«Қазіргі кездегі биология оқыту әдістемесінің қиындықтары»


Шижбанова Алия Махметовна

Преподаватель КГКП «Павлодарский химико-механический колледж»

Қазіргі заманның дамуы қарқыны мұғалімдермен шығармашылығымен жаңаша, ғылыми – зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі ізденіс үстіндегі ғалым педагог болуы тиіс.

Бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде дағдыларына байланысты.

Биология пәнннің басқа пәндерден ерекшелігі осы пән арқылы жас ұрпақ тіршілік иелерінің небір тылсым дүниелерін танып біледі. Табиғатты сүюды, қастерлеуді үйрене отырып, өз бойына адамгершілік қасиеттері ұялатады.

Балаларды оқыту мен ойын дамытуындағы арақатынасы – осы кездегі проблемалардың ең маңыздыларының бірі. Ол соңғы жылдары ғылымның ғарыштауы төтенше шапшаң жүзіге асып, өсімдік және жануарлыр әлемінінің объектісі туралы білім шеңбері барған сайын кең өріс түскендіктен ерекше актуалды мәселе болып отыр. Сондықтан мектептің алдында тұрған өте маңызды міндеттің бірі оқытуды ұйымдастыру болып табылады, онда оқушылардың мектепте оқып жүргенде ғана емес, оны бітіргеннен кейін де ақыл – ой жетілдіріп, білімді өздігінен игеруіне мүмкіндік туады.

Оқушылар ойын дамытуында биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор. Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға, бөлек пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғатты құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.

Қазірдегі білім берудегі негізгі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскерлік, өзіндік ой – талғамы бар, адамгершілігі жоғары,

қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың білім сапасын көтеру

мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен технологиялары оқушылардың пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын байқау, қабілеттерін жетілдіруге, білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Жаңа технологияларды оқытуындағы негізгі мақсат – баланың ашылмаған қабілетін ашу, дамыта оқыту белсенділігін арттыру, өзіне деген сезімін арттыру, іздендіру, қосымша пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың қызығушылығын арттыруда, биология сабақтарын оқыту процесінде пайдаланатын әдістердің бірі – қосымша материалдарды жүйелі түрде пайдаланып отыру.

Оқушылардың білімге құштарлығын дамытып, оны толық игеруін қамтамасыз ету әр пән мұғалімнің көп ізденуін, еңбектенуін талап етеді. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің біліміне тікелей байланысты. Оқушылардың өз құштарлығын арттыруды оқылатын материалдарды оңайлату деп түсінуге болмайды. Сабақ, материалдардың негізгі білім нәрін қамти отырып,оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық қорытынды шығару қабілетін дамытатын негізінде ұйымдастырылса, әсерлі болады. Н.В.Левитов «Адам тікелей де, жанама да қатыс жоқ нәрсеге ешқашан да қызыға алмады» деген екен. Сондықтан сабақты өткізу үшін, олардың оқу мақсатына, оқушылардың жас ерекшелігіне, білім дәрежесіне, нені қызықтайтынына сай болуына ерекше назар аудару керек. Орынсыз пайдалынған және шектен тыс көп алынған материалдар оқушыларды жалықтырып, олардың қызығу қабілетін төмендетеді. Дәстүрлі емес әдістері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне байланысты қысқа да қызықты ойындар оқушыларды пәнге қызықтыра түседі.Оқушылардың сабақта алған білімін жетілдіруде, ұлттық мұралық өнерімізді насихаттауда, табиғатты терең танып білуде қосымша білім беруде, өздігінен іздену негізінде өткізілетін көптеген ойын тәсілдерін ертеңгіліктердің алатын орны ерекше.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *