four little, five little, six little apples,

Seven little, eight little, nine little appels,

All fell to the ground.

Number : (саусақтармен ойын)

One, one, one, little dog runs

Two, two, two, cat see you.

Three, three, three, birds in the tree.

Four, four, four, rats on the floor.

4.Cабақтың тақырыбы: Отбасы

 

  1. My family

Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.

Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.

2.The Finger Family (саусақтармен ойын)

Daddy finger2

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Mommy finger2

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Sister, brother, baby finger2

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

  1. 3«Point to the right flashcard» «Суреттің дұрысын тап»деген ойынын ойнасақ қалай болар екен. Come to me. Look! There are 4 pictures: a mother, a father, a sister, a brother (суреттерді топ ішіне іліп тастаймыз). Өткен тақырыпты қайталау үшін қолдануға болады.Менсендерге: жүгір, ұш, жүз, секірдегенкомандасынбергендеағылшыншаайтылғансөздіңқайсуреткетәнекенінтауып, солсуреттіқолымызбенкөрсетуімізкерек, келістікпе?  Жандос, jump to the «father’ s picture», Сабина – run tо the «mother’s picture», Алишер – fly to the «sister’s picture», Айсана – go to the «brother’s picture». (Ойынды бірнеше рет қайталауға болады).

 5.Сабақтың тақырыбы: Түстер

  1. 1.     Colors

Мақсаты: Өлең оқып беру арқылы ағылшын тілінде түстер аттарын бекіту.Сөздік қорларын дамыту.

Ойын барысы: Педагог балаларға түстер туралы өлеңді өзі оқып береді. Өлеңдегі түстердің аттарын қайталап айтқызады. Содан соң өлеңді балаларға қайталатып айтқызады:

I see green, I see yellow,

I see that funny fellow.

I see white, I see black,

I see this and that and that.

I see pink, I see brown,

I stand up and I sit down,

I see red, I see blue

I see you and you and you!

  1. 2.     Қуыршақтың сыйлықтары

Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.

Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.

Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.What colour is it? Балаларсұраққажауапбереді.It is a balloon. I have  green & yellow balloon.

  1. сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар

 

  1. Boasters

Мақсаты: Ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын бекіту. Сөздік қорларын дамыту.

Ойын барысы: Балаларға өткен тақырыптарға байланысты ойыншық атауларын жылдам және көп айтып жарыстыру.

  1. Eat – don’t eat

Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.

Ойын барысы: Педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды «жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты лақтырып ойнауға болады.

алма – an apple

нан – a break

мәшине – a car

кітап – a book

  1. What is missing?

Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.

Қажетті Қажетті құралдардар: ойыншықтар.

Ойын мақсаты: Кілем үстіне ойыншықтарды қоямыз. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған ойыншықты еске түсіріп, айтады.

  1. Ойыншықтар дүкені«My favorite toy is…?» «Менің сүйікті ойыншықтарым…». Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары туралы айтады «My favorite toy is a car. It is yellow».

 

  1. сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері

 

  1. “Whose birthday is today?” ойыны

Мұғалім балаларға  “One of you has a birthday today. Guess who she is”.

БалаларWhat colour is her hear?

What colour are her eyes?

What is her nose like?

What is she wearing?

What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған үніекенін табу керек. Бұл ойын балалардың ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.

  1. “Let’s fly” ойыны

“Parts of the body” тақырыбын өткенде балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly” ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let’s fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.

  1. Сурет саламыз. Балаларға отбасының бір мүшесінің суретін салуға береміз, сосын олар өздерінің салған суреттері бойынша суреттеп береді «I have a grandmother. She has two blue eyes, red lips, long hair».

 Қосымша ойындар

 Guess the word

Оқушылар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы балалардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, балалар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын жалғаса береді.

Simon says

Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы:

T.: Simon says “Sit down!” (балалар отырады)

T.: Stand up! (балалар тұрмайды)

 “Hot chair” – Ыстық орындық ойыны

  1. Топтың алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 бала шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөздерді айтады. Балалар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған бала ойыннан шығады.
  2. Swimming, dancing, flying деген командалар арқылы орындықтар арқылы балаларды орындықтарымен жарыс өткізуге болады.

“Compare them” – Салыстыру ойыны

  1. Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта.

Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.

Ойын барысы: 1. Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын – қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады a long – a small pencil.

“What’s in my hand?”  Қолымда не бар?

Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, доптар.

Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. Мысалы:What is it?, It is a ball, nuts, stones. Left hand or right hand.

 

Clap the sound

Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту.

Ойын барысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса – бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса – қолдарын шапалақтамайды.

Мысалы: «B»дыбысы – butter, cucumber, brother, cat, mother.

«Өрмекші» саусақ ойыны

Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.

Ойынның барысы: Бірінші ойыншық өрмекшіні көрсетіп: «It’s a spider … spider… spider. It has got many legs. These are legs … legs» деп айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «Legs, spider». Show me your hand. This is a spider. Spider is climbing,climbing, climbing (өрмекшінің қолдары өрмелеп жоғары шығады деп көрсетеміз) and falling down! (төменге қарай құлайды!) Ойын кезінде өрмекшінің жақсы өрмелейтінін, және оқыста құлап кеткенде ол өлмейтінін айта кету керек.

Құрастыру ойыны

Өткен тақырыпты қайталау барысында лексикалық сөздерді қолдана отырып аппликациядан «Құрастыру ойнынын» жасауға болады.

Ойынның барысы: The window is on the wall, the chimney is on the roof. Who lives (is going to live) in this house? What are the parts of the house? Let’s build a modern building деген сөздерді айтып отыруға аппликациядан үйді жасауға кірісеміз.

Педагог. Микки-Маус сенің үйің қайда? Сенің house қайда?

–         Сен менің көз алдымнан жоқ болып кеттің ғой.

–         Терезе қараса. Терезе … window.

–         Мұржаны қазір жөндеп береміз.

–         Мұржа – chimney.

–         Мықты етіп үйдің төбесін жабамыз.

–         Шипырды – roof.

–         Үйдің баспалдағына алашалар төсейміз.

–         Баспалдақтар – stair.

Жасалған суреттері бойынша балалар үйдің құрлысын атап шығады.

 

«Rain, rain, go away» – ойыны

Сергіту сәтінде: Тақпақты саусақтарымызбен, мимка арқылы көрсе отырып, айтамыз, балалар қайталап отырады:

Windy, windy,

Rainy, rainy,

Sunny, sunny,

Cloudy.

Қолымызға балаларды қызықтыру үшін сиқырлы таяқшаны алып сиқырлы сөз айтамыз:

Rain, rain, go away.

Come again another day.

Little Kate wants to play.

In a lovely, sunny day!

Сертігу сәтінде ойналатын ойындар

Сергіту сәтінде: Бір баланы ортаға шығарамызда, қалған балалар одан ағылшын ша сұрайды:

  1. How are you?

– I am fine.

  1. How are you?

– I am good.

  1. How are you?

– I am hungry.

Одан 3 рет сұрағанда оның қарны аш екенін білдіріп, балаларды қуалайды.

Сертігу сәтінде ойналатын ойындар

Сергіту сәтінде: Балаларға айтқанда бірінші (педагог) өзіміз қолымызбен түсіндіріп көрсетіп аламыз, содан кейін, оларға команда бергенде балалар іс-әрекетімен көрсетеді:

One,two,three,four.
Look at the window, look at the door,
Look at the ceiling, look at the floor.
One, two, three, four.

 

Аққала салу ойыны

Сабақты қортындылау кезінде қолдануға боладыАққала саламыз: Snowman: ойын кубик арқылы жүргізіледіБалалар кезекпе-кезек ортаға шығып, кубикті лақтырады, кубиктің түскен бетіндегі сандар бойынша аққаланы жасаймыз.

 

“Magic glass” ойыны

I see… лексикалық сөзін қайталау үшін «Сыйқырлы көзілдірік» ойынын ойнаймыз. Ол үшін көзілдірікті киіп, балаға қараймыз да, айтамыз: “I see Marat” (баланың атын атаймыз), немесе ойыншыққа қарап “I see Micky Mouse”. Көзілдірікті балаларға беріп, олардан сұрау керек: «Marat, who do you see?»

Тақпақты қайталаймыз: One, two three,
Who do I see?

I see  Marat (н/е Micky Mouse)
One, two, three.

 

 

«Лото» – Қажетті суреттерді тауып, оларды картон қағазға жапсыру: жемістер, көкөністер, киім, ыдыс-аяқ, жануарлар, гүлдер, жиһаздар және т.б. суреттер. Ойынға арналған белгілі бір сюжет бейнеленген үлкен карта жасау керек, картаға қажет кішкене карточкалар әзірлеу қажет(әрбіреуінде сюжеттің бір бөлігі бейнеленуі тиіс).

Балалар кішкене кеарточкаларды алып үлкен картадағы бос торкөзге толтырулары тиіс. Балалар карточкаларды кезекпен кезек алады. Егерде қажетті карточка болмаса, оны мұғалімнің қолындағы қорапқа қайтарады. Бұл жарыс – кім бірінші торкөзді жабады деген.

Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар….) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:

–  What is it?

–  It is a crocodile.

–  Have you a crocodile?

–  Yes, I have a crocodile. (No, I have no crocodile.)

«Сурет құрастыр»

Ойын мына жолмен дайындалады: қалың қағазға немесе картонға сурет жапыстырылады. Шыққан қалың картаны бірнеше бөлікке қиып тастайды(6,8,10). Балаларға осы бөліктерден толық сурет шығарып, оны ағылшынша атауға ұсыныс жасалады.

Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар….) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:

–       What is it?

–       It is a peach.

Қорытынды

 Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында,әсіресе шетел тілін  меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда .

Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген  қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек.

Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.

Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері  анық.Балабақшада берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз  дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор.

       Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез – келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл – күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар – ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!

       Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:

а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.

ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылад

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беру  тұжырымдамасы// Қазақстан  жоғары  мектебі. – 2004. – №1
  2. 2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан  халқына Елбасының  жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» – 2007. – 28 – ақпан
  3. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж. 3-5 б.
  4. Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 10-14 б.
  5. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
  6. English. Play and Learn. №7\2006 ж.
  7.  Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б. 40-46 б.
  8. Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения иностранному языку в XX  веке  /Ж.Л. Витлин // Иностр. языки в школе. – 2001. – № 2.- С. 23-29 б.
  9. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е.  Проектная  методика  обучения  английскому языку / И.А. Зимняя, Т.Е. Сахарова // Иностр. языки в школе. – 1991. – № 3. – С. 9-15 ст.
  10.  Мектептегі шет тілі журнал   №1  ( 31)қаңтар-ақпан   2008 ж.10-11 б.
  11. Құлжанова.Н. Ойын  мақсатын талдау  және  ойын  мәні// Қазақстан  мектебі.- 2001.- №1.б.74.
  12. Ахметов Н. К., Хайдаров  Н. Ж. Игра  как  процесс  обучения. – А. Знание. 1985. 48 с.
  13.  Қасенова. Д. А. Шетел  тілін  оқыту  әдістемесінде  коммуникативтік  біліктілікті  қалыптастырудың  артықшылықтары  мен  принциптері. Республикалық  әдістемелік-педагогикалық  журнал  «Мектептегі  шет  тілі»- №1/ 2010 ж. 15 б.
  14.  Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004 ж.
  15.  Коти Т.Ю. Английская азбука, М., 1997 г. 16 с.
  16.  Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001 г. 25 с.
  17.  Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул,  2005 г. 2
  18.  Журнал «Иностранные языки в школе» 2011 г. 30 с.

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *